Қош келдің, әз - Наурыз! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қош келдің, әз - Наурыз!
[ · Скачать удаленно () ] 24.09.2015, 09:36
Тақырыбы: «Қош келдің, әз - Наурыз!»
Сынып сағатының мақсаты:
• Оқушыларға « Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру.
• Ұлттық қазынамыз салт - дәстүрлерімізбен, әдет - ғұрыпымызбен таныстырып, рухани байлықты қадірлеп - қастерлеу керектігін түсіндіру, мерекелік көңіл - күйін көтеру.
• Оқушылардың Отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру. Елге, жерге деген
сүйіспеншілікпен бірге, салт - дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
• Балалардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту.
Ашық тәрбие сағатының барысы: - Сәлеметсіздер ме? құрметті ата - аналар, балалар, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің – әз Наурыз» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Топқа бөлу: шашу шашамын, қызыл орамдағы конфеттерді жинаған оқушылар Ітопқа, жасыл орамадағы конфет терген оқушылар ІІ топқа отырады.
- Балалар, міне Наурыз да келді. 22 - наурыз - жыл басы. Наурыз үлкен мейрам.
Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,
Нұрға бөлеп міне жатыр маңайды!
Мал біткеннің бал татыған уызы,
Қуат болып қанымызға тарайды.
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.
«Аман ба» деп мал жаның?
Бірін - бірі құшақтасып сүйеді. – дей келе наурыз сөзінің шығу тарихына тоқтала кетейін.
Наурыз - бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Парсы тілінен аударғанда «нау» - жаңа, «руз»- күн деген мағынаны білдіреді. Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер және т. б. атап өтеді.

Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі 22 - наурыз күніне сәйкес келеді. Наурыз кезінде наурыз - көже дайындалады. Көже жеті тағамның қосындысынан тұрады: арпа, бидай, күріш, қара бидай, сүт, ет, май. Наурыз - көже – мейрамның, көктем келгендігінің белгісі.
Наурыз белгілері:
Наурыз күнгі тағам – “Наурызкөже”
Наурыз күнгі айтылатын ән -“Жарапазан”
Наурыз күнгі жауған қар – “Наурызша”
Наурыз күнгі дыбыс, жылы ағыс – “Әз”
Наурыз күнгі тілекті қабыл қылатын қария – “Қызыр ата”

1. Топпен жұмыс:

І - топқа тапсырма:
Наурыз мейрамында қазақ халықы қандай іс әрекет істемейді?
\оқушылардан сұралады\
• Сапарға шықпайды;
• Ешкіммен ренжіспейді;
• Жаман, блапыт сөздер айтпайды;
• Жаман қылықтар көрсетпейді
• Шаш, тырнақ алмайды
• Іс тікпейді, Кір жумайды

ІІ - топқа тапсырма:
Наурыз мейрамында қазақ халықы қандай іс әрекет істейді, балалар? \Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды.\
Күн мен түн теңеледі
Ренжіскен адамдар достасады

Жақын туыстармен дәм алысады
7 түрлі дәмнен Наурыз көже дайындайды, ат шаптырып, балуан күрестіріп, қыз қуып, қол күрестіріп үлкен той жасайды.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: әз, наурыз!, келдің, қош
Просмотров: 254 | Загрузок: 57 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar