Қош келдің, Жаңа Жылым Қазағыма! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қош келдің, Жаңа Жылым Қазағыма!
24.09.2015, 14:33
Тақырыбы: Қош келдің, Жаңа Жылым Қазағыма!
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Ұлыстың Ұлы күні туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт - дәстүрін, әдеп - ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазатың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
Дамытушылық: Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезім ұялату, өнерін, мәдениетін қастерлей дамыта оқытып үйрету.
Тәрбиелік: Мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағынасына қарай оқушыларды адамгершілікке, елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.
1 - жүргізуші:
Армысыздар қадірлі халайық!
Ақ қар кетіп, қыс өтіп,
Шырайлы шуақ жаз жетіп.
Шаруаның бұл кенелген
Күн мейрамы ежелден
Құтты болсын, бұл Наурыз!
Мұғалім:
Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні - Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып жаңа жыл келді. Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлыс мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!
2 - жүргізуші:
Ілесіп Наурызбен көктем жетсін,
Көңілін үлкен - кіші көкке өрлетсін.
Еңсесі көтеріліп ер - азамат.
Ескі жылмен реніш, өкпең кетсін!- дегендей Наурыз жыл басы құтты болсын!
Қадірменді халайық, кішкентай оқушыларымыздың да тілегіне құлақ салайық. Қане, қошеметтеп қарсы алайық!
1 - оқушы: Айгүл
Уа, жараңдар, жараңдар!
Бәрің бері қараңдар,
Наурыз думан басталды,
Бір сәт зейін салайық.
Ұштасқан оймен мәңгілік
Біздерде бар сан ғұрып,
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жаңғырып.
Бермен жақын тұрыңдар.
Сөзіме көңіл бұрыңдар.
Жауқазындай Наурыздың
Жарапазан жыры бар.
2 - оқушы:
Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Елімнің дастарханына
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата - бабам тойлаған
Наурызым армысың!
3 - оқушы:
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Жас балаша нұрланып,
Жадырасып бәріміз.
4 - оқушы:
Күннің жаңа нұры бар,
Мұның ғажап сыры бар.
Халық сүйген мейрамды,
Қарсы алайық Наурызды!
5 - оқушы:
Наурыз - шыр айналған жылдың басы,
Адамның өлшенеді өмір жасы.
Қазақтың пейіліне жарасады,
Әр үйде дастарханға толған асы.
1 – жүргізуші:
Құрметті халайық!
Біздің өткен жылан жылына еш өкпеміз жоқ. Солай ма?
Көпшілік: Иә, өкпеміз жоқ.
2 – жүргізуші:
Ендеше ең алдымен «өткенге салауат, болашаққа – аманат» дегендей жылан жылын шығарып салайық.
/жылан жылы келеді/
1 – жүргізуші: Оу, мына жұрттың өзіне дән риза, қадамың құтты болды. Саған рахмет жылан жылы! Ал, өзіңнің мына жұртыңа не айтарың бар?
Жылан жылы:
- Мен де халқыма дән ризамын!
Ел іргесі бүлінбей, бейбіт тыныштық сақталды. Лайым солай болғай. Өзімнің орнымды басар жылқы жылына да тілерім сол. Әрдайым бақыт, бейбіт өмір болсын. Бөбектеріміздің жүзінен күлкі арылмасын. Аманшылықта жолығайық! Көріскенше күн жақсы, халайық!
2 – жүргізуші:
Ал, енді Жаңа жыл – Жылқы жылын ортаға шақырайық.

Жылқы жылы:
Айтқаныңыз келсін жылан,
Мен - дағы бір қонақпын.
Он екі айда оралар,
Үлкендерден ақ ниет,
Тілек айтсын балалар.
Уа құдайым оңдасын,
Қыдыр бабам қолдасын.
Келіп жатқан сағынта,
Жаңа жыл бізді жарылқа!
Әумин.
2 - жүргізуші:
Төрлет, Наурыз елімнің бақ - береке, ырыс мейрамы! Жаңа жыл есігімізге жақсылық болып енсін! Қадамыңа нұр жаусын, Жылқы жылы!
Альмира
Жасасын деп шіркін - Наурыз,
Құтты болсын айтты атамыз.
Барлық үйге кіріп шығып,
Барлық үйден дәм татамыз.
6 - оқушы: (Сағыныш)
Наурыз келсе - құт келгені, халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел болып қарсы алайық!
(Ақ әже кебеже киген Наурыз шашуын шашады.)
Наурыз:
Жайнатамын бар гүлді
Сайратамын бұлбұлды
Мейрам етіп бұл күнді
Көрісейік біз енді.
7 - оқушы:
Қош келіпсің, Наурыз!
Арман тойы халықтың,
Қуанышы халықтың
Құтты болсын қадамын!
Сені тойлап қарсы алып,
Бар әлемге жер салып,
Сәлем бердік біз сізге!
1 - жүргізуші:
Ұлыстың Ұлы мерекесі – Наурыз мерекесі де келіп жетті. Жыл басы. Күн мен түннің теңелер шағы. Парсы тіліннен аударғанда «нау»- жаңа, «руз»- күн деген мағынаны береді екен.

2 - жүргізуші:
Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы - жыр аңыз.
Қызып дулы мереке
Қызық думан құрамыз.
Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз.
Ән салайық бәріміз - дей келе орындауында «»
Мұғалім: Жез таңдай, күміс көмей ақындарсыз қазақтың қай тойы өтіп еді?! Біздер тойымызға ақындарды шақырғанбыз.
1 - айтыскер: Алишер
Мінгені сылқымдардың берен екен,
Өнері талаптының өлең екен.
Сұрайын қайыруын айтып берші,
Бірінші жылға кірген немене екен?
2 - айтыскер:
Дүние ойлап тұрсам дұшпан екен,
Өмірде күнәліні қысқан екен.
Айтайын сұрағыңа анық жауап,
Бірінші жылға кірген тышқан екен.
1 - айтыскер: Алишер
Үшқұдығым қыстап отыр ойқораны,
Мереке күнде осындай той болады.
Биылғы жылдың атын айтып берші,
Білгеннен соң тағы да ой толады.
2 - айтыскер:
Адамға құдай берер несібені,
Мына дос қалай - қалай көсіледі.
Біліп ал, мен айтайын мұның жайын,
Биылғы кірген жылын жылқы болар.
Екеуі бірге:
Айтысты аяқтайық осыменен,
Сау болып тұрыңыздар халқым менің.

Енді кезекте өлең шумақтарға тыңдайық.

8 - оқушы:
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйеп жатыр күн көктем.
Жарығымен, шуағымен Күн - Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
9 - оқушы:
Қош келдің, Наурызым ардақты,
Халқым саған бар үмітті арнапты.
Жылда осылай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.
10 - оқушы:
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді, салтымыз
«Көгерсін» деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
1 - жүргізуші:
Балалар жаңа жылды әр халық әр уақытта өзінің салт - дәстүрлеріне байланысты қарсы алады екен. Біз қазақ халқы Наурыз айының 22 - күні қарсы алады екенбіз. Бұл күні мен түн теңелер шағы.
Күн: Сәулесі мол Күнмін
Түн: Жұлдызы көп түнмін.
Бірге: Бүгін біздер бірдей боп
Теңелеміз біз бүгін.
Түн: Ал ертең күн ұзақ.
Күн: Түн қысқарар бірақ.
Бірге: Ұйқы қанбай қалып,
Жүрмеңдер тек, шырақ.
2 - жүргізуші:
Жүріңіздер Наурызда басып аяқ,
Қалыс адам болмасын некен - саяқ.
Ән айтылсын, би билейтін қауым болып,
Уақыт болды тұрмайтын өнерді аяп. «Қазақ биі»
Мұғалім:
Халқымыздың аңыздары бойынша 21 - наурыздың түнінде сағат 3 - те даланы Қыдыр ата аралайды екен. Жаңа күн табалдырықты аттап үйге кіргенде «Жалғыз шала сәуле болмас»деп қос шырақ жағылып қойылады. Ыдыс атаулыны «Ырысқа»деп жеті түрлі тағамға толтырып қояды.
Жыл бойы ырысымыз мол болсын деп тілейді.
(Ортаға Қыдыр ата келеді.)

1 - жүргізуші:
Қыдыр ата ортамызға келіп тұр,
Бізге ақ батасын, ақ тілегін берейін деп.
Сәлем беріп, алақанымызды жайып,
Алайық атамыздың ақ батасын.
Қыдыр ата:
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің.
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле - жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын!
Уайым - қайғы жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!
Әумин
Ән: «Қазағымның дәстүрлері - ай»
Ән аяқтала берген кезде есік қағып, өңі алау - далау алқынып бір бала кіреді. Басында кепеш, үстінде жамау - жамаулы ескі шапан, аяғында қазақы шоқайма етік.
Тазша бала: Оу, амансыңдар ма, балалар, қадірменді аға, әпкелер?! Ұлыстарың оң болсын, қуаныштарың мол болсын!
Оқушы: Айтсын. Рахмет тілегіңе. Бірақ сені танымай тұрмыз. «Мыңның жүзін білгенше, бірдің атын біл»деген бар. Атыңды айт.
Тазша бала: Айналайын - ай! Баяғыда Әйтеке би:
Әкемді сұрасаңыз - жетесіз,
Шешемді сұрасаңыз - некесіз.
Туа салған бір баламын
Тегімді сұрап нетесіз?- деген екен. Сол айтқандай, түптеп келсек бәріңе таныс Тазшаның дәл өзі боламын. Жас қусақ, сендердің аталарыңның аталары маған іні болып келеді. Халқымыз Наурызды тойлап жатыр деген соң тарих қойнауында шындап жата алмай жеткенім ғой бұл. Бай қалпымда келсем танымай қалар деп өзімнің сүйікті киімдерімді киіп шығып едім.
Оқушы: Оу, Тазша бала сұрауға рұқсат ет, жалғыз келемісіз?
Тазша бала: Қайдан жалғыз шығайын. Халқыма асыққан жалғыз мен ғана емес екенмін. Асаларына таянып үш абыз емпеңдеп келе жатыр еді артымнан, ендігі табалдырыққа жеткен шығар.
(Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би есікті ашып кіріп келеді.)
2 - жүргізуші:
Уа, халайық! Өздеріңізбен жүздесуге ақ баталарын беріп, өнегелі өсиеттерін айту үшін ХVІІІ ғасырда ел басына күн туып, етігімен су кешкен заманда халықтың бірлігімен тұтастығына ерен еңбек сіңіріп, түнектен шығар жол нұсқап, көшбасшы болған әз бабаларымыз тауып айтқан Төле би, қазып айтқан Қазыбек би, әділ айтқан Әйтеке би келіп тұр. Бабаларымыздан ұрпақтарына ғибрат боларлықтай бірер ауыз өсиет сұрайық.
Төле би:
Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшысы болмаса ел жетім,
Ұқпасқа айтқан сөз жетім.
Атың жақсы болса ---
Ер жігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса —
Жан мен тәннің шырағы...
Қазыбек би:
Тату болса - ағайын жақын,
Ақылшы болса - апайын жақын.
Бауырмал болса - інің жақын.
Алдыңа татқан адал асын
Қимас жақын - қарындасың.
Әйтеке би:
Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.
Ашу деген - ағын су,
Алдын ашсаң арқырар.
Ақыл деген - дария,
Алдын тоссаң тоқырар.
Кісі біреуге туыспау керек.
Туысқан соң сөз қуыспау керек.
Сөз қуған пәлеге жолығады,
Жол қуған олжаға жолығады.
Мұғалім:
Даналарымыздың асыл сөздерін мұра етіп жанымызда сақтап, үлгі етіп алып жүрейік, балалар.
1 - жүргізуші:
Наурыз тойына жиналған халайық, ойын - тойымызды жалғастырайық. Той тойға ұлассын! Бүгінгі күн салт - дәстүрімізді жаңғыртып, көсегеміз көгерген күн.

2 - жүргізуші:
Айтпақшы, бүгін Төле би ауылындағы _________ әжей бар ғой?!
1 - жүргізуші: Ияяяяяяя
2 - жүргізуші:
Сол әжей немерелі болып жатыр екен. Бүгін сол үйде шілдехана тойы, барып қатысып қаттайық.
Ендеше не тұрыс кеттік әжейдің үйіне.
«Шілдехана» рәсімін тамашалаңыздар.
1 - жүргізуші:
Бөл бөл бөбек бөл бөбек,
Бөлейін бері кел бөбек.
Бедерлі бесік төрт есік,
Төгілте салдым тер төсек.
Бөбешім бесік отауың
Отауыңа кір бөбек.- дей келе Қазыбек би ауылындағы «Бесікке салу»рәсімін тамашалаңыздар.
1 - жүргізуші:
Жаңғыртқан дәстүрімді рахмет елім,
Тербетсін шаттық әні қазақ жерін.
Той бастаған қадамың құтты болсын,
Жалғайтын дәстүрімді бөбектерім.
Әйтеке би ауылындағы «Тұсау кесу»ресімін тамашалаңыздар.
2 - жүргізуші:
Тәуелсіз биік халқымның,
Желбіреп туы шалқысын.
Көктем келіп еліме,
Жер Ана бойы балқысын
Жаңғырар дәстүр - салтымның.
«Қара жорға»биі орындалады.
(Қара жорға биін Наурыз мерекесіне қатысқан балалар, ата - аналар, қонақтар бәрі ортаға шығып қосылып билейді.)

1 - жүргізуші:
Наурыз - шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән салып жастарымыз,
Би билейік бәріміз.
Егін өңін толқытқан,
Елдің көңілін шалқытқан,
Хормен: Бас иеміз саған, Наурыз!
Мұғалім:
Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын.
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Еліміздің несібесі көп болсын!- дей келе, мерекеміздің соңында Наурыз тойының Наурыз көжесінен дәм татыңыздар!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Қазағыма!, жаңа, Жылым, келдің, қош
Просмотров: 263 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar