Қош, сүйікті Әліппе! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қош, сүйікті Әліппе!
24.09.2015, 13:28
Тақырып: Қош, сүйікті Әліппе!

Мақсаты:
1. Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін көрсетуге көмектесу.
2. Мәнерлеп өлең, қара сөздерді айтуға, үйренген білім, білік дағдыларын ары қарай жетілдіруге жағдай туғызу.
3. Оқуға, білім алуға, қоршаған ортаны аялауға, достық қарым - қатынас орнатуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: "Әліппе" макеті, Ы. Алтынсарин портреті, "Балалар шығармашылығы", "Ең алғашқы сабақ, ең алғашқы ұстаз, ең алғашқы баға…" атты сурет көрмелері (фото, суреттер, балалардың "Әліппе" туралы ойлары), шарлар, ленталар, жалаушалар, жұмсақ ойыншықтар, әріптер, цифрлар 1 - 10, техникалық оқыту құралдары, «Алтын кілт», гүлдер.
Әдіс - тәсілдері: "Болжау", "Эссе".
Гимн. Оқушылар кіреді.
Құрылымы: перде жабық тұрады. Сахнада "Ерте, ерте, ертеде…" әуені ойналады.

Жүргізуші: Ал, қанеки, балалар, ата - аналар, құрметті қонақтар! Жайғасып отырыңыздар! "Әліппе".
(Музыка. Сахнада Буратино мен Мальвина билейді. Перде ашылады).
Жүргізуші: Балалар, бұлар кімдер? Білесіңдер ме?
Көрермендер: Бу - ра - ти - но, Маль - ви - на.
(Артемон "Әліппе" кітабын тістеп алып жүгіріп келеді).
Мальвина: Артемон, бұл не? Не көтеріп жүрсің? Бұл кітапты қайдан алдың?
Буратино: Қандай әдемі кітап? Сұраусыз алған сияқтысың ғой өзі.
Артемон үреді.
Мальвина: Буратино, бұл кітапты міндетті түрде иесіне апарып беру керек!
Буратино: Иә, дұрыс айтасың. Кеттік!
(Сахна жабылады).
Жүргізуші: Сөйтіп біздің кейіпкерлеріміз жолға шықты.
(Сахнада көңілсіз, мұңайып отырған балалар. Бірі ойыншық ойнап, бірі жерге қарап, т. с. с. Мальвина, Буратино, Артемон келеді).
Мальвина: Балалар, мына зат сендердікі ме?
Оқушылар: Алақай, кітабымыз табылды!
Буратино: Бұл қандай кітап?

1 - оқушы: Бұл сиқырлы кітап.
2 - оқушы: Жақсы кітап Әліппе,
Үйретеді әріпке.
Қуыршақпен қоштастым,
Әліппемен достастым.
А - дан бастап әріпті,
Теріп маған танытты.
3 - оқушы: Үйретті бізді Әліппе,
42 дербес әріпке.
Сөз, сөйлем құрап әріптен,
Лайық болды дәріпке.
Мальвина, Буратино: Әліппе! Жақсы екен.

4 - оқушы: Келіңдер, қонақ болыңдар. Бүгін біз шексіз қуаныштымыз. Өйткені, алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан сүйікті "Әліппе" – мен қоштасқалы отырмыз.
5 - оқушы: Бар кітапқа бас болған,
Әліппе – ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
Хор: "Әліппе".
Буратино: Балалар, мен де сендер сияқты оқып үйренгім келеді.
6 - оқушы: Буратино, қорықпа, біз саған үйретеміз. Міне, сен аңсаған әріптер де келді.
Оқымақ боп әріптерді,
Ашып едім "Әліппені".
Бұл достарым қызық неткен,
Әріп біткен зытып кеткен.

7 - оқушы: Алматыға "А" бекіпті,
"Ә" – ні Әсет әкетіпті.
8 - оқушы: "Б" болашақтың қаласына,
Түнеп қапты, нанасың ба?
9 - оқушы: Гурьевпен "Г" танысты,
Бетке алыпты "Ғ" ғарышты.
10 - оқушы: Сарарқаның даласында
"Д" тап болды борасынға.
11 - оқушы: Жамбылда жүр "Ж" жайраңдап,
Зайсан барған "З" сайраңдап.
12 - оқушы: "Т" – ның өзі таңдап барған,
Мекені екен Талдықорған.

13 - оқушы: "Қайда?" – десең қалған әріп,
Олар да ауыл, аудан барып,
Еңбек етіп жатыр екен,
Әріп біткен батыр екен.
Мальвина: Біз сендерге жұмбақтар жасырайық. Шешуін таба аласыңдар ма?
1. Тілі бетінде,
Сөз шетінде. (сағат)
2. Шарлап келіп даланы,
Үйіме үйін салады. (қарлығаш)
3. Маң, маң, маң басқан,
Шудаларын шаң басқан,
Бұл қай жануар? (Түйе)
14 - оқушы: Біздің ата - аналарымыз да өте тапқыр.
Буратино: Олай болса, Ұлжамалдың мамасы, мына жаңылтпашты айтып көріңізші.

15 - оқушы: Айта - айта жақ талды,
Қайта - қайта жатталды.
Қайта - қайта жақ талды,
Айта - айта жатталды.
16 - оқушы: Қаштым қатты - ақ,
Ұшты қалпақ.
Балақ сатпақ,
Аяқ батпақ.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Әліппе!, сүйікті, қош
Просмотров: 138 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar