Отанды қорғау басты міндет - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Отанды қорғау басты міндет
24.09.2015, 12:12
Сабақтың тақырыбы: Отанды қорғау басты міндет

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, өз Отанын
қорғай білу керек екенін түсіндіру;
жас ұрпаққа өз Отанымыздың туының мәңгі биікте желбіреуі бабаларымыздың осы бостандық үшін жан алып, жан беріскенінің арқасында екенін айтып түсіндіру;

Көрнекілігі: даналық сөздер, плакаттар, кітаптар көрмесі.

Сабақтың барысы:
І. Кіріспе
Мұғалім:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!Бүгін сіздер мен біздер үшін өте үлкен қуанышты мереке күн.Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мерекесіне арналған «Отанды қорғау – басты міндет» тақырыбындағы тәрбие сағатына қош келіпсіздер. Олай болса еңсесі биік еліміздің құдіретті де, қасиетті қазақ деген халқының сіздердей азаматтары мен азаматшаларын мерейлі мерекелерімен құттықтаймыз! Тәуелсіз еліміздің дамуының қазіргі кезеңінде Президент және Үкімет қауіпсіздік мәселесіне жете көңіл бөліп отыр.

«Қазақстан-2030»Стратегиясында атап көрсеткендей, ұлттық қауіпсіздік ХХІ ғасырда мемлекет дамуының негізгі басымдықтарының бірі ретінде тұжырымдалған. Сондықтан да шекарадағы қауіпсіздік Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің ажырамайтын бөлігі болып табылады. Әр елдің аумағы мен шекарасының болуы –сол мемлекеттің елдігінің ең негізгі белгісі болып табылады. Мысалы, біздің еліміздің мемлекеттік шекарасы 14 мың шақырымнан астам қашықтықты алып жатыр. Бес мемлекетпен, Ресей Федерациясымен, Түркіменстанмен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен және Қытаймен шектеседі. Сондай-ақ, батыста Хазар (Каспий) теңізімен, оңтүстігінде Арал теңізімен шайылады. Соның ішінде Жамбыл облысы оңтүстігінде Қырғыз Республикасымен 716 шаршы шақырымда шектеседі.

Елімізде тәуелсіздік туы желбірегелі 20жыл уақыт болды.Содан бері халықтың береке-бірлігін ойластырып, рухын көтеру және ел еңсесін әлеуметтік тұрғыдан тіктеу ісінде қыруар шаруа атқарылды. Мемлекетіміздің тарихының түпсіз тереңдігін, жер байлығының баға жетпес молдығын, халықтың бейбітшілік сүйгіштігі мен еңбекқорлығын және білімін, білігін дүние жүзі мойындады. Мұның бәрі елдігіміздің ең басты белгілерінің бірі - мемлекеттік шекарамыздың мығым болуына қызмет етуде.
- Бүгін сіздердің алдарыңызда осы мектептің 3-сынып оқушылары, болашағынан зор үміт күттіретін қазақ елінің ұландары, менің кішкентай жас шәкірттерім өздерінің әсем әндерін айтып, тамаша өлеңдерін оқиды, мың бұралып билейді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні орындалады.

1-жүргізуші
Құдірет бар батырлықта, ерлікте,
Тіршілік бар бұзылмаған елдікте.
Жауларменен жағаласып сынға түскен сәттерде
Елімізді, жерімізді сірә қолдан бердік пе?
- Енді елін, жерін, халқын жаудан қорғаған батырлар жайлы жыр жолдарына кезек береміз.

1-оқушы
Абылай, Абылай десе Абылай!
Текті ұлан,
Алқымға қазақты ойлап
Кек тығылған!
Бірлікке қайтсем енді келтірем деп,
Көз салған Көкшетаудың
Көк шыңынан!

2-оқушы:
Басқадан асып туған ер Бөгенбай
Едігедей ел қамын жер Бөгенбай.
Қалмақты қысқа күнде қырық шауып,
Үш жүзге олжа салған сол Бөгенбай!

3-оқушы:
Дарабозым –Қабанбай,
Батыр туған ел үшін.
Жайратқан жауды алыбым,
Батырдың асқан белісің.

4-оқушы:
Кенесары, Наурызбай,
Атағы шықты аңқылдап,
Жауды үркітіп қашырды
Ақ алмастай жалтылдап.
Зәресін алды дұшпанның
Найзағайдай жарқылдап.
Күй: Дина Нұрпейісованың «Тойбастар» күйі тыңдалады.

2-жүргізуші:
Айтып кеткен ақындар
Өз Отанын сүйерін.
Жазып кеткен жазушылар
Тілге арналған тілегін.
- Енді Отан туралы нақыл сөздерімен өлең жолдарына кезек берейік.

5-оқушы: «Отан деген не?» дейсің ұлым
Ол сенің ғұмырлы анаң,
Жөргегіңнен жаныңа сіңіп қалған
Әнің мен жырың маған.

6-оқушы: Отаным - алтын анам бас иетін,
Өлшенер өзіңменен қасиетім.
Кәдеге жатпаса асып бұл өмірде
Бұл жердің керек десең тасы жетім.

7-оқушы: Отаным - асқар тауым, күнімдейсің,
Анамның аялаған гүліндейсің.
Арқамнан әкем болып қағасың сен,
Сен маған анам болып күлімдейсің.

8-оқушы: Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы алғаш көріп қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.
Көрініс: «Ата-бабам аңсаған тәуелсіздік»

9-оқушы: Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген,
Болашаққа, алға бастап жетелер.

10-оқушы Көз тойғысыз қазағымның жері бар,
Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар.
Қазағымның жерін, елін қорғайтын,
Жас жеткіншек, ұланы бар, елі бар!

Ән: « Солдат болам мен ертең!»
Орындайтындар: Арсен, Дамир, Ғалым, Нұрбол.

11-оқушы:
Біз еліміздің білімін, мәдениетін көтеретін азаматпыз. Жаңа дәуір көшін жалғастыруға, халықтың әл-ауқатын арттыруға, еліміздің көркейіп, нығаюына үлес қосуды басты борышым деп санаймын. Осы еліміз бен жеріміздің тыныштықта, бейбітшілікте өмір сүруі де өзіміздің қолымызда.

12-оқушы:
Мен қырандай биікте қалықтаған елдің ұланымын.Тәуелсіздік таңы тілімізді, ділімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді жаңғыртты. Қасиетті Ата Заңымыз қабылданды, егемендігіміздің айғағы аспан түстес азат байрағымыз, гимніміз, гербіміз дүниеге келді.

13-оқушы:
Мен Қазақстан Республикасының азаматымын.Отанымның дүние жүзінде алдыңғы қатарлы, әділетті, өркениетті ел болуы үшін сапалы білім аламын. Жоғары мәдениетті азамат болып, өз Отанымды мәңгі қорғаймын.

14-оқушы:
Н.Ә.Назарбаев ұлттық қауіпсіздікті қапысыз қамтамасыз етіп, қиын кезеңде күрделі келіссөздер жүргізіп, әлемдік қауымдастық алдында Қазақстанның көк байрағының биік желбіреуі үшін өлшеусіз еңбек еткенін төрткүл дүние мойындады.

15-оқушы: Ата-бабаларымыз талай ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздікке қолымыз жеткеніне биыл жиырма жыл болды. Арманы асқақ еліміздің ұлы көшін халқымыздың ардақты перзенті, әлемге әйгілі саясаткер Н.Ә.Назарбаев жарқын болашаққа, кемел келешекке бастап келеді.
Хор: «Қазақ елі»

1-жүргізуші: Көпшілігі кемімей толсын деймін
Барлық елдің басына бақ қонсын деймін.
Келешекте егемен еліміз де, Орта Азия «Барысы»болсын, - дей отырып бүгінгі «Отанды қорғау - басты міндет» тақырыбындағы тәрбие сағатымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.
Сау болыңыздар!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: қорғау, міндет, Отанды, басты
Просмотров: 406 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar