Отаным - Қазақстан - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Отаным - Қазақстан
24.09.2015, 14:08
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Отаным - Қазақстан!»
Мақсаты:
1. Білімділік. Оқушыларға Қазақстан Республикасының рәміздерін, конститутциясы, тарихы туралы мағлұмат беру. Ақыл - нақыл, шешен сөздер, туған жер туралы өлеңдер үйрету.
2. Тәрбиелік. Оқушыларды отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу. Туған жерді қадірлей білу, бағалауға үйрету.
3. Дамытушылық. Оқушылардың Отан, туған жер туралы ой - өрісін дамыту. Өзіндік көзқарасы бар жеке тұлға қалыптастыру. Оқушыны сахна мәдениетіне үйрету.

Көрнекілігі: Плакат, рәміздер суреті, буклеттер, кітаптар, интерактивті тақта.
Жүрісі:
Әнұран «Менің қазақстаным»
Сөзі: Ж Нәжімеденов, Н. Назарбаев
Әні: Ш. Қалдаяқов
Орындайтын хор.

Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді ұстаздар, оқушылар, кеш қонақтары! 6 сынып ұйымдастырып отырған «Отаным - Қазақстан!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Қазақстан - ұлан байтақ кең далам,
Қазақстан - өзіңе арнап ән салам.
Қазақстан - ортақ біздің үйіміз,
Отаным деп бар әлемге жар салам.
1991 жылдың 16 желтоқсаны - еліміз үшін ерекше күн. Өйткені бұл күні қазақ халқы өз алдына дербес мемлекет болуын әлемге жария етті. 1992 ҚР – ның мемлекеттік рәміздері белгіленді. Олар - туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз. Бұл мемлекеттік рәміздер туған халқымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған еркіндік пен бостандыққа қол жеткізгенін көрсетеді.
Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Тағдырдың талай соқпағынан өткен елімізге бүгінде тәуелсіздік алғанына 22 жыл толады. Қазақстанда түрлі халық қол ұстасып, достық жырын жырлап, тыныш, бейбіт өмір сүріп жатыр.(музыка)
Қазақ:
Қазақпыз біз туын биік көтерген,
Туын әсем қыран бүркіт көмкерген.
Құтты болсын мерекеміз бүгінгі,
Жарқын далам, құлпыра бер күнбе - күн!
(Шашу шашылады)
Орыс:
Армысыздар, туған жерім, Отаным,
Орыс деген ұлтыңыз мен боламын.
Өмір сүріп Қазақстан елінде
Достық пенен бейбітшілік ұраным.
Өзбек:
Қош келдіңіз, өнер сүйер халайық,
Жарқын жүзбен сіздерді қарсы алайық.
Құттықтаймын өзбек халқы атынан
Мерекеміз құтты болсын ағайын!
Кәріс:
Кәріс ұлтым, Қазақстан – отаным
Қазақстан елінде мен тұрамын
Құтты болсын тәуелсіздік күні деп өзіңізге арналады жыр - әнім.

Жүргізуші: Бір шаңырақта табысқан,
Дос, бауыр көп туысқан
Отан - ортақ үйіміз
Көңілді ән мен күйіміз.
Біздің бір ғана отанымыз бар, ол - Қазақстан! (Бәрі қосылып)
Ән «Атамекен» Орындайтын хор

1 - оқушы: Менің елім - Қазақстан
Күл әлемге танылған
Желбіреген көк туым бар
Қыран бүркіт самғаған
Батыр ата - бабаларым
Елін жаудан қорғаған
Қазақстан Республикам
Отаным деп мақтанам

2 - оқушы: Қазақ елі, қазақ жері
Дархан таза халық қой
Бүгін міне болып жатыр
Елімізде алып той
Жайнай берсін елім менің
Қазақстан бай далам
Татулық пен бейбітшілік
Орын алған сай далам

3 - оқушы: Тауды көрсең күн көзімен таласқан,
Аспан көрсең ай мен күнге жол ашқан.
Менің байтақ республикам таулары
Менің көгім - мөлдіреген сол аспан.

4 - оқушы: Дала көрсең көкжиекпен ұштасқан,
Көлді көрсең секілді бір түскі аспан.
Менің байтақ республикам даласы
Менің көлім теңізбен қол ұштасқан.

5 - оқушы: Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін
Көрсең ашық Алатаудың күндерін.
Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген
Ұлан байтақ Республикам бұл менің.

Ән «Отаным - Қазақстан»
Көрініс.
Балалар ойнап жүреді. Қария келе жатады.
- Ассалаумағалейкүм, ата!
- Ата, қайдан келесіз?
- Ой, балаларым, аманбысыңдар. Мен туған жеріме келе жатырмын.
-«Туған жер» деген не, ата?
«Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деген. Туған жер деген кіндік қаның тамған, туып - өскен жерің. Оған көрікті, қаншама әдемі болса да басқа жер етпейді. Оның суы да, ауасы да бөлек қой, шіркін! Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
- Өзіңіз тұрған жерде неге өмір сүре бермедіңіз? Сонша шаршап - шалдығып келесіз. (Бір бала су береді)
- Өзге елде сұлтан болғанша өз еліңде ұлтан бол деген. Осы жерде тудым, туған жеріме келіп көз жұмамын.
- Ой, ата, сіз әлі де 100 жасайсыз. Жүріңіз, біздің үйге қонақ боп кетіңіз.
Ән «Қазақстан»

6 - оқушы:
Гүлге толы кең жазық
Күйге толы жота, құм
Жан тербеген жел нәзік
Қазақстан - Отаным
Алтын шашқан сияқты
Жер бетіне нұр таңым
Бар адамға шуақты
Осы менің Отаным!

7 - оқушы:
Отан - сенің ата - анаң
Отан - досың, бауырың
Отан - өлкең, астанаң
Отан - аудан, ауылың.
8 - оқушы:
Бізді өсірер аялап
Отан - қамқор саябақ
Отан ортақ үйіміз
Көңілді ән мен күйіміз.
9 - оқушы.
Бір шаңырақта табысқан
Дос, бауыр көп, туысқан.
Қазақстан - Отаным
Бәрімізді жиысқан.
Көрініс:
Қазыбек би, Қонтажы хан. Қалмақ ханы шәй ішіп отырады. Қазыбек би келеді. (Бала кезі)
- Ассалаумағалейкүм, хан! Рұқсат етіңіз
- Қалмақтың ханына сескенбей кіретін кімсің сен?
- Жаңа үйреткен жас тұлпар
Жарысқалы келгенмін.
Қазақ - қалмақ баласы
Табысқалы келгенмін.
Табысуға келмесең
Тұрысатын жеріңді айт.
Сен - қабылан, мен - арыстан,
Алысқалы келгенмін.
Жас болсам да ел намысы мен бірлеген көксеген қазақ баласымын. Атым - Қазыбек. Отан үшін отқа түссек те туған жерімізді жатқа бермейміз. Сұрапыл соғыстың алдын алып, екі елдің арасына түбегейлі тыныштық ортатуға келдім.
- Әй, Қазыбек! Байқауымша шешен көрінесің. Сен маған мынаны айтшы. Дүниеде не қымбат?
- Алтын ұяң отан қымбат,
Құт - берекең атаң қымбат
Аймалайтын анаң қымбат
Мейірімді апаң қымбат
Асқар тауың әкең қымбат
Туып өскен жерің қымбат
- Ақылы көпті дау алмайды деген. Жас болсаң да ақылың тасыған дариядай екен. Жарайды. Бердім келісімімді.
- Бәрекелді, Қонтажы хан.(Кеудесіне қолын қойып шығып кетеді.)
10 - оқушы:
«Үш бақытым» М. Мақатаев
Ең бірінші бақытым - халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

Ал, екінші бақытым - тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей - кейде дүниеден түңілсем де
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші - Отан деген,
«Кім мықты?» десе біреу Отан дер ем.
Оты сөнген жанғанда жан барсың ба
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

11 - оқушы:
Әуелгі Отан ана алды, оттың басы,
Ауыл алды аунаған шөптің қасы.
Сағынғанда тым ыстық көрінеді
Жазда ойнаған үйшік қып сайдың тасы.

12 - оқушы:
Отан дейміз от жаққан жерімізді
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
13 - оқушы:
Отан дейміз кең байтақ астананы
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Жүргізуші: Енді біздің сыныптың дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалаңыздар.
1 Өзбек биі Каришева Назерке
2 Халық күйі «Тепеңкөк» Орындайтын ансамбль
3 Би «Қара жорға». Орындайтын ер балалар тобы
4. Ән анаға сәлем. Орындайтын: қыздар тобы
5 Жаңбыр биі. Орындайтын Қариполла Жадыра
6. Ән Қазақстан Орындайтын хор
Жүргізуші: Осымен 6 сыныптың дайындаған тәрбие сағатымыз аяқталды. Еліміз аман, халқымыз тыныш болсын!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Отаным, Қазақстан
Просмотров: 150 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar