Отаным деп жыр арнаймын - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Отаным деп жыр арнаймын
24.09.2015, 11:11
Тақырыбы: Отаным деп жыр арнаймын.

Мақсаты: Оқушылардың интеллектуалды білімдерін шыңдау. Отанымыздың басынан кешкен оқиғаларды, сан жылдар бойы еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен ұлы тұлғаларымыз туралы алған білімдерін анықтап, елін сүюге, халқына қызмет етуге тәрбиелеу.
Ұлттық сана, рухтық қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, интерактивті тақта.
Түрі: Интеллектуалды ойын

Сабақтың барысы:
Қазақстан біздің сүйікті - Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары бар. Осының бәрі Алтай менен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп жасанып - жасарып жатыр.
«Отан отбасынан басталады» - деп халқымыз айтқандай Отан кең мағыналы, қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті – оның жарық дүниедегі жансаясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны.
Отанымызды сүйіп, аялау үшін еліміз, туған жеріміз оның тарихы, өткені мен бүгіні жайлы жақсы білуіміз қажет. Осы мақсатт 2 «Б» оқушыларының Отанымыздың тарихын қаншалықты меңгергендіктерін байқап көреміз.
Тауды биік деме сен,
Талаптансаң шығарсың.
Жауды мықты деме сен,
Білімді болсаң жығарсың – дегендей бүгінгі «Отаным деп жыр арнаймын» атты интеллектуалды ойынымызды бастайық.

2 «Б»– сыныбының «Алғырлар» тобы мен
2 «Б» – сыныбының «Тапқырлар» тобы. Бұл білім сайысы 4 кезеңнен тұрады.
1 кезең - Мақал – мәтелдердің жалғасын табу.
2 - кезең Ұлы тұлғалар
3 - кезең Тіл – өнер сайысы
4 – кезең Елеулі мерекелер
Әділқазы, аққазыға бір сәлем!
Әділдікке бас иеді бар әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл! – деп сайыскерлеріміздің білімін бағалау үшін әділқазы алқасын сайлап алайық.
«Алғырлар» тобына:
1. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
2. Туған жердей жерболмас,
Туғанелдей ел болмас.
3. Отансыз адам –
Ормансыз бұлбұл.
4. Ел іші алтын бесік.
5. Отан – оттан да ыстық.
6. Тіл тас жарады,
Тас жармаса бас жарады.
7. Тіліңмен жүгірме,
Біліміңмен жүгір.
8. Ең ащы да тіл,
Ең тәтті де тіл.
9. Аз сөз – алтын,
Көп сөз – көмір.

10. Өнер алды - қызыл тіл

«Тапқырлар» тобына
1. Отан үшін отқа түс күймейсің.
2. Жері байдың елі бай.
3. Отан – қуат,
Отбасы – шуақ
4. Отан — елдің анасы
Ел - ердің анасы
5. Туған жердей жерболмас,
Туғанелдей ел болмас.
6. Піл көтермегенді,
Тіл көтереді.
7. Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ.
8. Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді.
9. Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі ілім біл.
10. Ой қаруы – тіл, Тіл қаруы – сөз.

2 - бөлім -“Тіл - өнер”
(Әр топқа 5 жұмбақ беріледі. Жұмбақтың шешуін тауып, онын орысша, ағылшынша аудармасын айту керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.)
Алғырлар тобына:
1. Сөзі дана, үні жоқ.
Сөйлемейді.
Тілі жоқ.
Қолына алсаң – шешен,
Ақылы асқан көсем. (Кітап - Книга - Book.)
2. Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр – шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді.(Қалам – Ручка - Pen)

3. Балалар жүр көшеде,
Естіледі шу - айқай.
Сен де шықтың, көршіңді
Қағып кеттің байқамай.
Мұндайда не деу керек? (Кешіріңіз - Извините - I` m sorry )
4. Жылт – жылт еткен,
Жылғадан өткен. ( Су - Вода - Water)
5. Күндіз ұйықтайды,
Түнде дамыл таппайды.
Аңға барады,
Сол аңды үйден табады.( Мысық - Кошка – Cat)
Тапқырлар тобына:
1. Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Барлығын қосқанда болады неше саусақ?(Он - Десять – Ten)
2. Сылдыр сұйық су емес,
Ішсең сусын қанады.
Ақ болса да қар емес,
Шешуін кім табады? (Сүт - Молоко - Milk)
3. Алтын ордам өзіңді қия алмаймын,
Бір өзіңнен көп нәрсе қиялдаймын.
Мәңгілік оқушың боп,
Қалуға ұялмаймын. (Мектеп - Школа – school)
4. Анашымдай сыр шерткен,
Оқу – білім үйреткен.
Бір өзіңе бас ием,
Ерекше зор құрметпен.( Ұстаз - Учитель - Teacher)
5. Сырт – сырт соғады,
Уақыттан озады. (Сағат - Часы - O` clock)

3 - бөлім - «Ел тұлғаларын танимыз ба?»
1. Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, Халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. «Баларыма» әңгімесінің авторы?
Бауыржан Момышұлы.
2. Қазақ елі үшін, келешек ұрпақ үшін күрескен от ауызды, орақ
тілді, ақылы асып туған шешен - билеріміз болған. Соның ішінде Нұрлан Оразалиннің шығармашылығынан орын алған Қалың қазақ пір тұтар,
қасиетті үш бабам» өлең жолдарындаайтылған үш тұлғамыз кімдер еді?
Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.
3. 27 шілде1946 жыл, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы,— қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, 1991 жылы 2 қазанда ғарышқа ұшқан, Гагарин ізін жалғаған ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, техника ғылымының докторы. Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров
4. Қазақтың ұлы ақыны,, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Алматы қаласына ескерткіші орналасқан.
«Адам болам десеңіз» өлеңімен, Қара сөздерімен таныс Ұлы Ақын?
Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы
5. Жасынан жетім қалып, Араб елінде құлдықта болып, бірақ өзінің асқан
Жігерлігі арқасында әскербасы боп, кейін патша боп, 17 жыл Мысырда билік құрған, «Жусанда туған жердің иісі бар» әңгімесіндегі басты кейіпкер?
Сұлтан Бейбарыс
6. Қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.
«Қайран Қарасазым ай», «Аққулар ұйықтағанда», «Ақ қайың», « Үш бақытым» өлеңдерінің авторы.
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев
7. Қазақстан республиксының президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
8. Ол алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашқан ұлы ұстаз, педагог. Алғашқы
“Қазақ хрестоматиясы”оқулығының авторы. «Өнер – білім бар жұрттар»өлеңінің авторы.
Ыбырай Алтынсарин
9. Кішкентайынан кітап оқуға құштарлығы артып, тіпті жол үстінде де, бүлдірген тере барғандада койнына кітабын салып, ойын кезінде сол кітаптағы батырлар жырын 7 жасынан бастап жаттаған академик, ғалым. Әлкей Марғұлан.
10. Қазақтың аса көрнекті жазушысы, Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш «Ақбілек», «Қартқожа» романдарының авторы. Жүсіпбек Аймауытов
4 - бөлім - «Елеулі мерекелер»
1. Ұлыстың ұлы күні қашан тойланады? ( 22 наурызда)
2. Қазақстанның Президент күнін ата ( 1 желтоқсан)
3. Ғарышкерлер күні қашан аталып өтеді? ( 12 сәуір)
4. 1 мамыр қандай мереке? ( Халықаралық ынтымақ күні )
5. Ұстаздар мерекесіқашан аталып өтіледі? (2 қазан)
6. Халықаралық әйелдер күні қай күні тойланады? (8 наурыз)
7. 16 желтоқсанда қандай мереке тойланады? (Тәуелсіздік мерекесі)
8. 9 мамыр қандай мереке? (Жеңіс күні)
9. 6 шілде қандай мереке? (Елорда мен Елбасы мен туылған күні
10. Білім күні қашан аталып өтіледі? (1 қырқүйек)

ІІІ. Оқушылар айдары
1 - оқушы:
Әнұраным – жан ұраным,
Айтар әнім – сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраны.
2 - оқушы:
Елтаңбасы елімнің,
Неткен көркем әдемі.
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.
3 - оқушы:
Өзіңдікі – елің де,
Өзіңдікі – жерің де.
Өзіңдікі – өзіңе екен бақ,
Тәуелсіздік төрінде!
4 - оқушы:
Өзіңдікі – Туың да,
От пен ауа, суында.
ЖасаҚазақстаным,
Белдібекембуын да.
5 - оқушы:
Көк аспандай туларың,
Желбірейтін күні бұл.
Елім деген ұлдардың,
Елжірейтін күні бұл.
6 - оқушы:
Отан – осы достарым,
Көңілге мұны түйе біл.
От ан деп өсіп жас жаның,
Оны ардақтап сүйебіл.
7 - оқушы:
Отан – тарих, Отан – тіл,
Жасаған елің, өз халқың.
Отан – өлең, Отан – жыр,
Көтерер көкке ел даңқын.
8 - оқушы:
Отан – сенің ата - анаң,
Отан – досың, бауырың.
Отан – аудан, ауылың,
Отан – өлкең, астанаң.
9 - оқушы:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен –
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
10 - оқушы:
Отан дейміз кең байтақ Астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ, өз үйіңнен басталады.
11 - оқушы:
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкіммен түн тірілген.
12 - оқушы:
Мен қазақпын, биікпін байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айтабергімкеледі, айтабергім.
13 - оқушы:
Қуаныштан қалай кеуде кермесін,
Бұл күнімді бір ғасырға бермеспін.
Ақ түйенің қарны міне жарылды,
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін.
14 - оқушы:
Туған тілім – бабам тілім – өз тілім!
Туған тілім – анам тілі – өз тілім!
Туған тілім – далам тілі – өз тілім!
Туған тілім – адам тілі – өз тілім!
15 - оқушы:
Туған тілде сыры тереңжаны бар,
Туған тілде әнімменен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімдісуырып - ақ алыңдар!
16 - оқушы:
Ең бірінші бақытым – халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің,
Ал, екіншібақытым – тілім менің,
Жас жүректі тіліммен тілімдедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген.
- Кім мықты? – десе біреу «Отан» дер ем
17 - оқушы
Алтын бесік, туған жер, даламменің,
Қанат қаққан ұяңнан балаң едім.
Сырлы сазын жүректің төгейін деп,
Сағынышты сан жылғы ала келдім.
18 - оқушы
Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің – тірегім,
Құшағында гүл атам.
20 - оқушы.
Шығысыңнан арайлы,
Күліп атқан құбатаң.
Сенен бақыт тарайды
Баршамызға Ұлы Отан.
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің сен, Отан!

ІV. «Оқушылар шығармашылығы»
1. Слайдтан оқушылардың жазған шығармалары мен салған суреттері көрсетіледі.
2. «Үздік суретші» мен «үздік шығарма» иесін анықтау.
V. Музыкалық - бейне монтаждарға кезек беріледі.
Хор: «Атамекен»
VІ. Қорытынды: Осымен бүгінгі «Отаным деп жыр арнаймын» интеллектуалды ойынға құрылған тәрбиелік шарамыз аяқталды.
Хор: «Көк тудың желбірегені»
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Отаным, деп, арнаймын, жыр
Просмотров: 188 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar