Отбасы - ол бір мемлекет - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Отбасы - ол бір мемлекет
24.09.2015, 12:18
Отбасы - ол бір мемлекет

Қоғамымыздың ілгері дамуының өзі ғылым мен білімге тікелей байланысты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің екінші съезінде «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. оларды Ата - ана баланы қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелген міндет өте ауыр», - деген болатын. «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»,- дейді Мағжан Жұмабаев. Сонда сол халықтың қаны мен жанын, рухын бойына сіңіреді.

Еліміз егемендігін алып, тәуелсіздік туы биікке көтерілген қазіргі кезеңде бүгінгі ұрпақтың қоғамымыздағы жаңару процесін жүзеге асырудағы жүргізген жұмысы ұшан теңіз. Отанымыздың, қоғамымыздың келешектегі шын жанашыры да, арқа сүйері де осынау жас ұрпақ арасынан шықпақ. Демек, оларды лайықты ізбасар етіп дайындау, тәрбиелеп шығару үшін білім ордаларындағы білім, тәрбие жұмыстарын күшейтіп, ұлттық ұлағаттыққа баулып өсіру міндетті.

Адамзатты тәрбиелеу өте ұзақ және күрделі процесс. Жеке бастың қалыптасуы, оның рухани жағынан дамуы бала кезден бастау алады. Жас шыбық иілуге қандай икем болса, бала да тәрбиені қабылдауға сондай бейім. Ә. Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде 178 оқушы білім алуда. Оның 29 отбасы аз қамтылған, толық емес отбасы 13, көп балалы отбасы 17, тұлдыр жетім оқушы 3. Барлық ата - ана саны 135, оның ішінде жұмыссызы 78, жұмыс істейтіні 44, зейнеткері 3, жеке кәсіпкері 7. Мектебіміңзде арнайы әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына ыстық тамақ берілуде. Барлық ыстық тамақ ішетін оқушы саны 39, 80 теңге көлемінде күніне ыстық тамақ ішуде. Оның сыртында аспазшымыз Оразбекова Сауле 10 оқушыларға өз демеушілігімен ыстық тамақпен қамтамасыз етуде.

Отбасы - ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі, өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, басқару тәртібі, міндет - қызмет бөлінісі, кіріс - шығыс бюджеті, қасиеттеп, қастерлеп ұстанатын рәміздері т. б болмыс - тіршілік жақтары болады. Адамдардың жақсы өмір сүруі отбасы құрамындағыларға байланысты. Сондықтан отбасы құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар - намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерінің бір - біріне адал, қамқор болуына тәрбиелеген. Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз — ата - ана.
 адамгершілік
 бауырмалдық
 татулық
 қайырымдылық
 әдептілік
инабаттылық сияқты Жанұяда жақсы қасиеттер балаға сөзбен, үлкендердің үлгісімен сіңеді, дамиды:

Баланы жақсы тәрбиелейтін құрал - еңбек. Сондықтан ата - аналар баланы жастайынан еңбекке баулу керек. Сәл ғана қолынан келетін нәрсесі болса, көңіл бөліп дарынын, талабын тыңдауға ықпал ету қажет. Ата - бабамыздың тарихын, салт - дәстүрін үнемі құлаққа құйса, ұлы Абайдың бес асыл ісімен дос(талап, еңбек, терең ой, қанағат рахым) болуын, бес дұшпанмен (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек бекер мал шашпақ) қас болып жүруін айтып отырса, бала оң бағыттан таймайды. Қазір ұл қыздың тәрбиесіне кері әсер ететін жат әдеттер өте көп. Ең бірінші баланың қалыптасатын ортасын бақылап отырған жөн. Бала тәрбиесі ешқандай үзілісті бір сәт те назардан тыс қалдыруды қаламайды.
 өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызу
 оның үйренуіне көмектесу
 берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындалуын төзімділікпен бақылау
 істеген ісін ұқыпты, тындырымды орындауына бағыт беру
 жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіру

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Ол, Мемлекет, бір, отбасы
Просмотров: 202 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar