Отбасым – алтын діңгегім! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Отбасым – алтын діңгегім!
24.09.2015, 13:40
Ақшұқыр мектеп – лицейінің мұғалімі Нуржанова Гульден

Тақырыбы: «Отбасым – алтын діңгегім!» (7 сынып)
Мақсаты:
а) «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету;
б) отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;
в) отбасы тәрбиесінің мән - мағынасын ашып көрсете отырып, ұлттық салт – дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.

Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Шаттық шеңбері
III. Отбасы деген ұғымды қалай түсінісіңдер? Сұрақ – жауап
IV. Отбасы туралы баяндама
V. Әке және ана туралы баяндама, өлең шумақтары
VI. Топтық тапсырма «берекелі отбасы» схемасы
VII. Ұлағатты сөздермен таныстыру
VIII. Сурет арқылы Абай Құнанбаевтың қарасөзін жатқа айту
IX. «Қызым саған айтамын...» айдары
X. Отбасы туралы бейнеролик
XI. Сұрақ – жауап
XII. Көрініс «Байлық, табыс, сүйіспеншілік»
XIII. Шығармашылық жұмыс «Отбасы құндылықтары»
XIV. Толғаныс
XV. Сауалнама
XVI. Қорытынды

Жүру барысы
I. Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, қадірменді ата – аналар мен оқушылар! Бүгінгі «Отбасым – алтын діңгегім» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан - жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым - қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата - бабасының салт - дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата - ананың ең маңызды міндеті.
«Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.

II. Оқушылар біздер қазіргі таңда осы сыныпта кішігірім отбасымыз осы отбасының бақытты екендігін білдіру мақсатында шаттық шеңберін құрып, бір – бірімізді жылы лебізбен таныстырып өтейік
Оқушылар қолындағы жүректі бір – біріне атының бас әрпінен басталатын жылы сөздермен атап жалғастырады.
Мысалы: мейірімді Мөлдірмін, ізетті Інжумін, ақылды Ақжарқынмын т. б.

III. Жүргізуші: жарайсыңдар орнымызға жайғасайық!
Оқушылар жалпы отбасы деген ұғымды сендер қалай түсінесіңдер?
Отбасы деген не?
Отбасы құрамы деген кімдер?
Отбасының адам өміріндегі маңызы қандай?

IV. Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар. Ендеше сендердің ойларыңды толыққанды жеткізіп анықтау үшін мына баяндамаға зер салып тыңдаңыздар?!
Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.
Отбасының маңызды сипаты - оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады.

V. Жүргізуші: енді кезеңде осы отбасы мүшелерін біртіндеп баяндап айтатын құрдастарыңның баяндамасы мен өлең шумақтарын тыңдап, тамашалайық?!
Әке – асқар тау
Болаттай берік, құрыштай қайсар рухы бар әкенің өз перзентіне көрсетер үлгі - өнегесі мол. Отбасының, балалардың, әке – шешесінің қамын ойлап, туған – туысқа көмек жасайды. Шығыс халқы “Әкеден артық арман жоқ, әкеден артық қорған жоқ, әкеден артық дана жоқ, әкеден артық пана жоқ” деп әкені айрықша дәріптеген.
Дін мұсылман жолында Әкені құрметтеу – айрықша парыз.
« Әкеге бағыну – Аллаға бағыну. Оның алдында күнәһар болу – Алла алдында күнәһар болу» дейді Пайғамбарымыз.
Әкеме
Асқар тау әкешім бар, сүйенішім,
Ізгілік, адалдықты сүйеді шын.
Қабақ шытса балалық қылығыма,
Ешқашан болмақ емес ренішім.
Ойлайды әрқашанда бала қамын,
Көремін аялаған алақанын.
Әкемнен алған асыл қасиетті,
Елімнің керегіне жаратамын.
Жарайсың, ия әке орны қашанда отбасында ерекшеленіп тұрары сөзсіз. Ал ана туралы баяндаманы кім айтады?
Ана – аққан бұлақ
Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан «Ананы» ардақтамайтын халық та жоқ. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймай, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана. Олай болса Ы. Алтынсариннің бала ұғымына лайық тілмен ананың қадір – қасиетін жүрекке жылы етіп жеткізген «Ананың сүюі» деген өлеңін тыңдалық.
Кім сендерді балалар, сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
Кім сендерді балалар, тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең.
Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,
Хат жазып, тұр ұмытпа, төбесі көкке жетсін.
Кім сағынар сендерді, келгеніңше,
Құлындарын көзімен көргенінше?
Сендер қайтып келгенде адам болып,
Еш арманым болмас дер өле - өлгенше.

Жүргізуші: Барша анаға тән қасиет осындай, балалар. Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады. Ананың баланы қаншалықты шексіз сүйетінін білдіретін көңілсіз мысал. Ата - ананың үміт - арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың бар тілеуі балаға бағышталған.
Бала – бауырыңдағы құрақ
Ата - анасыз өмір жоқ, яғни адам жоқ. Демек ата - ана өмірінің жалғасы – бала. Бала – ата - ананың бауыр еті. Баланың кісілік келбетін қалыптастыратын ортасы – өзінің ұшқан ұясы. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»,- дейді халқымыз. Айналадағы адамдарды сыйлау ата - ананы құрметтеуден басталады. Әке - шешесін, бауырларын қадірлеп, құрметтей алмаған адам өзге ешкімді сыйлап та жарытпайды.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Алтын, діңгегім!, отбасым
Просмотров: 467 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar