Отбасым және мен - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Отбасым және мен
24.09.2015, 11:55
Тақырыбы: Отбасым және мен.(сайыс сабақ)
Тәрбие сағатының мақсаты: Ұрпақ тәрбиесінде ата - бабамыздың ұстаған жолын, баланың отбасындағы орнының жоғары бағалағандығын паш ету, бала тәрбиесіне байланысты салт – дәстүр, мақал – мәтелдер, нақыл сөздерді пайдалана отырып оқушыларды үлкендерді сыйлауға, кішіге көмектесуге, өзара сыйластыққа, адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
Мұғалім: Балалар, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Отбасым және мен»деп аталады. Сабақ барысында біз отбасы, адамға ең қымбат, ең жақын адамдар туралы, олардың мейірімділігі, сүйіспеншілігі туралы, имандылығы туралы сөз қозғаймыз.
«Адамзаттың бәрін сүй бауырым»- деп ұлы ақын атамыз Абай айтқан екен. Адамзат – бүкіл адам баласы деген сөз. Адамды сүю адам танудан басталады. Адам тану – адамзат арасындағы қарым – қатынас мейірімнен басталады.
Ал адамға деген сүйіспеншілік, мейірімділік қайырымдылық – ең әуелі әркімнің отбасынан басталады. Әр үйдің ішіндегі адамдар сол отбасының мүшелері болып саналады.

Жүргізуші:
Армандарым көп менің,
Атқарамын деп келдім.
Оқып білім, ғылымды.
Өнер табам деп келдім.
Үйренген соң білімді,
Сайысамыз деп келдік.

Сайыс түрлері:
1) Таныстыру.
2) Өнерлі өрге жүзеді.
3) Сөзден сөз құрастыру.
4) Кім көп мақал – мәтел айту.
5) Жұмбақ шешу.

Жүргізуші:
Ақ көңілмен, ниетпен,
Әділ баға берсін деп,
Шаршамай, еш жалықпай,
Айтқаныңызға көндік деп,
Әділқазы алқасын,
Сайлап алсақ жөн болар. /Әділқазыларды сайлау/

1 - сайыс: Таныстыру
Жүргізуші:
Отбасыларын таныстыру.
Көңілге түй сен, мұны
Әр бүлдіршін ел гүлі.
Бақытты елде тұланың,
Есіміңнен белгілі - деп отбасыларға өзін таныстыруға кезек берейік.
(Сайысқа қатысатын отбасы өзін таныстырады)
2 - сайыс
Жүргізуші:
Өнерлінің қолы алтын
Өнерсізден қашып жүр.
Өнермен үлгі шашып жүр
Өнерді көп білетін дана, болар,
(Сайыскерлер өз өнерлерін көрсетеді)
3 – сайыс:
Жүргізуші:
Қатыссаңдар көтерер көңіл күйін,
Ойынның ойнайсыздар неше түрін.
Сөздерден көп жаңа сөз құрап шықса,
Мақсатқа жетеміз – ау біз де бүгін. (Алтыбақан сөзінен сөз құрастыру)

4 - сайыс. Мақал - мәтелдер оқу.
5 - сайыс. Жұмбақтарды шешу.
Қорытындылау.(Әділқазылар жеңімпаздарды марапаттайды)
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Мен, және, отбасым
Просмотров: 150 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar