Отты жылдар жаңғырығы - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Отты жылдар жаңғырығы
24.09.2015, 15:16
Тақырыбы: Отты жылдар жаңғырығы

Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Әдісі: Музыкалық – әдеби қойылым
Көрнекілігі: «Әр қашан күн сөнбесін» тақырыбына салған суреттер көрмесі, батырлық туралы нақыл сөздер, батырлар портреті, бейне фильм.

Кіріспе: (тақтада нақыл сөздер ілулі тұрады)
1. Отан үшін отқа түс - күймейсің.
2. Ерлік – елдің қасиеті,
Жүректілік – жігіттің қасиеті.
Б. Момышұлы
3. Адал адам Отанын сүйеді. Адал, ақ жүрекке Отан анасындай. Отанның дегенін істеу – қуаныш, мақтаныш. Отанға деген махаббатты бізде өлшеуге болмайды.
Б. Бұлқышев
Қыз бала: Ардагер аталар!
Ұл бала: Ардақты әкелер!
Қыз бала: Абзал ағалар!
Ұл бала: Асыл аналар!
Екеуі қосылып: Баршаңызды! Баршаңызды!
Қыз: 7 – мамыр – Отан қорғаушылар күнімен…
Ұл: 9 - мамыр – Ұлы Жеңістің 60 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Негізгі бөлім:
1 - оқушы:
Жеңіс күні
Ойлап - ойлап тұрдым көп,
Сауал бердім білгім кеп:
- Қуанышты мереке –
Жеңіс күні қай күн?- деп.
Атамнан да сұрадым,
Әкемнен де сұрадым.
Ағамнан да сұрадым,
Апамнан да сұрадым.
Тосты бәрі құлағын:
- «Дұрыс» -
десті, – «сұрағың!»
Бейбіт күннің бәрі де
Жеңіс күні, шырағым!
(Қ. Жұмағалиев)
Бүгін біздің ортамызда Ұлы Отан соғысының ардагерлері … отыр (арда герлер сөз сөйлейді.)

2 - оқушы:
Арылтып жаудан жерімді,
Табанға жаншып өлімді,
Жеңіспен желпіп өмірді,
Оралды ерлер көңілді,
Десеңдер бұл қай күні –
Бәрі қосылып: Тоғызыншы мамыр күні!
(Д. Әбілев)

3 - оқушы:
Алақай – ай, Әйгілі
Тоғызыншы мамыр бүгін.
Алғаш күні шаттықтың,
Соңғы күні қайғының.

4 - оқушы:
Ұлы кешке сенген күн,
Фашистерді жеңген күн.
Қырмызы гүл, қызыл гүл,
Құшақтарға енген күн.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: жылдар, Отты, жаңғырығы
Просмотров: 199 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar