Қозғашы бір әңгіме ауыл жайлы... - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қозғашы бір әңгіме ауыл жайлы...
24.09.2015, 09:53
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Абай атындағы орта мектебі
Тарих пәнінің мұғалімі Мусаева Камшат

Ашық тәрбие сағатының жоспары
Тақырыбы: «Қозғашы бір әңгіме ауыл жайлы.....»
Мақсаты: Өз ауылымыздың тарихын, мәдениетін терең білу, туған топырағымыздан шыққан өнер адамдарын құрмет тұту, білгенімізді ортаға салып, топқа бөлініп, білімімізді бәсекеге салу.
Көрнекіліктер: Слайдтар, қоржын, асық, ауыл көрнісінің суреттері, кітаптар, журнал, т. б.

Тәрбие сағатының жүрісі:
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Биыл Астананың 15 - жылдығы, облыс және ауданымыздың 40 - жылдығы екені белгілі. Бұл – үлкен дүбірлі мереке. Міне, сол тойдың беташары ретінде «Қозғашы бір әңгіме ауыл жайлы.....» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.

Пенде шіркіннің бәрі асқақ, бәрі тәкаппар ғой. Ешкімге, ештеңеге басын иіп, кеудесін бастыра қойғысы келмейді. Өйткені, қай - қайсысы да риясыз махаббаттан жаралып, пәк арманның жетегіне ілесіп ер жетіп, игі тілеудің соңында тіршілік кешіп жүр. Сөйткен шалқақ бас, шалқар көңіл неменің де аяғын тартып, басын иіп өзін төменшік ететін екі күш бар. Бірі - Жер - Анасы, екіншісі - өз Анасы. Анасы дүниеге өзін әкеліп, мынау жер бетіндегі азғантай тіршіліктің ырыздық - қуанышына ғана ие етіп қоймай, күллі өзіне дейінгі жинақталып қалыптасқан рухани еншілес етсе, Жер анасы бабасынан бастап бүкіл халқын жаратып қалыптастырып, орнықтырып, осынау ұлан - асар әлемнің қия тартар көрінісінің көңіл тартар құбылысының ой ширығып, сана серпілер мән мағынасының біріне айналдырады. Сондықтан да болар, адам туған анасына қандай өзегін үзсе, туған жеріне де сондай өзегін үзеді. Оның алдында амалсыз ешкімге имейтін асқақ басын сол екеуінің алдында иеді,- дейді заманымыздың заңғар жазушысы, Маңғыстау топырағынан шыққан қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев.

Бүгінгі тәрбие сағатымызда 2 топ сайысқа түседі, олар:
«Мұрагер» және «Бейнеу қырандары»
Бейнеу ауданы 1973 жылы наурызда құрылды. Аудан Атырау, Актөбе облыстарымен және Қарақалпақстан, Түркменстан мемлекеттерімен шектесіп жатқан, тоғыз жолдың торабында орналасқан. Кеше құмның ішінде тұрған шағын ғана елді мекен бүгінгі күні әдемі түрге енген. Алдымен ауданымыздың бүгінгі келбетіне көз жүгіртіп, экранға назар аударайық(бейнетаспа көрсетіледі).

Кіріспе бөлім. Викториналық сұрақтар.
Зер салып, көңіл бөліңіз,
Келесі сұрақ - жауап бөліміміз.
1. Маңғыстау облысы қай жылы құрылды(1973. 20. 03)
2. 1990 жылға дейін Маңғыстау қай облыстың құрамында болды(Атырау)
3. Бейнеу ауданында қазақтармен қатар қандай ұлт өкілдері тұрады(орыс, татар, украин )
4. Ауданымыздағы елді мекендерді ата(Ақжігіт, Тұрыш, Есет, Төлеп, Қызыләскер, Сыңғырлау)
5. Ауданда 1985ж 1. 07 бастап шығатын газетті ата(«Рауан»)
6. Бейнеу облыс орталығы Ақтаудан қанша шақырым қашықтықта жатыр?(500км)
7. Маңғыстау облысының жалпы көлемі қанша және Қазақстанның қай аймағында орналасқан?(ҚР - ның оңт - бат. Көлемі 16, 7 млн га )
8. Бейнеу ауданының жер көлемі қанша?(4, 05 га)
9. Қазіргі кезде аудан әкімінің қызметін атқарып отырған кім?(Б. Әзірханов)

Негізгі бөлім:
Мұғалім: Бейнеудегі қандай тарихи - мәдени ескерткіштерді білесіңдер?
Оқушылар: Ескі Бейнеу қорымы, Амантұрлы, Асалы - Көкетай, Көркембай мешіті, Асау - Барақ т. б.
Ел тарихы ұрпақ үшін маңызды,
Өткен күннен айтайын бір аңызды.
Асалы - Көкетай, Бекет Ата туралы аңыздар айтылады.
Маңғыстау сынды өлкенің арманда кеткен ғашықтары Құрымсы мен Кежек, Ақшора мен Белтұран, Асалы мен Көкетай, Қаработа мен Дөңқара, Ақбөбек пен Қайып сынды ғашықтар туралы ел аузындағы деректер мен аңыздар өте көп. Солардың бірі Асалы - Көкетай туралы аңыз айтылады.
Бекет Ата жас кезінде тағдыр таршылығымен әртүрлі күнкөріс үшін жақсылы - жаманды қаракеттер істесе керек. Бір сапардан келе жатса, өзеннен өтер кезде су ішінен әуелі бір саусақ көрінеді. Кейіннен бес саусақ көрінеді. Ол батып кетіп, артынан отыз саусақ көрінеді. Мұны Бекет Атадан басқа ешкім көрмейді.
Бекет Ата ауылына келіпті. Сапарда көрген құбылысты әйеліне жорытыпты. Бір саусақ – бір Құдайды біл, бес саусақ – бес уақыт намазыңды, отыз саусақ – отыз күн оразаңды ұмытпа,- дегені депті әйелі. Бекет Ата өзге қаракеттерінің бәрінен тыйылып, ізгілік, имандылық жолға ендігі жерде біржола беріліпті.

Мұғалім: Өсімдік пен жануарлар әлемі,
Туған жерім, табиғатың әдемі!- деп біздер енді ауылымызда кездесетін жануарлар мен өсімдіктер әлемі туралы сөз қозғаймыз. Оқушылар өздері дайындаған гербарий және өсімдіктерді көрсетіп(жусан, адыраспан, сексеуіл), солар туралы мағлұмат береді.
Соңғы бөлім: Оқушылар Бейнеудің үш арысы У. Қайралапов, Жаманбаев, Жылқыбаевтың өлеңдерін, естеліктерін айтады.
Уәйіс Қайралапов «Үстіртте»
Үстірттің барып, көрдің бе
Тақтайдай тегіс даласын.
Өміріне мән бердің бе
Көргенде қайран қаласың.

Мезгілдің өзі бастайтын -
Әрбір жылдың көктемі
Табиғат кілем тастайтын
Айнала тегіс көктеді.

Кілемді қайтсің, батпақ шөл
Шапшаң – ақ жинап алтын
Телміріп, жалпақ құба бел
Сарғаятын да қалатын.

Қаржаубай Жылқыбаев «Көрісерміз көктемде»
Атамекен ежелден –
Сыңғырлаудың баласы.
Кімдерге қоныс болмаған
Сайы менен саласы
«Елім» деп мұнда ержеткен
Қазақтың талай баласы.
Небір абзал жігіттер
Халқының болған панасы

Әбдібек Жаманбаев «Пана да бола біледі»
«Бала ғой» дейміз баланы,
Ат та жоқ басқа беретін
Баладан өсер – дананы
Көзде жоқ бізде көретін
Бір күні жайнап сол бала,
Елдің шықса көгіне.
«Бала ғой» дейміз сонда да,
«Дана деу» артық көріне!
Оянып асыл армандар,
Ұйқысыз мәңгі өтер – ау.
Еліне бала болғандар,
Пана да болар екен - ау.
«Мақал - сөздің мәйегі» дейді дана халқымыз. Олай болса 2 топ мақал - мәтел айтып жарысайық. Мақал - мәтелдер туған елге, жерге байланысты болуы керек.

Қорытынды сөз:«Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет етуден жалықпа»- дейді Б. Момышұлы. Демек біз еліміз үшін ештеңеден аянбауымыз керек екен.
Міне, балалар, бүгінгі тәрбие сағатында ауданымыздың тарихы, өсімдігі мен жануарлары, ақындары туралы біраз мәлімет алдық деп ойлаймын. Бұл әлі де аз. Сондықтан мәліметтерді толығырақ білгіміз келсе мына кітаптарды оқуға ұсыныс беремін.
Шадманов Бақытжан. Ән «Бейнеу».
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Қозғашы, әңгіме, Ауыл, жайлы..., бір
Просмотров: 199 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar