Пайғамбарымыздың (с. а. с.) өсиеттері - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Пайғамбарымыздың (с. а. с.) өсиеттері
24.09.2015, 11:28
Дөңгелек үстел
Тақырыбы: Пайғамбарымыздың (с. а. с.) өсиеттері

Қатысатындар: 8 - 9 - сынып оқушылары
Мақсаты: Тәрбие ерекшеліктерінің хадистегі көрінісін оқушыларға таныстыру; Отбасындағы балаларды тәрбиелеудегі хадистердің мазмұнын насихаттау; Өмірдің қиыншылықтарына төзе білу, алдағы уақыттан үмітін үзбеу, қолдағы барды қадірлеуге үйрету;
Әдісі: Пікірлесу, ой бөлісу, сұрақ - жауап, ой тұжырымдау
Бөлімдері: 1. Кіріспе сөз (Қоғамдағы болашақ ұрпақ тәрбиесі жайлы)
2. Негізгі бөлім (1. Пікірлесу. 2. Сұрақ - жауап)
3. Қорытынды. (Өскелең жас ұрпаққа айтар кеңес)

І. Кіріспе сөз.
Адам жаны - Алла Тағаланың бір бөлшегі. Өйткені, ет пен теріден жасалған тәндегі рухты Тәңіріміз өзінен алып үрлепті деседі. Ал біздің Конституциямыз «Мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі» деп басталады. Ендеше сол қымбат қазынаны көзіміздің қарашығындай етіп қорғау әрбір аза - маттың алдындағы, сондай - ақ жалпы қоғамның алдында тұрған өзекті мәселе.
Еліміздің дербес мемлекет ретінде дамуы қоғамның болашақ ұрпақтарын ұлттық ерекшеліктермен тәрбиелеуді қажет етеді. Ата - бабаларымыздың халықтық тәрбиесінің нәтижелі болуы ислам дінімен байланысты десек қателеспейміз. Сонымен қатар Пайғамбарымыздың (с.а.с) хадистерінің мазмұны да тәлім - тәрбие беру жолындағы зор мүмкіндігі бар құрал болып отыр. Хадисті Мұхаммед пайғамбардың тірі кезіндегі айтқан өсиеттері мен ақыл - кеңестерін, әдеп - иманға үндейтін асыл сөздерін, дұрыс өмір сүруге бастайтын жол, үлгі - өнеге деп түсінеміз. Пайғамбарымыздың хадистерінде адамзат әрекетінің барлық түрлеріне қатысты насихат - өсиеттер, соның ішінде бала тәрбиесі, отбасындағы тәлім - тәрбие, ата - аналардың балаларымен және өзара қарым - қатынастың әр қыры қарастырылады.

ІІ. Негізгі бөлім.(Пікірлесу)
Олай болса, хадистен үзінділер келтіріп, ой өрбітіп, пікір алмасып көрейік.
1.«Қытайда болса да, білім алуға ұмтылыңдар, неге дегенде білім алуға әрекеттену - әрбір мұсылманның парызы»- деген хадистің тәрбиелік мазмұны неде?
2.«Бір сағат ілім үйрену бір кеш бойы құлшылық етуден жақсы, бір күн бойы дәріс алу - үш ай нәпіл ораза тұтқаннан жақсы»- деген хадис ненің маңыздылығын көрсеткісі келген?
3.«Кімде - кім үш қыз өсіріп, бағып - қағып, дұрыс тәрбие беріп, құтты орнына қондырса, оған Алладан тиер сый - жаннат болмақ»- деп қыздардың тәрбиесіне неліктен аса зор мән берген?
4«Мұсылмандарға боқтап – сөгуге, былапыт сөйлеуге болмайды»деп нендей(көркем мінез - құлық пен тәрбиелі әрекет) іс - әрекетті насихаттайды?

(Сұрақ - жауап)
1. Адам баласы не үшін өмір сүреді?
2. Өмір адамға несімен қымбат?
3. Сендердің өмірдегі мақсаттарың қандай?
4. Өмір мәнін түсінуге ұмтылу қаншалықты қажет?

ІІІ. Қорытынды
Қысқасы, егеменді еліміздің еркін болашағын тәрбиелеуде оның ұлттық құндылықтарын, дінін және тілін ескеру қажет. Ал ұлттық тәрбие берудің діңгегі мен қанат жаяр өрісі ислам дінінің қағидаларынан бастау алуы тиіс. Олай болса мына төмендегі кеңеске құлақ түріп көріңіздер:

Өскелең жас ұрпаққа айтарымыз:

1. Жақсы адам болып өсу үшін ата - анаңды сыйла, олардың ұрысын көңіліңе алмай түсіністікпен қара, өздеріңе өмір сыйлаған ардақты жандардың жүрегіне жара салма, ардақты жандарға ренжіп өзін - өзі жоқ ету - ақымақ адамның ісі.

2. Өмір болған соң қиындығы мен қызығы қатар жүреді. Қателіктерге ұрыну барлығымыздың табиғатымыз - да бар нәрсе. Жол таппайтын, шешімі болмайтын істің болуы мүмкін емес. Сондықтан өзіңді сергелдең өмірге сала бермей серпіліп, өзіңді тығырыққа тіреген істің шешімін табуға тырыс. Қандай қателік жасасақ та өз - өзіңе қиянат жасаумен шешімін табуымыз дұрыс емес. Сүрінбейтін тұяқ жоқ. Ата - анасынан немесе қысым көрсетуші адамдардан қорқып өзін өлімге қию көзі ашық, көкірегі ояу жандардың істейтін әрекеті емес, өмір өте ғажап нәрсе, сондықтан өмірдің берген сыйын қабылдап өмір сүруге тырысу қажет.

3. Өзіңді өзің қандай қиындықтарға болса да шыдауға, оны жеңіп шығу жолдарын қарастыруға дағдыландыр. Қаржылық жағдайлардың кері әсері де кей адамдар үшін өзіне - өзі қол салуға итермелейтін күш болып табылатыны аян. Алайда, қаржылық қиындықтар өмірдің басты себептері емес екенін жадыңда ұстауға тырыс. Қиындық кімде жоқ дейсің? Иманы мен өмірге көзқарасы дұрыс емес адам ғана мұндай уақытша қиындықтарға төзе алмауы мүмкін, ал сен оны болдырмауға тырыс.

4. Залалды істің соңы артта қалған ардақты жандарға қайғы - қасірет әкелетінін, олардың денсаулығына зиян келтіретінін ойлау қажет. Өзіңе етене жақын адамдардың жүрегіне мәңгіге ұмытылмастай қасірет жарасын түсірмей, оларды бақытты етуге тырысу керек. Ол әрбір адамзат баласының басты міндеті. Сондықтан өмірді сүйіңдер, қателік - шалыс істен бойларыңды аулақ ұстап, салауатты өмір салтын ұстанып өмір сүруге тырысыңдар!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: с.), (с., А., Пайғамбарымыздың, өсиеттері
Просмотров: 172 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar