Поэзия! Менімен егіз бе едің? - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Поэзия! Менімен егіз бе едің?
24.09.2015, 10:58
Мақсаты: Ақынның өрісті ой, өшпес көркем мұрасын насихаттау, ақынды еске алу, оқушыларға ұлттық, адамгершілік тәрбие беру, оқушының мәнерлеп оқу шеберлігін шыңдау және «ҚР - дағы Тілдер туралы» Заңын жүзеге асыру.
Өзге ұлт балаларының арасында Мұқағали Мақатаев өлеңдері бойынша мәнерлеп оқу сайысы.

Тақырыбы: «Поэзия! Менімен егіз бе едің?»

Мақсаты: Ақынның өрісті ой, өшпес көркем мұрасын насихаттау, ақынды еске алу, оқушыларға ұлттық, адамгершілік тәрбие беру, оқушының мәнерлеп оқу шеберлігін шыңдау және «ҚР - дағы Тілдер туралы» Заңын жүзеге асыру.

Барысы:
1 - жүргізуші:
Сырым да - осы,
Жырым да - осы,
Алдыңда.
Байқашы бір
Бықсыдым ба, жандым ба?
Махаңдар жоқ,
Махаңдардың сарқыты -
Мұқағали Мақатаев бар мұнда,- деп бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында М.Мақатаев ұрпақтарға ұланғайыр мұра қалдырып кеткені баршамызға мәлім.

2 - жүргізуші: Бүгін біз сіздермен айтулы, дара ақын, халқының қара өлеңін құдіретке айналдырған Мұқағали өлеңдері бойынша өтпек мәнерлеп оқу сайысында бас қосып отырмыз. Олай болса, «Көкірегінің көзі ашық, көңілі ояу» жыр сүйер қауым, «Поэзия! Менімен егіз бе едің?»атты өзге ұлт балалары арасындағы жыр сайысына қош келдіңіздер!

1 - жүргізуші: Сайыс болғасын оның ақ - қарасын ажыратар әділқазылардың болатыны белгілі. Әділқазылар алқасымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер...

2 - жүргізуші: Аламан бәйгеде оза шауып, шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағалидің өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Енді бір сәт ақынның өмір деректеріне жүгінейік...(слайд арқылы көрсете отырып баяндау)
Ән «Арулар»
1 - жүргізуші:
Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Саф алмастай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға көшеді.
Ендеше, сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ салу үшін сайысымызды бастайық.
Ортаға 8 - сынып оқушылары шақырылады...
«Арман - ай» әні.
9 сынып оқушылары өлеңдер оқиды...
«Сенің көзің» әні.
10 сынып оқушылары өлеңдерін оқиды...

2 - жүргізуші:
Қырансың, аға, топтан сен бөлек дарасың,
Хантәңірі сынды заңғар боп мәңгі қаласың.
Жырларың сенің таулардай биік тұлғалы
Шарлап жүр бүгін көк пенен жердің арасын.
Құрметті жыр сүйер қауым!
Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетіп қалды. Осы сайыс барысында сіздер ақын жырларын оқып, тыңдап қана қоймай, өмірі мен шығармашылығы туралы аз да болса мәлімет алды деп ойлаймыз.

1 - жүргізуші: Ендеше, әділқазылар алқасы сайыс қорытындысын шығарғанша бірнеше сұрақтарға жауап берейік. Сұраққа толық жауап берген көрерменге арнайы дайындаған сыйлықтарымыз бар. Олай болса уақыт оздырмай сұрақтарға көшейік.
1. Мұқағали қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
2. Бүгінгі сайыс барысында ақын өлеңдеріне жазылған қандай үш ән айтылды?
3. Ақынның қай жинағына 1999жылы ҚР - сы Мемлекеттік сыйлығы берілді?
4. Мұқағали қазақтың қай ақын қызына арнап өлең хат жазды?

2 - жүргізуші:
Ән сал, жаным!
Әніңмен тербет мені
Бір сәтке тынсын, тіршілік жер көктегі
Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінде әнге айналып, көкке қалықтайды. Оның сөзіне жазылған әндер бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Қолдарымызға таратылған әннің мәтіні бойынша ақынға тағзым, ақынды еске алу ретінде «Есіңе мені алғайсың»әнін барлығымыз бірге шырқайық.

1 - жүргізуші: Бүгінгі «Поэзия! Менімен егіз бе едің?» атты мәнерлеп оқу сайысының қорытындысын жариялау үшін әділқазылар алқасына сөз берейік...
2 - жүргізуші:
Аузын ашса, жүрегі көрінетін,
Көмейінен отты жыр төгілетін,
Қайран Мұқа, аруақты ақынсың ғой
Қас тұлпардай жер тартып тебінетін.
Бейнет кешіп жасыңның жастығында,
Көрдің талай пақырдың қастығында.
Мазақ қылды-ау біреулер іші күйіп,
Сәттеріңді айналған тас тұғырға.
Қазақ талай қазақпен кектеседі,
Керек емес біреудің от көсеуі.
Тілден безіп жүргендер бір сөзіңнің,
Дәмін алса ешқайда кетпес еді.
Ақиық ақынның ұрпаққа ұран болған жырларын елі де, ақынның ой мен сезім астасқан жырларын жаттаған жас қауым да ешқашан естен шығармайды деп сенеміз.
Бірге: Келесі кездескенше сау болыңыздар.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Поэзия!, едің?, егіз, БЕ, Менімен
Просмотров: 171 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar