Рәміздерім, мақтанышым! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Рәміздерім, мақтанышым!
24.09.2015, 14:50
Тақырыбы: Рәміздерім – мақтанышым!
Мақсаттары: а) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің халқымыздың тұтастығын бейнелейтіндігінен мағлұмат беру.
ә) Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Гимнін қастерлеуге тәрбиелеу.
б) Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой - өрісін кеңейту, Отанды сүюге, рәміздерін құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: топтау, әңгімелеу, ой қозғау.
Сабақтың типі: ауызша журнал
Көрнекіліктер: слайд, рәміздер, өлең жолдары.

Өтілу барысы:
І. Ұйымдастыру.
Біздің мемлекетіміз бен қоғамымыз ұлы өзгерістерді бастан кешіруде. Бірнеше жүз жылға созылған отаршылық кезең тарихы артта қалды., қазір ХХІ ғасырда тәуелсіз елдің қатарына қадам бастық. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Бұл қазақ тарихындағы ғасырлар бойы аңсаған арманымыз орындалған күн болды.
Қазақстан – егемен мемлекет. Өзіміздің Ата заңымыз, мемлекеттік рәміздеріміз бар. Ту, Елтаңба, Гимн, рәміз сөздерін тек осы қалпында қолдану керек. Байрақ, нышан, әнұран деген сияқты «синоним»сөздерді қолдануға болмайды. Бүгін біз еліміздің мемлекеттік рәміздері төңірегінде ауызша журнал өткізбекшіміз.

1 - оқушы «Егемен және Тәуелсіз Қазақстан» 1 – бет
Қазақстан Республикасы – Еуразия деп аталатын құрлықтар кеңістігінің дәл ортаңғы бөлігінде орналасқан ел. Еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан Республикасының астанасы 1998 жылы Алматы қаласынан Астана қаласына көшірілді.
Қазақстан Республикасы – халықтың өзі басқаратын, зайырлы біртұтас президенттік басқару нысанындағы мемлекет. Ел басшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Қазақстан БҰҰ - ның тең, тұрақты мүшесі. ХХІ ғасырға тәуелсіз мемлекет болып аяқ басты. Біздің Отанымыз Егемен және Тәуелсіз Қазақстан.

2 - оқушы. «Рәміздер ұғымына шолу» 2 - бет Жер бетіндегі мемлекет атаулының қай - қайсысында да мемлекеттігінің белгісі – рәміздері бар. Рәміз дегеніміз - белгілі бір нәрсені өз қалпынан өзге жанама сипаттап көрсетуден туатын сыртаңба, эстетикалық категория, шартты белгі.
Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең өркениетті ел ретінде танылып, өзінің Елтаңбасын, Туын, Гимнін белгіледі. Өз еліне ғана тән мұндай белгілері жоқ мемлекет дербес, тәуелсіз бола алмайды. Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір азамат терең түсініп, оны қастерлей білу керек
3 - оқушы Мақтансаң мақтан елім деп,
Тани біл елдік таңбаңды.
Елтаңба, Туың, Гимн –
Шырқатты биік арманды.
Тәуелсіздікке тән белгі –
Қасиетті осы рәміздер.
Еліме рух, мән берді,

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Рәміздерім, мақтанышым!
Просмотров: 236 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar