Рахмет, анашым қамқорыңа! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Рахмет, анашым қамқорыңа!
24.09.2015, 09:27
Ой толғау
«Рахмет, анашым қамқорыңа!»

Ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Жанұядағы қадірлі жанның бірі – ана.
Ана – өмірге ұрпақ әкелуші, отбасының маздаған оты, баланың тәрбиешісі, ақылшысы, қамқоршысы.

Біздің халық бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Баланың ана құрсағында пайда болуына, оның өмірге келуіне, оның алғашқы қадамына, алғаш атқа отыруына, алғаш жолға шығуына арналған жеке – жеке әдет – ғұрпымыз, жол – жоралғымыз бар. Халқымыз бала тәрбиесіндегі ананың рөлін өте жоғары бағалаған. Тіліміздің өзін ана тілі деп атауы аналарға көп жүк артады. Аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін көрсетеді.

Әрбір ана сәбиінің дені сау, жақсы азамат болып өскенін қалайды. Ана шынында да өмірдің гүлі, күннің нұры екен. Түн ұйқысын төрт бөліп оянатын ананың сенімін ақтау қажет. Ол үшін біз жақсы болып, үлгілі тәртібімізбен, өнердегі жетістігімізбен көзге түсуіміз керек.

Мен өз анамды сыйлаймын, жақсы көремін. Ол қайратты, жігерлі жан. Жүрегі кең, қолы жомарт адам. Менің анам қандай жағдай болмасын «балам қатарынан қалмасын, білім алып үлкен азамат болсын» деп, әрқашан тілеуін тілеп жүретін асыл жан.
Ана барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтімен дариды.

Ана – ұлы адам, Ана – құдіретті жан.
Мына жарық дүниеге әкелгені үшін анамызға бас иеміз.
«Әйел, бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» - деген халқымыз. Қандай нақтылап айтқан ой десеңші... Шынында аналарсыз мына әлемді елестету мүмкін емес.
Біздің бойымызға ең жақсы қасиеттер алдымен анадан тарайды. Ананың – нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы – бізді әлдилеп, жұбатады.
Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ана, осы сөз адам жүрегінің түбін жарып шығып, керемет аялы сезімге жетелері аян. Өмірге шыр етіп келген күннен бастап, бізді мәпелеп өсіретін, өмірде жетелейтін, жақсы – жаманды үйрететін ең асыл қасиетті жандар ол ата – ана.
Әрдайым ата - ананы қадірлейік, достарым!

«Өнегелі отбасы»номинациясы бойынша
«Мейірімділікке толы әлем» тақырыбына таныстыру
Жүргізуші:
Балалық күнің бақытты
Бағаласаң сол сәтті
Таба алмассың өмірде
Бала күнгі бақытты» - дей келе түрлі - түрлі теңдестер атты республикалық байқауға қош келдіңіздер.
«Қуанса, бала қуансын!» дейді дана халық.
Баланың қуанышынан асқан бақыт жоқ. Тіпті ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с. ) «Баласы бар адам баламен бала болсын», - деген болатын. Алланың елшісі өз немерелерін ғана емес, барлық балаларды жақсы көріп, бауырына басып, оларға мейірім танытқан. Олай болса, бала өміріне бір сәт болса да үңіліп, қуаныш сыйлау – мейрімділіктің нақ белгісі.
Әуенмен ортаға киелі Тілек ағашын орналастыру.
Ата – ана сөзі
Армысыздар, халайық көрерменім,
Алдыңызда иіліп сәлем бердім.
Бар бақытын баладан аямаған,
Аналық жүрегіммен, кең пейілім.
Шапағаты Алланың нұр боп жауған
Қамқорлығы мол үйім «Аялы алақан»
Мемлекеттің қамқорлығы арқасында
Баланың бақыты үшін құшақ жайған.
Өсеміз, жетілеміз, қанат самғап
Арманымыз дені сау ұрпақ болады.
Қоғамның тәрбиесінен тыс қалмай
Өмірдің қызығына келем тоймай.
«Аялы алақан» деп мақтанамыз
Өнегелі отбасындай бақшаданбыз
Мақсатымыз ұлтымның тілін сақтап
Болашағын елімнің өрбітеміз.
Әрбір ана баласымен бірге Тілек ағашына жақындап, өз армандарын, тілектерін байлайды.
Қасиетті Рамазан айында Алланың құлақ ашық болып, барлық бата, тілек, ізгі ниеттер қабыл болады, яғни орындалады.
Көлеңке көңіл балалардың тілеуі, ниеттері қабылданады деген сенімдеміз.
Осы кезде күн күркіреп, найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Балалар қорқып, бұғып қалады. Сол мезетте күн күлімдеп келіп, балалардың жанын жадыратып жібереді. Осындай мүмкіндігі шектеулі балалардың алдағы күннен күтері мол екенін дәлелдейді.
Қуанамын менде
Қуанасың сенде
Қуанамыз бәріміз
Арайлап атқан күнге! - деп балалар Тілек ағашын айналып жүреді.
Жауыннан кейін кемпірқосақ шығады. Балалар әрқайсысы бір – бір лентадан ұстап, күнді айналып, «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындайды.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Рахмет, Анашым, қамқорыңа!
Просмотров: 172 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar