Рухани жұтаңдық қалай пайда болады? - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Рухани жұтаңдық қалай пайда болады?
24.09.2015, 10:41
Мақсаты
1. Білімдік - танымдық: Оқушылардың білімдік дағдысын қалыптастыра отырып, адамгершілік бағыттағы сауаттылығын жетілдіру, адамгершілік қасиеттерін шыңдау.
2. Тәрбиелігі: Жасөспірімдердің ой - санасын оята отырып, өзін - өзі тануға және бағалауға, өз ойын еркін ашып айтуға, өз пікірін қорғауға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, рухани тұрғыда байыту жетілдіру.
Міндеті:
1. Бәсекеге қабілетті дені сау, жан - жақты, білімді, сауаттылығы жетілген тұлға даярлау.
2. Оқушылардың өз ойларын ортаға салып, ашып айта білуге дағдыландыру.
Түрі: Пікіралысу
Әдісі: сыни тұрғыда ойлауға үйрету әдісі
Көрнекілік: Интерактивті тақта, слайдтар, нақыл сөздер
Тәрбиелік бағыты: Рух. Адамгершілік.
Жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларға «Балам, анау не?» атты жағдаят сұрақтарына ой жүгірту.
«Ата - ананың ақысы дегенді қалай түсінесіңдер?» деген сұрақ беріледі. Сұраққа оқушылар топтасып жауап береді. Бүгінгі шарамыздың негізін аша отырып шара жалғасады.

ІІ. Шараның бағдарламасымен таныстыру.
1. Рух дегенді қалай түсінеміз? (көрермендерге сұрақ беріліп, пікірлесуге мүмкіндік жасалады).
3. Ата - ананың қадірін, адам қасиетін, рухани құндылықты түсіну.
4. Рухани бастауымыз Ислам дінінде емес пе?
5. Алтынбек Қоразбаевтың «Әке мұңы» термесін тыңдау.
6. Шағын логикалық сұрақтарға жауап.

ІІІ. Қорытынды бөлімі.
1. Тренинг ойыны «Білгенге маржан» (әр оқушының бір сөзбен өз ойын қорытуы ).
2. «Мен» топтастыру рефлекциясы, «Не білдік?»
Шараның барысы.
Сынып жетекшісі Тажмағанбетова Агленнің сөзі: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі шарамыздың арнайы қонақтары!
(Шараның мақсаты мен міндеттері, жүрісі, мазмұны және өту барысы таныстырылады.)
Сынып жетекшісі сөзінен кейін «Балам, анау не?» атты жағдаятты шешуге уақыт беріледі.
Жағдаят: «Балам, анау не?»
... Ертеде бір үлкейген қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:
- Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін,- депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі:
- «Балам, анау не?» деп сұрапты.

- «Ол - түйе» - деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда баласы:
- «Ол - түйе, түйе!» Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің?- деп ренжіпті. Сонда әкесі:
- «Балам, кішкене кезіңде мен ауыр тірліктен шаршап келіп отырсам да, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір» депті.
(Оқушылардан осы жағдаятқа орай ата - ананың ақысы дегенді қалай түсінетіндіктері сұралады.)
-«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»- демей ме халқымыз. Сіздердің қысқаша ойларыңызды білдік, олай болса ендеше бағдарламамызды жалғастыра отырып орнымызға жайғасайық.

Мұғалім сөзі:
Өздеріңізге белгілі қазіргі жаһандану үрдісінде елімізде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу басты назарда болып отыр. Ал адамның жан қазынасын, адамгершілік
болмысын қалыптастыру да, кей адамдардың түрлі жағдайлармен бір - бірін түсінбеуі де сіз бен бізді толғандырады. Өйткені біз сол қоғамның ішіндеміз, яғни оның мүшесіміз. Иә, бұның бәрі шындық десек артық болмас. Бәсекеге қабілетті ұрпақты жан - жақты қылып тәрбиелеу үшін алдымен жан қазынасының негіздерінің бірі, сенімділік пен шындықтың бастауына үңілу керек шығар. Мен осы шараны, «Адамгершілік - жан қазынасы» деген сөздің астарына терең бойлай отырып, қазіргі кездегі бала мен ата - ананың арасындағы қарым - қатынасқа арнаймын. Өйткені қазіргі таңда бұл мәселе де, күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі болып отыр.
«Көргені жақсы көш бастар», - демей ме, «халық айтса - қалып айтпас»- деген тағы бар, олай болса адамның жан қазынасын қалай түсінеміз? Бұл сұраққа пікір білдіруді қатысып отырған қонақтарға береміз. Кейін оқушылар да пікір білдіреді.
«Жүректің түріп құлағын,
Ойланып тағы қарашы,
Кімсің сен? Қайда тұрағың?
- Енді қайда барасың?» - деп Омар Һаям жырлап өткендей ата - ананың қадірін, адам қасиетін, жан қазынасын түсінуде ойларын айтқан халық пікірі мен заңгер, ғалым ағаларымыздың ой - пікірлеріне назар аударалық. ( нақыл сөздер көрнекі слайд түрде жазылып қойылады.)
- Осы жерде пікіралыс сұрақтар арқылы тағы да жалғасады.
«Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол»- деп Абай атамыз жырлағандай жан қазынасын ұғудың жолдарының бірі және рухани бастауымыз Ислам дінінде емес пе?
Яғни, адами, рухани тәрбиенің бастауы жан қазынасынан басталады демей ме?
- Осы жерде оқушылар мен көрермендер арасында ортақ пікіралыс жүреді.
«Өткенім бүгінгінің баспалдағы,
Бүгінгім ертеңіме бастар тағы» - дегендей кезекті Алтынбек Қоразбаевтың
«Әке мұңы» термесі тыңдалады.
Осыдан кейін оқушыларға логикалық сұрақтар беріледі:
1Рухани толысу неден бастау алады?
2. Адамның жан қазынасына сырттан келген әр - түрлі діндердің әсері қандай? Жан қазынамызды қалай қорғаймыз?
3. Қазіргі таңда жастардың рухани байлығынан, адамгершілігінен шатастырып жүрген түрлі ағымдар туралы не айтуға болады?
4. Рухани жұтаңдық дегенді қалай түсінуге болады?
5. Рухани жұтаңдық қалай пайда болады?
6. Оны болдырмау үшін не істе керек
Тағы да басқа түрлі пікірлерге байланысты сұрақтар қойылып талқыланады.

Қорытынды:
Бүгінгі біздің пікір алысымызда еліміздің кез - келген адамының ойына ой салардай мәселелер қозғалды. Біз ешкімге кінә артпаймыз, мін тақпаймыз, тек бәсекеге қабілетті ұрпақты қалыптастыра отырып, олардың ой - пікірлерін ашық айтқызу арқылы өзін - өзі тануын, өз жан қазынасына үңілуін таразыладық.
«Білгенге маржан»
Оқушыларға ойларын қорытып, шағын тұжырым жасау үшін арнайы сөздер беріледі. Оқушылар сол сөзге орай өз ойларын қысқаша білдіреді:
Берілетін сөздер:
- Рух
- Ақыл
- Руханият
- Парасат
- Қанағат
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: болады?, жұтаңдық, қалай, пайда, рухани
Просмотров: 257 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar