Сүйікті әжелер мен аталар - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Сүйікті әжелер мен аталар
24.09.2015, 12:15
Ашық сабақ

Тақырыбы: Сүйікті әжелер мен аталар.
Мақсаты:
1. Оқушыларды ата – ананы қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.
2. Оқушылар бойындағы адамгершілік қасиеттері, мейірімділікті, қайырымдылықты,
қамқорлықты, кішіпейілділікті дамыту.
3. Оқушыларға қариялар жөнінде, олардың бізге қалдыратын баталы сөздері мен істері жөнінде мағлұмат беру.
4. Халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тәрбие сағатының тақырыбы, суреттер, үнтаспа, кітаптар.

Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Сәлеметсіздер ме балалар, ата - әжелер! Қане балалар, барлығымыз қолымызды жүрек тұсына қойып, тып - тыныш тұрып Қазақстан Республикасының әнұранын тыңдаймыз.
- ҚР Мемлекеттік әнұранын орындау
ІІ. Негізгі бөлім
Жүз дейміз – ау!
Сөз болып па со – дағы!
Тек сол үшін жазбас едім оданы.
Қария ма?
Қария ол
Қартаймас
Жас жүрек пен дана бастың одағы – деп жерлес ақынымыз Қадыр аға жырлағандай қариялар мәңгі бақи біздің жүрегімізде жүреді. Біз оларды ұлғайған жасы үшін емес, көпті көрген басы үшін құрмет тұтуымыз қажет.
- Балалар, 1 - Қазан қарттар күні деп белгіленген. Осы мерекелеріңізбен сіздерді асыл жанды әжелер мен аталарымызды құттықтаймыз. Қарт адамдарды мадақтап, мәңгі есте сақтау өсіп келе жатқан жастардың міндеті. Ол кісілерді ұмытпай, ақылдарын тыңдап, көмектесу бәріміздің міндетіміз. Осы күнге арнап бүгінгі тәрбие сағатымыз - Қариялар күніне «Сүйікті әжелер мен аталар» деген тақырыпта өтпек.
- Қане кім айтады ата деген кім өзі? (әкеміздің әкесі, анамыздың әкесі)
- Әже деген кім болады ендеше? (әкеміздің анасы, анамыздың анасы)
- Тамаша! Дұрыс айтасыздар, біздің әжелерімізге, аталарымызға арнап жаттаған тақпақтарымыз бар қане тыңдайық:
Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді,
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамын мен құттықтаймын.
Ана – бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ.
Қарияларды ардақтап өтсең, құрметтесең,
Қартайғанда сені де етер ізет.
Көп жасаған қария -
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
Атам менің әманда,
Әдепті жан бол деген
Атам сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем Ата – анаңды құрметтесең,
Сенде жақсылық игілік көресің
Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер
Ата – бәйтерек,
Бала – жапырақ
Әке – асқар тау,
- Рахмет, балалар, құрметті ата - әжелеріміз дайындық тобының ұлдарының орындауында:
Ақ әжем
Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем.
Тентек болсам кешірген
Шөлдедің бе, дана әжем?

Шай қайнатып келейін,
Шекер салып, жан әжем.
Өзім құйып берейін.
Балдай тәтті бал әжем. /2рет.

- Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке - шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол - үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса, қартайған ата - анасы оның отбасының құты болып табылады.
Қарт кісіні құт - береке деп танысақ - ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата - ана әр кезде де бақытты.
- Олай болса біз ата - әже, әке - шеше туралы жаттаған мақал - мәтелдерімізді айтсақ қалай қарайсыздар?
1 - оқушы: Үлкенге үнемі сәлем бер.
2 - оқушы: Үлкенге қарсы шықпа
3 - оқушы: Үлкеннің батасын қабыл ал.
4 - оқушы: Үлкен кісіні ренжітпе.
5 - оқушы: Ауылыңда қария болса,
Жазып қойған хатпен тең.
6 - оқушы: Кәрі, кәрінің сөзі – дәрі.
7 - оқушы: Ақылды қария – ағып жатқан дария.
8 - оқушы: Өткен менен кеткенді,
Көп жасаған қарт білер.
- Жарайсыңдар, жақсы да, нақыл да, асыл сөздерді тыңдап көп ой түйген болармыз деп ойлаймын.
- Міне айтып жатырмыз «Үлкендерді құрметте, сыйла, мейірімді бол!» - деп айтып жатырмыз, осы сөздерді өздеріңіз қалай түсінесіздер айтыңыздаршы? (оқушылардың жауабы)
Ия, дұрыс айтасыздар құрмет, ізет, мейірімділік деген сөздің мағынасы осы. Кәріліктің өзінің сәні – мәні бар. Ата - анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата - анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып - қағатын болады.

(балалар барлығы бірге айта отырып қолдан жасаған сыйлықтарын береді)
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара - пар
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!

ІІІ. Қорытынды бөлім.
- Балалар, бата деген не?
- Батаны кім береді?
-«Үлкеннен бата алуға асық!» деп айтып жатады осы нақыл сөзді қалай түсінесіздер? Тамаша, балалар, олай болса, қазір, осы жерде отырған жасы үлкен атамыз шығып болашақ азаматтарымызға батаңызды берсеңіз деп өтінеміз.

«Сабағыңды оқы беске,
Жақсылығың жетсін көпке.
Үйінің қуанышы бол,
Бауырыңның жұбанышы бол.
Сенімін ақта үлкендердің,
Түлесін көктеп мекенің!»

- Құрметті оқушылар, қарияларды тек қариялар күні еске алмайық, әрқашан жадымызда жүрсің. Ата – ана ардақтайық, құрметтейік. Дүниенің қай шетінде жүрсеңіз де ұмытпағайсыздар.
Өзгерген не?
Адам ба? Әлде заман ба?
Ата – анаға деген парыз қалмаған ба, адамда,
Ей, адамдар!
Құрметтеңдер үлкенді
Одан ешкім кем болған жоқ ғаламда!- деп бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталады.
Келіп қатысқандарыңызға көп рахмет, келесі жүздескенше сау - саламат болайық!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: сүйікті, Мен, әжелер, Аталар
Просмотров: 203 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar