Сәулең болса кеудеңде, жақсы сөзге құлақ сал - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Сәулең болса кеудеңде, жақсы сөзге құлақ сал
24.09.2015, 12:57
Тақырыбы: Сәулең болса кеудеңде, жақсы сөзге құлақ сал.

Мақсаты: Оқушылардың сөйлеу мәнерін, ойлау қабілетін дамыту, олардың бойларына ізгілік негіздерін дарыту, сабырлылыққа, парасаттылыққа, ақыл мен
білімдарлыққа, шешендікке тәрбиелеу. Алғыс, бата сөздер, мақалаларды пайдалана отырып, сөздің төркінін түсіну, әр сөзге мән бере қарап, орынды сөйлеуге, зеректікке үйрету.
Көрнекілігі: плакаттар, сызбалар, конфеттер

Барысы:
Күллі адамзат атаулының асыға күтіп отырған бір тойы бар. Ол – Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесі. Біздің ауылымызда бұл той басталып та кетті.
Көңіл суы тасысын
Шашу қайда, шашылсын?!
Ұлыстың Ұлы күнінде.
Бақыттан шуақ ашылсын. (шашу шашылады) Бұл әрине, жай шашу емес, конфеттердің ішінде сөздер бар, сол сөздерден сөйлем құрастыру керек.
Ұлы Абайдың «Сәулең болса кеудеңде, Жақсы сөзге құлақ сал» - демекші жақсы сөздерді біз үлкендерден, аталардан естиміз. Аталы сөз кімге керек?
Әрине, аталы сөз бәріне керек. Естеріңде болсын, ақылдыға аталы сөз дана болу үшін керек. Берекелі сөз бесіктегі балаға да әсер етеді. Өмірде жақсы, аталы сөзді тауып айту қиын. Жақсы, аталы сөз ақылдан шығады. Есекті ақырған даусынан таниды, ақымақты айқайынан таниды. Ақымаққа ақыл айтсаң мазақ қылады, ақылдыны мазақ қылсаң жасық болады. Жақсы сөз, аталы сөз өсетін жасқа, өнерлі жанға керек. Өнер талантты өсіреді, өсек талантты өшіреді. Өнерлі өсекке ермейді, өсиетті сөзге күлмейді. Өмірде жақсы сөз, аталы сөз бәріне керек. Ата ақиқатты айтады, әке адалдықты айтады, ана жақсылықты айтады.
Үнтаспадан Базар жыраудың термесі тыңдалады.
- Балалар, үйде үлкендерден естіген қандай жақсы сөздерді білесіңдер?

Мирас: Арман деген не? – деп сұрапты қария жігіттен.
Жігіт: - Ата, арман дегеніміз – ақыл - ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, қыз көрікті болсам дейді, жігіт бақытты болсам дейді, қарт жүзге жетсем дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді.
Ата: - Арманына адаспаған жетеді, адасқан жете алмайды. Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді, - депті қарт.

Нұрдәулет: - Бақытты болу оңай ма? – депті қарт.
- Ата, жары жақсы болса, бақыты жанында, - депті жігіт.
- Жоқ балам, ақыл басында болса, бақыт жанында болады. Ақыл адамды азаптан да, мазақтан да құтқарады. Өмірде шын бақытты болам десең, ақылдылықты үйрен.

Ақдана: - Дос табу оңай ма? – депті қарт.
- Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын, - дейді жігіт.
- Жоқ балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ астында жатады. Есіңде болсын, досың ақылды болса, дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың.

Ақбота: - Достықты нығайтатын не? – депті қарт.
- Ата, достық пен жолдастықты ынтымақ, бірлік, теңдік, бауырмалдық нығайтады – депті жігіт.
- Дұрыс балам, сенің айтқаның достық пен жолдастықты дамытады. Есіңде болсын шын достық ақылдыға тән. Өмірде дос болуды ойласаң жақсы сөзді шын көңілмен айтуды үйрен. Сәлемдесуді білген кешіре де біледі. Жақсы сөз – көңіліңді өсіреді, жаман сөз – үмітіңді өшіреді.

Нұрила: Бір сөз айтсай жақсыға
Аталы сөзге тоқтайды.
Бір сөз айтсаң жаманға
Өмірінде ұқпайды.
- Балалар, сәуле деген не, ол неде болады?
- Күнде, айда, жұлдыздарда.
- Олай болса сендер ай мен күннің суретін таңдайсыңдар. Айды таңдағандар «Айым» тобына, күнді таңдағандар «Күнім» тобына барып отырыңдар.
Тақтада ай мен күн суреті бейнеленеді. Ай жарты, ал күннің сәулесі жоқ. Сайыс барысында тапсырмалар орындау арқылы ай мен күн сәулелермен толықтырылып отырады.
- Жақсылық адамның бір - біріне айтатын жақсы сөзінен басталады. Сондықтан әр уақытта жамандықтан аулақ жүріп, жақсылыққа ұмтылғанға не жетсін! Себебі жақсы сөз шамшырақ, ауырып жатқанда адамның жанына шипа, ренжіген адамға қуаныш сыйлайды. Ата - әжелерің, апа - көкелерің еркелеткенде қандай сөздер айтады?
- Міне, осы сөздердің ішінде біреуінен басқасы өзге тілдерге аударылады. Тек «Айналайын» деген сөз ғана өзге тілдерге аударылмайды. Демек, ол – қазақ халқына ғана тән айрықша мәнді сөз.

Сайысымыз мынадай бөлімдерден тұрады.
1. «Айтыс»
2. «Көкпар тартыс»
3. «Бәйге»
4. «Бата айту»
1. Айтыс
Той ойын - сауықсыз өтпейді. Соның бірі – айтыс. Жақсы сөзді үйренгіміз келсе, мақал - мәтелді жақсы білу керек.
а) тапсырма: Мақал - мәтелдің жалғасын тап.
І - топ
1. Жақсы байқап сөйлейді,...
2. Жақсының сөзі назалы,...
3. Жақсы сөйлеген ас жер,...
4. Жақсы сөз жұбатады,...
ІІ - топ
1. Жақсы сөйлесе аузынан гүл төгіледі,...
2. Жақсы сөз – сүйіндіреді,...
3. Жақсы сөз - жанға рахат,...
4. Жақсының сөзі өлшеп - пішкендей,...

б) тапсырма: І топ Сөздің зиянын айтыңдар.
(Сөз жанды жарақаттайды, айықпас дерт салады, жылытады, алдайды, намысына тиеді, сүйектен өтеді, алауыздық туғызады, жаман хабар әкеледі, әуреге салады)
ІІ топ Сөздің пайдасын айтыңдар.
(Сөз қуантады, жаныңды жадыратады, жұбатады, жаныңа қанат бітіреді, дос қылады, ақылға келтіреді, адамдарды табыстырады, болашағына сендіреді, мерейіңді көтереді)
2. Көкпар тартыс
І - топ. Дастарханы жиылмайтын, кеңпейіл үй, қонақ келгенде қуанып, жылы сөзбен қарсы алады. Ол қандай сөздер?
(Қош келдіңіз, төрлетіңіз, ауыл - еліңіз аман ба? Жолдан шаршаған боларсыз, тынығып, қонақ болып кетіңіз)
ІІ - топ. Қонақ келгенде жақтырмайтын, сараң үй, қонақты ренжіңкіреп қарсы алады. Ол қандай сөздер?
(Жеті түнде не іздеп жүрген адамсың, аулақ жүр! Ұры - қары боларсың, көрінген қаңғыбасқа берер асым жоқ, жоғал!)
3. Бәйге сайысы
Мына бейнеленген кітапта жақсы сөздер жазылған. Ол математикадан сандарды пайдалана отырып табылады.

4. Бата айту сайысы
Ей тәкаппар дүние,
Маған да бір қарашы.
Танимысың сен мені,
Мен Қазақтың баласы!
Сәулелі сөз сөне ме?!
Орны бөлек батаның
Бізге тәлім, өнеге
Ақ тілеуі атаның.
Жақсы сөз кез келген жерде айтыла бермейді. Жақсы сөздің ең көп кездесетіні – тілек. Тапсырма: «Тілек жазу».
Әр топ бір - біріне тілек жазады.
Ай мен күннің сәулесін ашып, шыққан сөздерді оқиды. Ай сәулесінде: «Желсіз түнде жарық ай». Күн сәулесінде: «Әрқашан күн сөнбесін».
Әр топ әнді орындайды.
«Жүректен жүрекке» балалар қолдарын жүрегіне қойып, көздерін жұмып, іштерінен тілек тілейді. Ол тілектерін апайларға сыйлайды.
Қорытынды
Сонымен, күн мен ай жер бетіне жарық пен жылылықты, сәулесін қалай сепсе, жақсы сөз де адамға жылуын береді. Сондықтан әр уақытта бір - бірімізге жақсы сөз айтудан шаршамайық. Алдағы наурыз тойында әр отбасына үлкен қуаныш, шаттық әкелсін! Дендерің сау, Бай - қуатты болыңдар!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: құлақ, болса, сал, жақсы, кеудеңде, сөзге, Сәулең
Просмотров: 195 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar