«Сөз өнері» факультатив жұмысы бойынша көрсетілетін іс – тәжірибе бағдарламасы - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

«Сөз өнері» факультатив жұмысы бойынша көрсетілетін іс – тәжірибе бағдарламасы
24.09.2015, 10:58
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің аудандық семинарында «Сөз өнері» факультатив жұмысы бойынша көрсетілетін іс – тәжірибе бағдарламасы

Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру үрдісі үнемі жетілдіруді, дамытуды талап етеді. Бүгінгі шәкірт – ертеңгі іскер тұлға, сондықтан ол мектеп қабырғасында таным көкжиегі кең, сөйлеу мәдениеті жоғары, өз ойын сенімді, жігерлі, шешен тілмен жеткізе білетін, көпшілікті өз сөзіне ұйыта алатын дағды, қасиеттерге бейімделіп тәрбиеленуі қажет. Осы мақсатта бағдарламада оқушылардың ойын, тіл шеберлігін, сауаттылығын, шығармашылық қабілетін арттыратын, тіл шеберлігінің ұшталуын, тіл ұстартуды көздейтін жұмыс түрлері іріктеліп алынған.
Оқып - үйренудің міндеттері:
- ойды айқын, көркем, бейнелі жеткізу, сөз өнеріне үйрету, оны меңгеру жолдарын ұғындыру;
- сөздің көркемдеуіш құралдарын ұтымды пайдалана білуге үйрету;
- шешен сөйлеуге әрекеттендіру;
- көркем туындылардағы тереңдікті түсіну;
- көркем шығармаларға тілдік талдау жасау;
- көркемдік таным мен әдеби талдау, ғибрат алып оқу;
- шығармашылыққа баулу.
Күтілетін нәтиже
“Сөз өнері” факультатив курсына құрылған жұмыстың жоспарына сәйкес өтілетін тақырыптарды толық меңгерту астарлы ойды түсіну қабілеті ұшталған, ойын жүйелі жеткізуге бейімделген, сөз сазына зер салатын, өз шеберлігі мен кемшілігін аңғара білетін, жазба тіл шеберлігі қалыптасқан, айшықты сөйлеуге бейімделген тұлғаның тәрбиеленіп шығуына жол ашады.

Бағдарлама жалпы орта білім беретін мектептің жаратылыстану бағдарлы сыныптарына арналған.
Жалпы факультатив сабағының өткізу барысында біз әдебиеттің тектері: поэзия, проза және драмаға кеңінен тоқталып, олардың жүйелігіне ерекше назар аударамыз. Сөз машығын, ой желісін және тіл шеберлігінің қыр - сырын жетік меңгерген оқушы ғана рухани жан дүниесі бай тұлға болып қалыптасатыны анық.
Ендігі кезекте мен сіздерге осы бағдарлама негізінде оқып, білім алып жатқан 6 - 7 сынып оқушыларынан құрылған топ бойынша жұмыс нәтижелерінен көрініс бергім келеді.
Бірінші кезекте поэзия саласына тоқтала кетсек, «Түбін білмеген түгін білмейді» деген аталы сөздің мәнін негізге алып, біз ең басты назарды жыраулар поэзиясына аударамыз.

Бұқар жырау «Тілек» - Керейхан Жанбота

Халқына деген ақыл - өсиеттерін, нақылдары мен өсиеттерін толғаулары арқылы жеткізген жыраулар еңбегі - біздер үшін баға жетпес асыл мұра.
Жыраулар поэзиясын оқығаннан кейін жүргізілген шығармашылық жұмыс барысында жазылған, сәтті шыққан толғауын 6 - сынып оқушысы Шәйкен Ермахан сіздерге оқып берсін. Бұл оқушы былтыр облыстық жас ақындар мүшайрасына қатысып, осы толғауымен «Қазтуған атындағы» арнайы жүлдені жеңіп алған болатын.
Проза саласындағы тақырыптарды оқытуда би - шешендердің тауып айтқан сөздері, қазіргі қазақ прозасының көсемдері Оралхан Бөкей, Әбіш Кекілбаев секілді ағаларымыздың шығармаларынан үзінділер қарастырылып, монолог оқуға ерекше назар аударылады

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: факультатив, «Сөз, көрсетілетін, жұмысы, Іс, бойынша, өнері», бағдарламасы, тәжірибе
Просмотров: 251 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar