Салауатты өмір - жарқын болашақ - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Салауатты өмір - жарқын болашақ
24.09.2015, 09:58
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір - жарқын болашақ.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың салауатты өмір туралы ұғымдарын кеңейту, жағымсыз әдеттердің ішімдік, темекі, есірткінің адам ағзасын бұзатын қасиетін ашып көрсету
2. Оқушылардың зиянды әдеттерге негативті көзқарасын дамыту.
3. Оқушылар бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, плакаттар, «біз жағымсыз әдетке қарсымыз», «салауатты өмірді қолдаймыз» сурет көрмесі, сұрақ жасырылған қоржын.

І. Оқушыларды екі топқа бөліп отырғызып аламын. Сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеріп, жаңа сабақты бастаймыз
Ал, балалар жаңа сабақ бастамас бұрын орындарымыздан тұрып бір - бірімізге сәттілік тілейік.
Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев барлық халыққа жолдаған жолдауда
«Қазақстан - 2030» бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті.
1 - бағыт - «темекі шегуді тоқтату»
2 - бағыт - «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес»
3 - бағыт - «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес»
Осы үш бағытты ұстанған жағдайда салауатты өмір қалыптасады.

Денсаулық - біздің емес, мыңның байлығы және баршаға ортақ ең басты байлық.
Денсаулық өмірдің басқа игіліктеріне қарағанда әлдеқайда құнды. Ел аузындағы «Ауру патшадан дені сау қайыршы артық» деген сөз текке айтылмаған.
Зиянды әдеттер: темекі тарту (шылымқор), ішімдік ішу (маскүнемдік), улы заттарды иіскеу(токсикомания), есірткі тарту(наркомания). Бұл әдеттердің барлығы да адам өміріне өте зиян келтіреді. Бұл заттар организмді біртіндеп улайды. Темекіні алғаш ұстағанда, темекіні тартқанда адам жөтеледі, түтін шығады, қақалады. Ағзамызды қинаймыз. Темекіні жас кезінен тартқан бала ұмытшақ, беті сарғыш тартады, тісі сарғаяды, ұрысқақ, ашуланшақ болады. Дауысы өзгереді, ойлау қабілеті төмендейді, темекі қатерлі ісік, асқазан жарасы, қан тамырларының тарылуы сияқты ауруларға әкеп соқтырады. Темекі ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш ауруларынан болатын жаман ауруға өкпенің қатерлі ісігіне шалдықтырады. Жағымсыз әдеттердің бірі маскүнемдік. Емделуі қиын ұзаққа созылатын ауру. Ішімдік ми, асқазан, жүрек, бауыр, бүйрек ауруы және жүйке жолы ауруларына шалдықтырады. Есірткі заттарды, токсикомания яғни, уландырғыш заттарды пайдаланудан бас жиі ауырады, ми зақымданады, құсқысы келеді, бойы өспейді, әр түрлі ауруларға шалдығады.

Ал, балалар осы естіген ақпараттардан қандай шешім қабылдауға болады?
1. Бұл аурулардан қалай сақтануға болады?
2. Салауатты өмір салты дегеніміз не?
3. Жаман әдетке үйір болмай өмір сүру мүмкін бе?
Оқушылар пікірі тыңдалады.

Жарайсыңдар балалар, бүгінгі біздің сабағымызға қонақ келді. Ол қонағымыз - медбике. Медбике сендердің түсінгендеріңді тексере отырып, сендерге бір тапсырмамен келіпті. Бұл тапсырмада жағымсыз әдеттерден адам ағзасында қандай аурулар пайда болатынын айтуды сұрап отыр. Оқушылар плакатқа кесте түрінде сызып, қорғайды.
Жарайсыңдар балалар! Бұл тапсырма өте жақсы орындалды. Медбике апайларың сендерге өте риза болып кетті.

Сергіту сәті. Ал, енді балалар, бізге «5 сыныптың оқушылары қалай оқиды екен, өз денсаулықтарын қалай нығайтады, салауатты өмір салтын ұстана ма, жоқ па» - деп бізге дене тәрбиесінің мұғалімі қонаққа келді. Бұл қонақ та сендерге тапсырмамен келіпті. Ол тапсырма зиянды әдеттерге байланысты сөзжұмбақты шешу. Екі топтан оқушылар, тапсырманы қаппен секіру ойыны арқылы орындайды.
1. Бензин, ацетон, клей, улағыш заттарды иіскейтін адамды қалай атайды?
2. Арақ, сыра, шарап ішетін адамды қалай атайды?
3. Қандай жағымсыз әдеттен өкпеде қатерлі ісік пайда болады?
4. Есірткіні қабылдайтын адамды қалай атайды?
5. Осы зиянды заттар барлығы қандай заттар?
6. Осы заттан қан тарылуы, цирроз аурулары пайда болады?
7. Күшті у ол не?

Барлығы дұрыс балалар, жарайсыңдар! Дене тәрбиесі мұғалімі де сендерге риза болып, сендерді жағымсыз әдеттерден аулақ болуды, дене шынықтырумен айналысуға шақырады.. «Біз жағымсыз әдетке қарсымыз», «Салауатты өмірді қолдаймыз» сурет көрмесімен жұмыс.
Қорытындылау.
Ал, балалар бүгінгі сабақты қалай түсіндіңдер, соны байқайық. Екі топ бір біріне қарама – қарсы сұрақтарды қоржынға жасырып, жауап береді.
Ал, құрметті оқушылар осы зиянды әдеттерден бойымызды аулақ ұстайық деген ниетпен, өзіміздің сыныптың оқушылары бата береді.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: жарқын, Өмір, болашақ, Салауатты
Просмотров: 207 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar