Салтын сүйген - халқын сүйер - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Салтын сүйген - халқын сүйер
24.09.2015, 09:32
Сабақтың тақырыбы: «Салтын сүйген - халқын сүйер» 2 - сынып (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының терең тамырлы өнегелі әдет ғұрпын, салт - дәстүрін, мәдени мұрасын, оқушылар бойына дарытып, теориялық білімдерінің жүзінде ұштастыра отырып, ата - аналар тәжірибесінің ең жақсы үлгілеріне, имандылыққа, еңбекшілдік және адамгершілік рухында тәрбиелеу. Оқушылар бойына рухани байлығын сіңірту, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу, ұлттық салт - дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Түрлі - түсті шарлармен безендіріледі.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақ ауылының көрінісі бейнеленген сюжетті суреттер. Нақыл сөздер.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих.

Сабақтың барысы:
І. Кіріспе бөлім.
а) Ұйымдастыру кезеңі.
ә) Оқушыларды түгелдеу
б) Сабаққа дайындығын қадағалау.
ІІ. Негізгі бөлім.
а). Жүргізуші сөзі
ә). Оқушылардан сал – дәстүр, әдет – ғұрып туралы білімдерін тереңдету үшін ойын арқылы сұраққа жауап беру.
б). Саяхатқа шығу. Киіз үйдегі сұрақтарға жауап беру арқылы жылжып жүреді.
Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін 1 - сыныптың ұйымдастыруымен өткізілгелі тұрған «Салтын сүйген - халқын сүйер» тақырыбындағы тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

1 - жүргізуші:
Ассалаумағалейкүм, халқым менің,
Ардақта дәстүріңді, салтыңды елім.
Мереке басы болған берекенің,
Игі еңбектің жемісін бәрін жегін.

2 - жүргізуші:
Сәлем, анам, алтын күн,
Сәлем, қарты халқымның!
Уақытыма риза бол,
Бақытыма шалқыдым.
Ашық болсын күніміз,
Ашылады нұрымыз.
Бай тұлғалы өңірде
Айтылады жырымыз.

1 - жүргізуші:
Туғаннан соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
Ата - бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
2 - жүргізуші:
Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған салтымыз,
Кең даланың ежелгі
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.

Мұғалім: Оқушылар топқа бөлініп өз - өздерін таныстырып жіберсін.

Жігіттер:
1. Ашық маңдай, тана көзді,
Неткен мәнді айтқан сөзі
Сұлу қыздар, ару қыздар
Қ/сы: Қыздар, қыздар сұлу қыздар
Неткен ғажап сұлусыңдар
Қыздар, қыздар, ару қыздар

Қыздар:
1. Сегіз қырлы, алтын сырлы
Жігіттердің сұлтандары
Батырлары, алғырлары
Қ/сы: Күш, қайраты бойларында
Жақсы істер ойларында
Сұлтан жігіт, сұлтан жігіт

Жігіттер:
2. Ұстаздың әрбір айтқан алтын сөзі
Жүректі жарып шыққан білім көзі
Сыныптың қыздарынан жігіті аз
Болса да жұлдыз болып тұр ғой өзі, тұр ғой өзі
Қ/сы: Еркемай, Көркемай
Ферузай, Гүлжайнай
Дана менен Ұлданай
Ақжайық пен Гүлшат ай
Жанерке мен Гүлден ай
Нұрайменен Мереке ай
Ақниетпен Сәулем ай
Анаргүлім тағы бар
Бәрінің де сәні бар

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: халқын, сүйген, сүйер, салтын
Просмотров: 343 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar