Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады
24.09.2015, 14:17
Тақырыбы: «Сарғайса да тарихтың ақ парағы,
Ол күндер мәңгі есте сақталады...»
Мақсаты:
• Ұлы Жеңістің 68 жылдығын атап өту.
• Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегін еске алу.
• Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі - өнеге тұту.
Түрі: «Айтуға оңай...» бағдарламасының желісі бойынша тыл ардагерлерімен кездесу
Көрнекілігі: тақырыптық презентация, шарлар, гүлдер.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
- Акт залы. «Кестелі орамал» әні ойнап тұрады.
- Келген ата - аналар мен қонақтарды қарсы алу. Сынып бойынша ата - аналар қатысын бақылау.
ІІ. Кіріспе бөлім
Жібек Серікқызы:
- «Соғыс» деген сөзді естігенде адамзат баласының жүрегі дір ете қалады. Неге? Өйткені соңғы 5 мың жыл ішінде 15. 583 соғыс /ірісі мен ұсағы/ өткен екен. 4 млрд. Адам қаза тапқан. Осы 5 мың жыл ішінде тек 295 жыл ғана соғыссыз тыныш өткен екен. Осынау жойқын соғыстардың ішіндегі ең ірісі – 72 мемлекет қатысқан Екінші дүниежүзілік соғыс. 110 миллион адам қолына қару алып қанды шайқасқа кірген.

Шәрбат Амангелдіқызы:
- 1941 - 1945 жылдар аралығындағы соғысқа 35 млн. Адам, соның ішінде 1. 5 млн. Қазақстандық қатысты. Бұл республика халқының 18 - 50 жас аралығындағы ересектердің 80 пайызын құрады.
- Қазақстаннан аттанған 1 млн. 500 мың адамның 700 мыңы, облысымыздан аттанған 40 мың азаматының 20 мыңы, ал ауданымыздан аттанған 4929 адамның 2932 – сі ғана аман - есен елге оралды.

Жібек Серікқызы:
- Арма, ардақты ағайын, ата - ана, ұстаздар мен құрметті қонақтар!
- Сөз барысынан аңғарып отырған боларсыздар, бүгінгі тәлімгерлер отауының кезекті сабағын Ұлы Жеңістің 68 жылдығы оның ішінде тыл ардагерлерінің ерен еңбектері жайлы болмақ.
- Бүгінгі «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады...» атты салтанатты кешімізге ардақты аталарымыз бен ақ жаулықты аналарымызды қонаққа шақырып едік. Қол соғып, қошеметтеп арамызға, сыйлы орынға шақырсақ.
- Тілепбек аға - Зүпия апа - Тишкен апа, Карл аға - Дәния апа

Шәрбат Амангелдіқызы:
Отан - Ана жылағанда шерленіп,
Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт.
Қара бұлтты қақ жарайық деді де,
Қолдарына қару алды ерленіп.
- Бұл соғыс халқымызға төнген ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы сұрапыл соғыс жүріп жатты.

Жібек Серікқызы:
Батыр ұл - қыз есімдері сақталады,
Жыр болып жүректерде жатталады.
Ғасырдан ғасырларға аңыз болып,
Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.
- Сол бір жылдары 500 - ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ «Кеңес Одағының Батыры» атағын алды. Солардың бірі де, бірегейі – жерлесіміз Нұркен Әбдіров.

Шәрбат Амангелдіқызы:
- Ұлы Жеңіске ат салысуда тылдағы еңбекте апаларымыз бен аналарымыз, әкелерімізден кем түскен жоқ. Уақытпен санаспай, ыстыққа күйіп, суыққа тоңа жүріп, Ұлы Жеңіске өз үлестерін қосқан еді. Жауға атылған үш оқтың екуі Қазақстанда жасалғанды. Соғыс өрті қашанда халық есінде.

ІІ. Негізгі бөлім
Рыскелді Иманбекқызы: Соғыс жылдарындағы ауылдың тынысы.
Мұражай деректерімен толықтырады.
Жібек Серікқызы:
Соғыс жалмап аға - іні, бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Бірақ біздер сіздердің арқаларыңызда,
Көрген жоқпыз сол бір қырған дауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы,
Бірақ біздер сіздердің арқаларыңызда,
Көрген жоқпыз қайғы жұтқан даланы,
Қан майданға шығарып сап ардағын,
Қыз - келіншек түсірмепті салмағын.
- Тыңдарман қауым, көкейлеріңізде қояр сауалдарыңыз болса әзірлеп, пікіралысуға белсене қатысып отырайық.

а/ Тыл ардагерлеріне арналған сауалдар:
№ 1 сұрақ:
Сұрапыл соғыс жылдарындағы ауылдың тұрмыс тіршілігіне қысқаша тоқталып өтсеңіздер.
№2 сұрақ:
Соғыс жылдарындағы еңбек түрлерін атап өтсеңіздер.
№3 сұрақ:
«Қаралы қағаз» келгендегі ауылдың жағдай қандай болды?
№4 сұрақ:
Сол кездегі ауылда басқарма кім еді? Басқарманың іс - әрекеті туралы қысқаша түсінік берсеңіздер?
№ 5 сұрақ:
Ең алғаш соғыс уақытында елге оралған жауынгерлер кімдер еді? Естеріңізде бар ма?
№ 6 сұрақ:
«Соғыстың құны» сіздерше не?
Соғыстың құны – кесілген білек,
Соғыстың құны – тесілген жүрек,
Соғыстың құны - лаулаған орман,
Соғыстың құны – уланған арман,
Соғыстың құны - өртенген аспан,
Соғыстың құны - төгілген жас қан....
№ 7 сұрақ:
«Жеңіс» деген сөзді қандай жағдайда естідіңіздер? Сол уақыттағы көңіл - күйлеріңіз қандай болды екен?
№8 сұрақ:
Соғыс уақытында оқу – білім мәселесі қандай болды? Ұстаздар кімдер еді?
№9 сұрақ:
Бейбіт өмірдегі жас жеткіншектердің патриоттық, Отансүйгіштік қасиеттеріне көңілдеріңіз тола ма?

ә/ Оқушылар тілегі:
Меруерт Құсайынқызы:
Жас ұланбыз жаны жарқын,
Қайтар - күш құрыш мығым.
Тамылжыған жаны алтын,
Қорғаймыз ел тыныштығын.
Желбіреген жалауымыз,
Ұлы Отанның ұланымыз.
Бейбітшілік қалауымыз,
Асқақтаған жыр - әніміз! - деп сіздерді мерекелеріңізбен құттықтауға бастауыш сыныптың оқушылары келіп тұр. Кезекті өлең шумақтарына берсек.

Дильназ: Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,
Оқ борап, снарядтар қаққанда ызың,
Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.

Рәсіл: Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама,
Жеңіс келді әке боп,
Елдегі бар балаға.
Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән - көрік,
Жеңіс келді алақай,
Тойып жейтін нан болып.

Аяулым: Айгүл:
Ұлжан: Бекжан:

Ән: «Ақ көгершін»
Орындайтын: Сарсекеева Құндыз

б/ Қонақ кәде айдары
- Бүгінгі кешімізге арнайы шақырылған тағы қонақтарымыз бар. Ауылымыздың мәйегі – кітапхана, ендеше ортаға осы тақырыпты жалғастырып, өз ойларымен бөлісу үшін кітапханашы апайларымызды шақырсақ.

в/ Көрермендер сауалы
/ тыңдарман қауымның ішінен сауалдар, тілек айтамын деушілерді ортаға шақырамыз./

Отан – Ана: / Назерке: /зарлы үнмен/
Жиырма миллион солдаттар жоқ тізімде,
Жиырма миллион жұлдыз жоқ көк жүзінде.
Олар қалды Сталинград биігінде,
Курск иініде!
Жиырма миллион бастарын тікті өлімге,
Олар қалды теңіздің түптерінде,
Алтын ошақ көре алмай мекендерін,
Олар қалды жерінде шет елдердің.
Олар қалды Освенциум түрмесінде,
Олар қалды Берлиннің іргесінде.
Жұтты соғыс оларды отты тілмен,
Жапты соғыс жүздерін көк түтінмен.
Жиырма миллион Отанның солдаттары,
Анттай бізге қасиетті болды аттары
Ескерткішке батыр қыз, нар жігітке,
Жиырма миллион от жақтық мәңгілікке!

Мәңгілік отты Отан - ана жағады да, көпшілікке қарап тұрып:
- Қасиетті Жер – Ананың төсінде бейбіт өмір, бейбіт еңбек жасасын!

ІҮ. Қорытынды
Қымбат Сапарғалиқызы:
- Жиырма миллион азаматтардың ерлігіне тағзым ете отырып, құран бағыштасақ.
- Ия, содан бері 68 бейбіт жыл артта қалып отыр. Бүгін сол Жеңіске қарумен, қаһармандықпен ат салысқан майдангерлерді еске алсақ, оны жанқиярлық еңбегімен жақындатқан тыл ардагерлері салтанатты кешіміздің қадірлі қонақтары. Құрметті тыл ардагерлері» Сіздерді Жеңіс мерекесімен шын жүректен тағы бір мәрте құттықтаймыз! Баршаңызға мықты денсаулық, молшылық пен бақыт, отбасыларыңызға игілік тілейміз.

Жібек Серікқызы:
Жас ұрпақ!
Асыр сап, шырқайды ерлікті ән қылып,
Небір заңғар таулар құлазып шөксе де,
Ерлердің бейнесі жасайды мәңгілік.
- Сталинград шайқасында опат болған мыңдаған жауынгерлердің денесі жерленген Мамай қорғанындағы ескерткіш ансамблінің кіре беріс оң жағындағы мрамор тақтаға жазылған өсиет сөзбен бүгінгі кездесуімізді аяқтасақ.

- «Соғыста құрбан болғандардың жете алмаған жеріне Сен жетесің! Жер бетінде баянды бейбітшілік орнату – тірі адам сенің борышың! Саған қалған үлес сол – осыны өтесің, адамгершілік парыздан құтыласың, Отан міндетін, ана сүтін ақтағаның.»

- Бүгінгі кездесуден естелік ретінде сіздерге «орамал - тон болмайды, жол болады»- деген салтпен апаларымызға көйлек кигізіп, Аталарымызға тәтті кәмпит қораптарын тарту етпекпіз. Сонымен бірге сіздермен ескерткішке фотоға түсіп қалсақ деп едік.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: мәңгі, Ол, Ақ, да, есте, күндер, Сарғайса, ПАРАҒЫ, сақталады, тарихтың
Просмотров: 178 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar