Сарқылмас қазына Бесік жыры - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Сарқылмас қазына Бесік жыры
24.09.2015, 09:56
«Сымбат»жеке мектебінің бастауыш мұғалімі
Алдабергенова Үзілдік Жомартқызы

Сабақтың тақырыбы: Сарқылмас қазына. Бесік жыры
Сабақтың мақсаты: Қазақтың қазынасының бірі бесік туралы әңгімелеу. Бесіктің жасалу құрылысы туралы, оны қолдану әдістерін білуге үйрету. Бесік жыры туралы мәлімет беріп, мағынасын түсіну.
Өз ұлтының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін білуге үйрету. Өз Отанына деген сүйіспеншілікті арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекілік: интерактивті тақта, үлестірмелі тапсырмалар
Әдіс-тәсілдер: ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ қою, түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Орнымыздан тұрайық,
Амандасып алайық.
Ұқыпты тыңдап сабақты,
Жақсы баға алайық,

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткенді қайталау.
Тест тапсырмалары.
1. Осы тараудағы Абай өлеңін ата?
2. «Қымыз молайып, қозы піскен кез» деп қай айды айтамыз?
3. Шыбынсыз айларды ата?
4. «Дала» өлеңінің авторы кім?
5. Таң алдында ататын жұлдыз.
6. Ғабит Мүсірепов кім?
7. Малды жақсы көретін бала?
8. Жаз айларын ата?
9. Жыл мезгілін ата?
10. Нөсер деген не?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Бесік жыры туралы түсінік
Бесік Жыры — тұрмыс-салт жырларының көне түрінің бірі. Әлемде Бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Халық педагогикасының мәйегіне айналған бесік жырында халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным-сенімінің, дүниетанымының көрінісі бар. Бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Әлем халықтарының бесік жырылары әр елде әр түрлі аталғанымен, атқаратын міндеті, мазмұн байлығы, поэтикалық құрылымы мен саз-әуені жағынан үндесіп жатады. Бесік жырының басты қызметі — бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Бесік жыры баланың сәби кезінде, яғни 1-5 жас аралығында, бала жанына жағымды әуенмен айтылады, әуен - сазсыз Бесік жырының мәні де, сәні де келмейді. Қазақ Бесік жырының үлгілерін алғаш Ә. Диваев хатқа түсіріп, 1905 ж. жариялаған. Содан бері там-тұмдап жиналып келе жатқанымен, халық жырларының асыл үлгілері әлі де толық хатқа түсе қойған жоқ.

ІV. Оқулықпен жұмыс
1. Бесік жырын мәнерлеп оқып беру
2. Мазмұнын талдау. Сұрақ - жауап әдісі.
а. Анасы баласын қалай жұбатады?
ә. Анасы баласының кім болуын қалайды?
б. Өлең неліктен «Бесік жыры»деп аталған?
3. Іштей оқу
4. Тізбектеп оқу
5. Мәнерлеп дауыстап оқу

V. Сергіту сәті.
Өлең «Әй - әй бөпем, әй бөпем» өлеңін тыңдау
6. Дәптермен жұмыс.
Өлеңдегі анасының баласына кім болар екенсің деп санамалап айтқан мамандық түрлерін, дәптерлеріне
теріп жазу.
Ұста, балуан, ғалым, әртіс.

VІ. Шығармашылық жұмыс.
Сенің кім болғың келеді? Шағын әңгіме жазу. Жазған әңгімелерін оқыту..
VІІ. Қорытынды.
VІІІ. Бағалау.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Бесік, Сарқылмас, қазына, Жыры
Просмотров: 249 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar