Ұқсата білген ұтады - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ұқсата білген ұтады
24.09.2015, 14:28
Тақырыбы: Ұқсата білген ұтады!

Мақсаты: Әлеуметтік мәнді және жеке тұлғаны қалыптастыру.
Шығармашылық түрлі жұмыстар арқылы оқушы ойын жетілдіру, қабылданған шешім нәтижесін бағалай білуге қалыптастыру, өз қадірін сақтай білуге және жауапкершілікке, өз ойын еркін айтуға баулу.
Әдісі: Ой қозғау, пікір алысу
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, нақыл сөздер

1. Балаларға өнер – білім бұлағы берілсін,
Сұлу мінез әр өнермен өрілсін. (Ж. Баласағұн)
2. Жас кезінде білім берсең қалайда,
Өсе келе қолы жетер талайға.
3. Бала – басты байлығымыз,
Ал ең асылымыз оның тәрбиесі.
4. Бала нені білсе жастан, ұядан –
Өле - өлгенше соны таныр қиядан.

І. Ұйымдастыру
Сыныпты үш топқа бөліп отырғызу.
ІІ. Кіріспе
Жас ұрпақ дәстүрде жинақталған ақпарлар арқылы ата - бабадан қалған материалдық және рухани мәдениетке мұрагер болады. Мысалы, халқымыздың «Ата салған жол бар, ене пішкен тон бар», «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деуінің мәні бұрынғыдан қалған жөн - жосық, әдет - салттың басшылыққа алынуға міндеттілігін білдіреді. «Түбірлі мәселені шешерде, түп атадан келе жатқан жолды ұста» дейтін әлгі мақалдардың бір әулеттен келесі әулетке ұмытылмай жетуінің өзі дәстүр. Халық осындай дәстүр жалғастығын зор мұрат санайды.

ІІІ. Негізгі бөлім.
3 топ оқушыларына ой қозғау сұрақтары:
Қай шығармадан үзінді?
Асан бай баласы, Үсен жарлы баласы – екеуі құрдас екен. Бір күні ел көшкенде қыр астында ойнап жүріп ескерілмей, екеуі жұртта қалыпты. Бір мезгілде үйге баралық деп келсе ауыл жоқ, құр жұрты жатыр. Асан айқай салып, жылай бастады. Үсен ойланып тұрды да айтты:

Сұрақ: Үсен не айтты?
- Жылағанмен еш нәрсе өнбес. Көшкен ауылды іздеп табалық, деді де, жұртта қалған қандай заттарды өзімен бірге алып жүрді.
- (Бір көзі сынған ине, пышақтың сынығын, бір уыс қыл)
Сонан соң ауылдың жұртын айнала жүгіріп жүріп, көштің кеткен сүрлеуін тауып, сол сүрлеуге түсіп жүре берді. Біраз жер өткен соң сүрлеу екі айырылды. Мұны көріп Асан жылай бастады:
- Енді қайсысына түсеміз? – деп, Үсен қарап жүріп, біреуіне түсті:
Сұрақ. Олар қай сүрлеуге түсті, неге?
(Бүгін жүрген көштің сүрлеуі, малдың жас тезегі)
Біраз жер жүрген соң Асан қарным ашты деп жылады. Үсен үндемей келе жатса, екеуінің алдынан бір үйрек ұшып, ұзамай қасына қонды. Асанның онымен ісі болмай жүре берді. Үсен жүгіріп барып сипалап жүріп, үйректің орнынан алты жұмыртқа тапты. Асан қуанып жұмыртқаны алайын деп еді, Үсен алдырмай:
- Жолдан адасып көп күн жүрсек бізге тамақ керек болар, үйректі де ұстап алайық дейді.
Асан айтты:
- қалай ұстаймыз?
Сұрақ: Үсен кімнен көргендерін айтып, үйректі қалай ұстайды?
(Үйрекке тұзақ құрып, сосын пышақтың сынығымен бауыздап алады)
- Мұнан соң келе жатып, түс ауған уақытта, екеуі бір өзен – судың бойына жетті. Су ішіп сусындарын қандырған соң, тамақ жегілері келеді, бірақ от жоқ, не істейді?
Жауабы: Шақпақ тастан от жағып, жұмыртқаны пісіріп, үйректі отқа қақтап жейді. Тамақтары тойған соң, Асан су жағалап жүгіріп ойнайды. Судағы балықтарды көріп, Үсенге балық аулайық деп айқай салады.
Сұрақ: Осы кезде Үсен қандай амал ойлап табады?
(Инені отқа қақтап, қызартып, қармақ істеді)
Балық қызығымен жүргенде кеште батады. Біраз жүрген соң – ақ күн кеш болды және біраздан соң ымырт жабылып, жол көрінбеді. Түн болған соң балалар екеуі де қорқайын деді. Сөйтсе де Үсен сыр білдірмей енді жүрсек адасармыз деп тоқтады, тезек теріп, от жақты. Ал Асан болса ұйықтап қалды.
Сұрақ: Осы кезде Үсеннің ойына әкесінің қандай сөзі түсті?
Таң атқаннан кейін екеуі қайта жолға шықты. Күн сәскеге шейін жүріп отырып, сәскеде бір қатаң шоқаттау жерге түсіп көрінбей кетті. Балалар енді қай жаққа жүрерін білмей дағдарып тұрды. Сөйтіп, жан - жағына қарап тұрса, ілгері алдында бір биік қыр үстінде үлкен мола көрінді. Сонда Үсеннің ойына әкесінің сөзі түсті: далада жүріп адассаң, молалы жерде су болады, сулы жерде ел болады дейді. Сол ақыл бойынша Үсен Асанды ертіп, молаға қарай жүрді. Молаға жақындап келгенде, қаңқылдаған қаздың даусы шықты. Үсен енді білді жақын жерде көл бар екенін, оның үшін қаз сусыз жерді мекен етпейді. Келіп екеуі енді молалы қырға шықты, қараса қырдың жығылар асты үлкен көл екен, көлдің айналасы да, іші де жыңылдаған мал, енді бір жағасында сортаңда бір топ түйе жатыр. Бұларды көріп балалар қырдан түсіп, жүгіріп малға келді. Келсе өз ауылдарының малы екен. Малшылар Асан, Үсенді көріп, олар да қуанып, біреуі әке – шешелерінен сүйінші сұраймыз деп шауып кетті, өзгелері балаларды атқа мінгізіп, ауылға алып жүрді.

ІУ. Мағынаны тану.
Осы әңгімеден біз не түйдік?
Яғни Үсеннің өте ақылды, әкесінің айтқан сөздерін есінде сақтап, тығырықтан шыға білді. Әрбір тауып алған затын ұқсата білді.
V. Топтардың тақырыптарына сәйкес мақал – мәтел айту.
VІ. Сахналық қойылым.
Әңгімені кез – келген жерінен үзінді көрсету.
VІІ. Қорытынды.
Балалар осы әңгімеден түйгендерін айта отырып, өздерінің үйден жасаған бұйымдарымен немесе ата – анасының айтқан сөздерінен мысал келтіреді.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ұтады, Ұқсата, білген
Просмотров: 180 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar