Саз әлемі - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Саз әлемі
24.09.2015, 09:17
«Саз әлемі»
Қазақ биі «Ерке сылқым» орындайтын «Нарцисса» бишілер тобы!

Ербұлан: Ассалаумағалейкум халайық!
Алдымен сәлемдесіп алайық.
«Саз әлемі» жас мамандар жобасын,
Рұқсат болса, біздер бүгін бастайық!

Айгүл: Армысыздар қадірменді халқым менің!
Ардақта дәстүріңді, салтыңды елім.
Дәл бүгін жас мамандар жобасында,
Сездірсін егемен ел жарқын лебін.

Тербетіп тұрса болды, жер бесігін,
Дәулеттің тілемеймін көл көсірін.
Көз тимей кірбің түспей қабақтарға,
Жалғыз - ақ құтты болсын енді осы күн!

Аида: Кеш жарық, құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!
Тәуелсіздік мерекесі қарсанында ұйымдастырылып отырған «Жас мамандар» арасындағы «Саз әлемі» жобасына қош келдіңіздер!

Сіздерді көп күттірмей жобаға қатысушы жас мамандарымызды сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырамыз!
Өнерлі сайыскерлер андап басып
Келеді міне ортаға толқып тасып
Сәттілік тілеп тұрып өздеріне
Қошеметпен қарсы алайық амандасып

1. Аида: Абдирзакова Альбина мен Бегалы Жұмаәділбек
2. Айгүл: Жантуреева Гүлнұр және Сарбасова Райхан
........

Ербұлан: Енді қатысушы жұптарымызды жобаның шарттарымен таныстырып өтейік. Жоба 2 бөлімнен тұрады:
1. «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем әнмен тәтті күй» яғни қазақ әнін орындауы тиіс.
2. Аида: «Болмасаң да ұқсап бақ» немесе « Мың бұрала билеген» яғни қатысушыларымыз өнер адамдарына пародия жасап немесе би өнерін көрсету керек.
Айгүл: Бүгінгі жобамызға төрелік етіп, әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

1) Халық қамын, елдің жайын ұғатын
Көпшіліктің көңілінен шығатын
Әділ қазы Мадина Керейханқызы
Бізге қарай бір бүйрегі бұратын (әділ қазы мүшесі қала әкімінің орынбасары Сүйінғарина Мадина Керейхан қызы)

2) Аида: Ол біледі сол өнердің ләззатын
Гүлзира Шырынхан қызы әділ қазы ортада
мәдениет пен егіз еткен өз атын (аудандық мәдениет үйінің директоры Әбілова Гүлзира Шырынхан қызы)

3) Ербұлан: Ол жастардың болашағын ойлаған
Ауыл жасын қамқор болған қорғаған
Жандос Махмуд ұлы әділ қазы мүшесі
Жастар ісін, жастар ойын қолдаған (ауыл жастар одағының жергілікті өкілі Жандос Махмуд ұлы)

4) Айгүл: Түсінетін ән әуенді саралап
Музыканың ұлылығын даралап
Жанат әділ қазы мүшесі
Сын айтатын сайыскерді бағалап (музыка мектебінің директоры Жанат )

5) Аида: Көңілі оның күй көктем
Би өнерін үйреткен
Тал шыбықтай аруларды
Мың бұрала билеткен (биші Тасмағамбетова Ляззат Рамазан қызы)

6) Ербұлан: Белгілі «Назар» тобын білесін бе?
Кім лайық осы атаумен бұл есімге
Қуандық Нұралы ұлы әділ қазы
Түсінген ән өнерді үлесім деп («Назар» триосының әншісі Қуандық Нұралы ұлы)

7) Айгүл: Құрмет тұтып сыйлай білген баршасы
Ізгілікке толы оның ортасы 2
Бұл жобаға төрелігін айтатын
Жомарт Мырзабек ұлы әділ қазы алқасы (әділ қазы төрағасы мектеп директоры Шабаров Жомарт Мырзабек ұлы)

Аида: Жас маман сәтті өтсін сайыстарың,
Жеңіске жетпесең де қамықпағын.
Жеңісті бәріңізге тілейміз біз!
Бір - бірінен өнерден қалыспағын, – дей келе «Біз» сайысымызды бастаймыз. Сіздерге ақ жол, сәттілік пен шыдамдылық тілейміз! (кетеді)
Ербұлан: Аида апай, осы сіз кезінде география сабағын нешеге оқыдыңыз?
Аида: Жаман емес! Оны неге сұрадың?
Ербұлан: Сұраған себебім біздің алғашқы сайыскеріміз география пәнінің мұғалімі.
Аида: Атамекен туып өскен мекенім
Сені мәңгі әнге қосып өтемін!
О, туған жер, өзің аман тұрғанда.
Талай арман мақсаттарға жетемін – дей отыра сахнаға Жантуреева Гүлнұр мен Сарбасова Райханды «Атамекен» әнімен ортаға шақырамыз!
Ербұлан: Енді әділ қазылар өз бағаларыңызды беріп кетсеңіздер...
Ербұлан: «сен келгенде Ақжайнақ
шай орамал бір байлап»
Аида: Неткен керемет ән!!!
Ербұлан: Аида апай, осы әнді тыңдағыңыз келе ме?
Аида: Иә
Ербұлан: Олай болса Абдирзакова Альбина мен Бегалы Жұмаәділбектің орындауында «Ақжайнақ» әні. Қабыл алыңыздар!
Аида: Ербұлан, сеніңше, дүниедегі ең асыл жан деп кімді ойлайсың?
Ербұлан: Әрине, ол бізді жарық дүниеге әкелген аяулы АНА!

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Саз, әлемі
Просмотров: 207 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar