Сейіт ата қонақта - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Сейіт ата қонақта
24.09.2015, 12:28
Сабақтың тақырыбы: «Сейіт ата қонақта»
Мақсаты: Өзіміздің қалада тұратын, ағарту ісінде елеулі еңбегі бар, тәрбие, ата дәстүрін дәріптеп, жаңғыртып келешекке зор үлгі көрсетіп жүрген, мектебіміздің әрі ата - анасы, әрі мақтанышы Сейіт атамен оқушыларды, жас отбасы иелерін кездестіріп, өнегесін алу.
Көрнекілік: слайд, интерактивті тақта, ақын - жазушы, сатирик әрі этнограф ғалымның кітаптарына көрме ұйымдастыру.

Мұғалім: құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар «Көңіл аудар даналардың сөзіне, адал жанды өнеге тұт өзіңе» деп Ж. Баласағұни айтқандай біздің үлгі тұтарымыз – алдыңғы буын аталар, әкелер, ағаларымыз. Оларды сыйлау, олардың айтқан аталы сөзін тыңдау, құрметтеу ата – бабаларымыздан мирас болып келе жатқан дәстүрлеріміздің бірі. Бүгінгі күнде біздің білім ордасында қонақта өзі ақын, өзі жазушы, өзі сатирик, өзі этнограф Сейіт Кенжеахметов атамыз.
1 Жүргізуші: 1939 жылдың 12 қаңтарында Қостанай облысының Жанкелдин ауданындағы Қызбел аймағының «Сарықопа» атты жерінде туған. Жазушы, ақын сықақшы, белгілі этнограф, мәдениетанушы.
2 Жүргізуші: Торғай қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектепті, С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген (1969). 1957 - 1965 жылдар арасында Торғай орта мектебінде мұғалім, аудандық мәдениет бөлімінің халық театрында режиссер, аудандық мәдениет үйінде және А. Иманов мемориалдық музейінде директорлық қызметтер атқарған. 1965 жылдан бастап баспасөз саласында жұмыстар істеді. Жанкелдин аудандық «Жаңа өмір» (1965), Қостанай облыстық «Коммунизм таңы» (1966 - 1970), Торғай облыстық «Торғай таңы» газеттерінде (1970 - 1977), бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы міндетін атқарды. 1977 - 1989 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының Торғай облысындағы әдеби кеңесшісі, 1989 - 2002 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі болып жұмыс істеді.
1 Жүргізуші: 1990 - 1995 жылдарда Торғай облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы міндетін қоса атқарды. 2003 жылдан бастап Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті жанындағы «Отырар кітапханасы» Ғылыми - зерттеу орталыында аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.
2 Жүргізуші: Әдебиетте алғашқы қадамын сатиралық өлеңдер мен мысалдар жазудан бастаған. Оның тұңғыш туындылары 1957 жылдан бастап «Лениншіл жас», (қазіргі «Жас Алаш»), «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде «Ара», «Мәдениет және тұрмыс» («Парасат»), «Қазақстан әйелдері» журналдарында жарияланды. 1965 жылдан әзіл - сықақ әңгімелерімен бірге шағын интермедиялар жазды.
1 Жүргізуші: Оның сәтті интермедиялары «Тамаша» ойын - сауық отауында 30 жылдан астам уақыт бойы қойылып келеді. Сатиралық шығармаларға арналған республикалық конкурстарға бірнеше рет жүлдегер атанды. Этнографиялық - танымдық еңбектері үшін «Ана тілі» газетінің «Ана тілінің саңлағы» құрметті атағын алды (1992 ж.). «Жеті қазына» атты 3 кітаптан тұратын ұлт мәдениетіне арналған ғылыми еңбегі үшін Қостанай облысы меценаттарының «Қазына» атты сыйлығын алды (2002 ж.).

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: қонақта, ата, Сейіт
Просмотров: 123 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar