Сен білесің бе? (танымдық сайыс) - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Сен білесің бе? (танымдық сайыс)
24.09.2015, 10:56
3 сыныптар арасында Сен білесің бе? атты танымдық сайыс

Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Міндеттері: Топтық жұмыстар арқылы ынтымақтаса жұмыс жасауға үйрету. Патриоттық тәрбиеге баули отырып, өз Отанын сүюге, өз елінің азаматы болуға тәрбиелеу.
Жұмыс түрі: топтық сайыс

Құралдар: интерактивті тақта, керекті слайдтар, ойын шарттары
Жүру барысы:
1. Ұйымдастыру
Әр сыныптан 2 қыз, 2 ұл, барлығы төрт сыныптан 16 оқушы сайысқа қатысады. Олар қайтадан араласып 4 топқа жетекшілерімен бірге топтасады.
1-топ Қызыл түсті балақайлар Жетекшісі: Қойшыбаева Х. О.
(4 оқушы)
2- топ Жасыл түсті балақайлар Жетекшісі: Закариева Ж. Б.
(4 оқушы)
3- топ Сары түсті балақайлар Жетекшісі: Келдібаева В
(4 оқушы)
4 -топ Көк түсті балақайлар Жетекшісі: Жексемалиева А. Ғ.
(4 оқушы)

1-аялдама ЕРЕКШЕ САНДАР
Осы сандар қандай күнмен, оқиғамен байланысты екенін толықтырып айту.
1997, 15, 1, 9, 8, 1993, 1995, 25, 2012, 1991, 1992, 22, 16, 70, 1986,
2- аялдама: БІРГЕ ОЙЛАЙЫҚ
Әр топқа белгілі ақын – жазушылардың өлеңдерінің соңғы екі жолы оқылады. Бастапқы екі жолын тауып айту керек. Сонымен бірге өлеңнің авторы, тақырыбы бірге айтылады.

1 -топ: Тілегенің алдыңнан
Іздемей – ақ табылар...

2- топ: Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!

3 -топ: Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
4 -топ: Өзінің де өзгенің
Баласы – оның баласы.

3- аялдама: ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫ
Тілсіз ой болуы мүмкін емес. Халқымыз өз ойларын дана сөздер арқылы ұрпақтарына мұра етіп қалдырған.
Қай топ жаңылмай көп мақал айтса, сол топ жеңеді.

4 -аялдама ЖОРҒА САЙЫС
Бір минут ішінде әр топ пәндер бойынша қойылған сұраққа тез жауап беруі керек.

5- аялдама: БАСҚАТЫРҒЫ
ьториқазлооақспавтанждшмефыніңаывотшгешанячсымжщ
Берілген дыбыстардан сөйлем құру.
ҚАЗАҚСТАН - МЕНІҢ ОТАНЫМ

6 -аялдама: ЖҮРЕКТЕН – ЖҮРЕККЕ
Оқушылар шеңбер жасап, бір-біріне тілек жолдайды..

Сіздерге табыс тілеймін,
Жарық пен жылу, денсаулық!
Біріңе – бірің сендер де,
Тілеңдер біраз жақсылық.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: (танымдық, Сен, білесің, БЕ?, сайыс)
Просмотров: 324 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar