Сенің ойының - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Сенің ойының
24.09.2015, 10:39
Сайыс сағаты: "Сенің ойының" (презентация)
9 – сынып
Сыр сандықтың біреуін таңдаңыздар
● Жыраулар поэзиясы
● Билер сөзі
● Махамбет Өтемісұлы

Шоқан Уәлиханов қай жырауды “Көшпенділер философы” деп бағалаған?
♦ Асан қайғыны
Бұқар жырауды
Доспамбет жырауды
Шалкиіз жырауды
Есім ханның бас биінің бірі болған қай жырау?
Доспамбет жырауды
Шалкиіз жырауды
♦ Жиембет жырау
Қазтуған жырау

“Қоғалы көлдер, қом сулар” өлеңі қай жыраудікі?
Ақтамбердінікі
Доспамбеттікі
Асанқайғыныкі
♦ Шалкиіздікі

Құландар ойнар қу тақыр
Қурай бітпес демеңіз.
Қурай бітпес құба жон
Құлан жортпас демеңіз,- деген өлең жолдары Бұқар жыраудың қай өлеңінен алынған?
“Асқар таудың өлгені”
“Биік тауға жарасар”
♦ “Айналасын жер тұтқан”
“Бірінші тілек тілеңіз”

Асан қайғының “Бұл заманда не ғаріп?” өлеңін жатқа айтыңыз.
Бұл заманда не ғаріп?
……………………………
...........................................
Жақсыларға …………..
............................................
Жауабы:
Бұл заманда не ғаріп?
Ақ қалалы боз ғаріп,
Жақсыларға айтпаған
Асыл шырын сөз ғаріп.
Замандасы болмаса,
Қариялар болар тез ғаріп
Қадірін жеңге білмесе,
Бойға жеткен қыз ғаріп,
Ел жағалай қонбаса,
Бетегелі бел ғаріп.
Қаз - үйрегі болмаса,
Айдын шалқар көл ғаріп.

Әрі батыр, әрі шешен Сырымға бата берген Малайсары би Сырым жолдастарымен енді аттанғалы жатқанда, бас киімін шешіп, басын сипапты. Сырым оған жауап ретінде тілін шығарады.
Малайсарының сұрағы мен Сырымның жауабын айтыңыз.
Малайсары: “Басқа пәле...?”
Сырым: «…………………?»
♦ Малайсары: “Басқа пәле - неден?”
Сырым: «Басқа пәле – тілден»

Ел арасына “Қарлығаш әулие”, “Қарлығаш би” деген атпен танымал болған би кім?
Бөлтірік шешен
♦ Төле би
Қаз дауысты Қазыбек
Әйтеке

Қазыбек Келдібекұлына “Қаз дауысты Қазыбек” деген ат берген кім?
Халық
Қалмақ ханы – Қалдан Серен
♦ Қалмақ ханы – Цэбен Рабтан
Абылай хан

“Үлкен алдында иіліп сөйле,
Кіші алдында сызылып сөйле.
Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,
Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді”,- деген ұлағатты сөздің иесі кім?
♦ Бөлтірік шешен
Ақтайлақ би
Байдалы би

“Бұл дүниеде не өлмейді” деген Жәнібек ханның сұрағына Жиренше шешеннің берген жауабын
айтыңыз.
Асқар таудың өлгені –
Басынан бұлттың асқаны.
............................................
............................................
............................................
♦ Жауабы:
Асқар таудың өлгені –
Басынан бұлттың асқаны.
Ай мен күннің өлгені –
Еңкейіп барып қатқаны.
Аққан судың өлгені –
Алты ай қыста қатқаны.
Қара жердің өлгені –
Қар астында жатқаны.
Бұл дүниеде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.

Презентациясын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ойының, Сенің
Просмотров: 222 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar