Шығыс шамшырағы ұрпақтарға ұлағат - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Шығыс шамшырағы ұрпақтарға ұлағат
24.09.2015, 13:19
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Қазалы ауылы, №100 орта мектебі.
Авторы: Саулебаева Ләззат Шакиқызы.
санаты: бірінші
Білімі: жоғары

Сабақтың тақырыбы: Шығыс шамшырағы - ұрпақтарға ұлағат
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға Шығыстың жарық жұлдызы атанған.ұлтымыздың ұлы тұлғасы Ғани Мұратбаев өмірінен және елге сіңірген еңбегі туралы мағлұмат беру.
а) Оқушыларды ағамыздың халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, жүргізген саясатын үлгі ету, патриоттық құндылықтарды сіңіріп тәрбиелеу.
б) Оқушылардың өз бетінше іздену, оқу арқылы сөздік қорларын молайту, тіл мәдениетін, дүниетанымын кеңейту.

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
Гимн орындау.
2.Кіріспе.

Мұғалім сөзі:Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар және оқушылар!
Біз бүгін Сыр бойында, қасиетті Қазалының топырағында дүниеге келген Ғани ағамыздың 110
жылдығына арналған «Ғани өмірі – ұрпақтарға үлгі» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаев Қазалының қасиетті топырағында, қазіргі өзінің атымен аталатын ауылда Мұратбай болыс шаңырағында 1902 жылы 3 маусымда дүниеге келді.Әкесі Мұратбай ұзақ жылдар болыс болып, ел билеген парасатты адам болған. Ғани 4 жасқа келгенде әкесі қайтыс болады. Анасы Бәтима баласының зеректігін байқап, оны 9 жасында Қазалы қаласындағы орыс-қазақ мектебіне береді. 1914-1917 жылдары ол Қазалыдағы бастауыш училищесінде оқиды.Ғани 14 жасқа келгенде анасы қайтыс болады.Бастауыш училищені бітірген соң, ол 1917-1918 жылдары Қазалыда тұңғыш рет Кеңес үкіметі құрылған революциялық комитеттің мүшесі болып қызмет істейді.

Жазира: 1918 ж.16 жастағы Ғани Ташкент қаласындағы педагогикалық училищеде оқыды және Финкельштейн атындағы мемлекеттік мектепті бітіреді. Алғыр да пысық жігіт 1919 жылы Ташкентте жастар ұйымына мүшелікке қабылданады.

Оңталап: 1916 жылғы және одан кейінгі оқиғалар салдарынан аштыққа, жалаңаштыққа ұшыраған , қаңғырып жүрген жетім балаларды мемлекеттік интернаттарға, балалар үйлеріне, мектептерге тарату ісіне белсене араласты.

Перизат: Ол қиын-қыстау кезеңдерде халықтың жағдайын түзету үшін, сол кезеңдегі ел басына түскен ауыртпалықтың жойылатынына жастарды сендіріп, болашақ үшін денсаулығына қарамастан бар күш-жігерін жұмсады.

Ислам: Ол Түркістан комсомолы орталық комитеті аппаратында қызмет істеп, қазақ-қырғыз жастары арасында жұмыс жүргізетін бюроның төрағасы болды.1921 ж.Ғани Түркістан комсомолының өкілі ретінде Қазақстан астанасы Орынбор қаласында өткен Қазақстан комсомолының I съезіне қатысты.

Назерке: 1921 ж.22 наурызда Ғани Мұратбаевтың бастамасымен Түркістан Республикасы Жастар Одағының үні «Жас алаш» газетінің тұңғыш нөмірі жарыққа шықты.Яғни Ғани «Жас алаштың» алғашқы редакторы.

Дамир: 1921 ж.Түркістан комсомолының III съезінде 19 жастағы Ғани Түркістан комсомолы Орталық Комитетінің жауапты хатшысы болып сайланды.1922 ж.партия қатарына қабылданған Ғани Ресей Жастар Одағы Орталық Комитетінің Орта Азия бюросы құрылғанда Орталық комитетінің мүшесі және хатшысы болып сайланды.

Айман: Осы жылы Орта Азия еңбекші жастары арасындағы қозғалысты дамытудағы зор үлесі үшін Ғани Хорезм Республикасының «Қызыл еңбек»орденімен марапатталады.1924 ж. Ғани Ресей Жастар Одағының VI съезіне делегат болып қатысты.

Айдос: 1924 ж.Коммунистік Жастар Интернационалының атқару комитетінің президиум мүшесі және шығыс елдері жастары бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істеді.

Мұғалім сөзі:
Сол жылы өзінің жары Бақытжан Танауовамен бас қосты.Ғани 1925 ж.15 сәуірде асқынған көкірек ауруынан қайтыс болды.23 жыл өмірінде екінің бірінің қолынан келе бермейтін қарбалас жұмыстарды атқарған Ғани халқының даңқын шығарып кетті.
Қазақтың жарық жұлдызы атанған осындай асыл перзентін туған халқы ешқашан ұмытқан емес.1968 ж.Қазалы қаласында тарихи-мемуариалдық мұражай ашылып, Ғанидың өмірімен қызметін жас ұрпаққа насихаттау мақсатында бүгінге дейін тынымсыз жұмыстар жүргізілуде.Мұражайдың экспозициясында Ғанидың балалық шағынан бастап, қызмет істеген жылдардағы тарихи құжаттар мен фотосуреттер бар.Серіктестері мен ізбасарлары туралы да мәліметтер мол.Ғанидың туған күні жыл сайын кең көлемде аталып жүр.

Жайнагүл: Қазалыда Ғани келді өмірге,
Мәңгі тұрар есімі оның көңілде.
Ұрпағына ұран болып әр ісі,
Жарқырайды қазағымның көгінде.

Амантай: О, Киелі қасиетті Қазалым,
Тіл жетер ме айтуға бар ғажабың.
Ұлы тұлға-Ғани баба тойында,
Жыр-өнердің қайнатайық қазанын.

Сәнім: Ғани аға! Мен Сізді көргенім жоқ,
Айта алармын, бірақта көргенмін деп.
Себеп сол мектептен, мұражайдың,
Атыңды естіп өскенмін кішкентайдан.

Аян: Мен Ғанимын-
Жалынмын лапылдаған,
Қалды артымда таңдарым атырмаған.
Халқым үшін қаңтарда мұз жамылдым,
Мәселе жоқ басымды қатырмаған

Динара:Ғани деп басталады әңгімеміз,
Ғани деп отырамыз мәңгіге біз.
Ғани деп күйін тартсақ Құрманғазы,
Ғани деп шырқатамыз әнді де біз.

Нұржан: Мақсатың биік ұмтылдың асу асқарға,
Қамқоршы болдың, жалындап жүрген жастарға.
Ғани аға – өзің салған жолыңмен,
Ұрпақтарың қайраттанып басты алға.

Альбина:Ойыңа толқу кірмеген,
Сырымның бойы дүр етті.
Жарқ етті сонда мінбеден,
Жас Ғани – жалын жүректі.

Бейбарыс:Бақыттың бұла құсындай,
Қиялы кезген әлемді.
Мақтаныш етем қысылмай,
Ғанидай ұлы бар елді.
Ән: «Комсомолдар жыры» орындайтындар: Ғарифулла, Аян.

Қорытынды бөлім:Міне сынып оқушыларының «Ғани өлген жоқ!», «Ғани мәңгі тірі!», «Біз Ғанимен біргеміз!» деген сөздері көпшіліктің көңіліне патриоттық сезім шуағын себелеп, Ғанидың жалынды өмірін көптің көзіне елестеткендей.Ғани өз заманына сай, уақыт толқынына ілесе білген асқақ ойлы, өр кеуделі өрен еді. Елдің жоғын жоқтады, халқымен бірге мұңайды, бірақ болашаққа сенді. Ғани тағылымы әрқашан ұрпаққа үлгі.Ия, Ғанидың өмірі, оның ізбасарлары арқылы осылайша жалғаса беретіні сөзсіз.

Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ұлағат, Шығыс, ұрпақтарға, шамшырағы
Просмотров: 180 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar