Шығыстың қос шынары - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Шығыстың қос шынары
24.09.2015, 13:01
Тақырыбы: [/b] «Шығыстың қос шынары»
[b]Мақсаты: [/b] Оқушыларға Ұлы жеңістің қаншалықты қиыншылықпен келгенін түсіндіру. Отанын, елін, жерін қорғауға, оны сүюге тәрбиелеу. Патриоттық сезімге баулу, оқушы бойына ұялату.
[b]Көрнекілігі:[/b] Алия мен Мәншүктің суреттері слайдтар

[b]Барысы[/b]
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Соғыс! Зұлмат соғыс! 1941, 1942, 1943, 1944, 1945 осы 5 жыл ішінде қаншама өмір қиылып, қанша отбасы өз тіректерінен айырылды. Осы сұм соғыста тек жігіттер ғана емес сонымен бірге жігіттермен қоса аруларымыз да соғысқа аттанған еді.
Соғыс қалай басталды Үнтаспадан тыңдап көрейік.
Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз жандары нәзік болса да ер кісілермен қатар ерлік көрсеткен Әлия мен Мәншүк апаларымызға арналады.
Иә, балалар, естеріңде болса біз ана тілі сабағында Әлия мен Мәншүк апамыздың ерліктері туралы оқыған болатынбыз. Олар өздері соғысқа сұранып еді. Олардың соғысқа сұранған арызы қандай еді?
[b]1 - оқушы [/b] «Пулеметші болып соғысқа шықсам екен «Максиммен» жауды топырлата құлатсам екен. Өзім өлсем де Отаным аман болса екен.»
Мұғалім Осылайша Мәншүк өзі сұранып соғысқа аттанған еді. Ал, кәнеки, Мәншүк қай жылы, қай қалада соғыста болған екен?
[b]2 - оқушы[/b]
1943 жылы Күз айы. Барлық пулеметшілер Калинин майданына келді. Олардың ішінде Мәншүк те бер еді. Ол соғыстың ең қауіпті жеріне жіберілді.
Мұғалім: Мәншүк жау әскерлеріне қандай ерлік көрсетті?
[b]3 - оқушы [/b] Жау әскері Невель қаласына шабуылға шықты. Мәншүк «Максим» атты пулеметімен жауды жақындатпады. Кенет, жау Мәншүкті зеңбірекпен атқылады. Снарядтың сынығы батыр қыздың желкесіне қадалды.
[b]4 - оқушы [/b] Осыны пайдаланған фашистер жақындай түсті. Самайынан көзіне құйылған жылы қанға қарамастан бар күшін жинап жаудың тағы да 70 солдатын құлатып үлгерді.
[b]Мұғалім: [/b] Иә, балалар, дұрыс айтасыңдар. Мәншүк жараланса да, ауру жанына батып бара жатса да ол өлімнен қорықпады.
Ал енді Мәншүктің отбасына тоқталайық
[b]5 - оқушы[/b] Мәншүктің анасы - Әмина. Кішкентай кезінде өлең тақпақтарды көп айтатын болған. Мәншүк майданда болғанда анасына хатты көп жазушы еді.
Үнтаспа
Мәншүк апай батыр қыз
Ардақтаймыз атын біз
Ұқсап Мәншүк апайға
Өсіп келе жатырмыз.
[b]Мұғалім[/b] Құрметті балалар. Біз Мәншүк апайымыз туралы айтып өттік. Енді Әлия апамыз туралы сыр шертейік.
[b]6 - оқушы[/b] Дәл соғыс басталған күні Әлия балалар үйінің саяжайында болды. Күн кәдімгідей ашық және ыстық болды. Түс ауа соғыстың басталғаны туралы хабар жетті.
Мұғалім Енді балалар, Әлияның да өзінің тәтесі Сапураға жазған хатын тыңдайық
Үнтаспа
[b]7 - оқушы[/b]
1944 жыл. Қыс айы. Немістің офицері Әлияны артқы жағынан келіп қапсыра ұстап құлатқысы келді. Бірақ Әлия оған мұрша бермеді. Оны бар күшімен итеріп жіберіп енді ата бергенде фашист оны атып үлгерді.
Мұғалім Мінеки, балалар, осындай бейбіт өмірге жетуімізге ықпал еткен осы апаларымыз. Біз бұларды ешқашанда естен шығармауымыз керек. Себебі бұлардың ерлігі ешқашанда ұмытылмайды.
Слайдтардан ескерткіштер мен суреттерді көрсетіп өзім түсіндіріп шығамын.
[b]Оқушы[/b] Биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 67 жыл. Жыл сайын 9 мамыр күні бүкіл елімізбен Жеңіс тойын тойлаймыз.
[b]Оқушы [/b]
Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып
Жеңіс келді қуандық көңіл тасып
Жауды жойып батырлар елге оралды
Ата - анамен қауышты құшақ ашып
[b]Оқушы [/b]
Мамыр келді ағаштар бүрін жарып
Бейбіт өмір оралды күні жарық
«Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықтың
Ұшымен көздің жасын сығып алып
[b]Оқушы[/b]
Әлия, Мәншүк қайсар қызы қазақтың
Ерлігіне таңданамын ғажап тым
Солар төккен қызыл қанның арқасы
Қазақстан аспанында азат күн
[b]Оқушы[/b]
Әлия, Мәншүк өлмегені сол болар
Қос қарлығаш ардақталар қорғалар
Қазақ өткен ұмытпаса тарихын
Болашаққа егемендік жол болар.
[b]Оқушы [/b]
Мектебіне, бақшасына бүлдіршін
Барсын, күлсін, анасымен бір жүрсін
Бейбітшілік күні жанса төбеде
Әлия, Мәншүк біреу емес мың гүлсің!
Дания ұлдармен бірге ән айтады
Тәрбие сағатымыздың қонағы Аруна «Әлия»
[b]Қорытынды сөз[/b]
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Қос, шынары, Шығыстың
Просмотров: 275 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar