Шыдамдылық – асыл қасиет - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Шыдамдылық – асыл қасиет
24.09.2015, 15:37
Қызылорда облысы, Арал ауданы
№2 мектеп-интернатының тәрбиешісі
Балманова Ғазиза

Тақырыбы: Шыдамдылық – асыл қасиет.
Мақсаты: Шыдамдылық туралы білімдерін кеңейту, және оны өмірде пайдалана
білуге үйрету.
Әңгімелер арқылы оқушылардың тілдерін дамыту, сөздік қорларын молайту.

Оқушыларды шыдамды болуға, сабыр сақтауға, төзімділікке тәрбиелеу
Әдісі: әңгімелеу. тест.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд.
Барысы:
Шыдамдылық деген не? Шыдамдылыққа байланысты қандай мысалдар келтіре аласыздар?
«Жазықсыз жазықты» әңгімесін тыңдап, ары қарай талқыға салу сіздердің құзырларыңызда.

Жазғы демалыстың басталған кезі еді. Мақсат есімді жиенім екеуміз ауылға барамыз деп жоспарладық. Шаштаразға кіріп шашымызды алдырып, қамсыз келе жатқанбыз. Жолда бір бала артымыздан қалмады. Бізге мазақтай қарап, ыржалақтап күліп, мазаны алғаны. Қалжыңдасатын құрдасы, не танысы емеспіз. «Қой» десем, әлгі бала қылығын одан бетер үдете түсті.

- Маған айтып жатырсың ба?- десем, ол тіпті есірді.
- Иә,- деп шиқылдайды. Бұл аздай едіреңдеп, дөңайбат көрсете бастады. Тыныш құтылсақ деген ниетімізді ол қорыққанға баласа керек.
Көтерген жұдырығын қағып жіберіп, сол қолымен оны соғып қалдым. Құлап түсті. Әрі қарай кете бердім.

Үйге кіргенім сол еді, Мақсат телефон соғып тұр.
- Дастан шатақ болып жатыр. Сені полиция іздеп жүр,- деді..
Оған сенбей, манағы жерге өзім келдім. Алыстан бақылап қарап тұрмын. Мақсаттың айтқаны рас екен. Тіпті, «жедел жәрдем» көлігі де келіпті. Мен ұрған мықтының «миы шайқалыпты». Денем түршігіп, жүрегім дүрсілдеп кетті.
Алды-артыма қарамай қаштым..

Бірақ, қашқанда қайда барасың! Полиция мені бөлімшеге алып келді. Шырылдап шешем, қабағы түсіп әкем жетті. Олар әйтеуір бір мәмілеге келген сияқты. Күзетші
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Шыдамдылық, Асыл, қасиет
Просмотров: 327 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar