Соңғы қоңырау - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Соңғы қоңырау
24.09.2015, 09:22
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2 - жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі ата - аналар мен қонақтар!
1 - жүргізуші:
Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа
Қош келдің, айналайын, халқым менің!
2 - жүргізуші:
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл - қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр.
1 - жүргізуші:
Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр, - деп алтын ұя
мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерімізді құрметтеп ортаға шақырамыз.
Қарсы алыңыздар!
(Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады)

1 - жүргізуші:
Даламдай кең түсінігі, ұғымы,
Қазаққа тән мінезі мен қылығы.
Ботакөз апайдың сол алтындай ұл - қызы,
Алдарыңызда 11 «А»сыныбының түлектері:

2 - жүргізуші:
Бұл сынып қай сында да тартынбады,
Мектептің өмірінде жарқырады.
Он бірінші «Ә» сыныбы қайдасыңдар,
Бақыт апайдың еркесі, алтындары
1 - жүргізуші: Алдарыңызда 11 «Ә» сыныбы,
жетекшісі «Назарбаев зияткерлік мектептері» курсының бірінші деңгей бағдарламасын игерген, I санатты ағылшын тілі мұғалімі
Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
2 - жүргізуші:
Тарихы терең қазақ деген көне елде
Ел белгі де, ерлік, өрлік өнерде
Жаһандағы ең жауынгер халықта
Кім сенеді ту болмады дегенге?
Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні байрағынан таныған
Өзі ақын, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран
Әнұраным көгімде шарықтасын,
Көгілдір ту қиялда қалықтасын.
Әлем танып, білетін елтаңбамды,
Шәкірт біткен жырлаудан жалықпасын.

Мектеп оқушылары, сап түзеп, тік тұрыңдар!
Қазақстан Республикасының гимні салтанатты түрде шырқалсын!
ҚР мемлекеттік Туы көтерілсін!

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: қоңырау, соңғы
Просмотров: 183 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar