Өссе тілім, мен де бірге өсемін! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Өссе тілім, мен де бірге өсемін!
24.09.2015, 14:24
Тақырыбы: Өссе тілім, мен де бірге өсемін!
Мақсаты:
1. Оқушыларды тілдің қадір - қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендігін көрсететін нақыл сөздер арқылы ой - өрісін дамыту.
3. Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Тәрбие сағатының тақырыбы, нақыл сөздер жазылған плакаттар, өлең шумақтары (шар) мерекеге сай безендірілген.

Барысы:
1 - жүргізуші: Бүгінгі «Өссе тілім, мен де бірге өсемін» атты тәрбие сағатына жиналған қонақтар, тіл жанашырлары! Сіздерді өткір тілді, дархан пейілді, тәуелсіздігіне 22 жыл толған қазақ елінің биылғы «Тілдер мерекесі» күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
2 - жүргізуші: Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыған халық та жер бетінен жоғалады. Ана тіліміздің тағдыры үшін бабаларымыз қам - қарекетсіз болған емес.
1 - жүргізуші: Жиырмасыншы жылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезовтер сексенінші жылдар аяғында бостандықтың лебі ескен бүкіл - халықтық қозғалыс – соның айқын дәлелі.
2 - жүргізуші: Халқымыздың аса бай рухани қазынасы – туған ана тіліміз. Ол – қазақ тілі. Елімізде жүзден аса ұлт өкілдері тату - тәтті өмір сүруде. 1997 жылы 11 шілдеде қабылданған «Тіл туралы» заңда «Тіл – халықтың ұлы жетістігі әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі» делінген.

1 - оқушы: Қайта туды қазағымның ай - күні,
Күннен - күнге асар ма екен айбыны?
Жетпіс жылда өтті талай кешуден
Қатар көріп шаттық, табыс, қайғыны.

2 - оқушы: Тілім келді, дінім қайта оралды
Басқа төнген қара бұлттар жоғалды
Көк аспанда күндей болып жарқырап
Қазақ елі егемендік бола алды

3 - оқушы: Бүгін міне, жерде емес көктемін
Өсе бергін, өсе бергін көктегін
Әрқашанда биік болсын мәртебең
Тілім менің көгере бер көктемім

4 - оқушы: Тілім менің – тірегім, дінім менің
Тілсіз қандай болады күнім менің
Өз халқына жетеді өз мәнінде
Өз тілінде оқылса жырым менің

5 - оқушы: Тілім менің – қуатым, күнім менің
Күнім кетсе не болар ісім менің
«Тілсіз өмір бар» десе түсінбедім
Тілімменен тірлікті мүсіндедім

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: бірге, өссе, өсемін!, Мен, де, тілім
Просмотров: 203 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar