Құстарға қамқорлық - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Құстарға қамқорлық
24.09.2015, 12:58
Тәрбие сағатының тақырыбы: Құстарға қамқорлық
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың құстар әлемі құпиясы туралы түсініктерін кеңейтіп, ой өрістерін дамыту. Негізінен қанатты достарға қамқор болуға, оларды аялап баптауға бейімдеу.
Шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін ашу, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру. Әсем құстармен таныстыру.
Табиғат - Ананы қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру.
Көрнекілігі: интерактивті тақтаға әзірленген слайдтар, ноутбук, құстардың суреттері, бүктемелер, «Құстарға қамқорлық» бұрышы, шарлар, құстар туралы кітаптар, ою - өрнектер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: 1. Қонақтарды қарсы алу.
2. Психологиялық дайындық.
3. Құстар әлемі.
ІІІ. Құстар мерекесінің ашылуы.
Би: «Сағым дала». Орындайтындар: Донова А. Жетписбаева Ш.
Ән: «Көкек». Домбырамен орындаушы: Елшинбекова Р.
ІV. Үй тапсырмасы: 1. Жыл қүстары.
2. Отырықшы құстар.
«Көгершін» және «Қарлығаш» топтары өздері дайындаған бүктемелермен таныстырады.
V. Ой - қозғау:
а) Құстардың ұшып - қонуына қарап ауа райын болжау.
ә) Жұмбақтар шешу.
б) Бір шумақ өлең құрастыру.
VІ. Сергіту сәті: «Құс үйшігі» ойыны.
VІІ. Үйге тапсырма: Ой - толғау.
а) «Егер мен суретші болсам...»
ә) «Егер мен ақын болсам...»
VІІI. Сабақты қорыту. «Мейірімді жүрек» бір - біріне тілек айту

Мұғалім: Құстар әлемі – құпияға толы. Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар. Оны сезініп, ұғыну үшін табиғаттың тылсымына терең бойлай білу керек шығар. Олардың әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Көкте қалықтаған құстар – біздің қанатты достарымыз. Олар – табиғат сақшылары. Егістіктің, бау - бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата - бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Қазіргідегідей атып, қырып тастаған жоқ, тіршіліктің қанатты иесінен қолынан келген қамқорлығын аямады. Олар батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын аққуға теңеген.
Жер бетінде қанша құс бар деп ойлайсыңдар? Оның нешеуі біздің елде кездеседі? (8600 - ге жуық құстар түрі бар десек, қазақ елінің көгінде 489 түрі кездеседі екен.) Олар 18 отрядқа жатады. Солардың ішінде «Қызыл кітапқа» енгізілген құстар көп. Қазақстанның “Қызыл кітабына” 56 түрі енгізілген.
Олардың жойылып кету қауіпі де бар. Сондықтан өскелең ұрпаққа тіршіліктің бір мүшесі – құстарды құрметтеп, қорғауды үйрету аса маңызды. Біздің бүгінгі сабағымыздың «Құстарға қамқорлық» деп аталуының өзі де осы мақсатты көздейді. Сонымен, бүгінгі «Құстар мерекесін» бастаймыз.
Би: «Сағым дала». Орындайтындар: Донова А. Жетписбаева Ш.
Ән: «Көкек». Домбырамен орындаушы: Елшинбекова Р.

«Көгершін» және «Қарлығаш» топтары кезек - кезек өздері дайындаған бүктемелермен таныстырады.

Жыл қүстары туралы айтады.
Бүгін біз жыл құстары туралы айтамыз. Күзде күн суытып, жәндіктердің көпшілігі қырылып қалады, кейбір жәндіктер ағаштардың қуыстарына тығылады. Осылайша құстардың жемі азаяды. Осыған байланысты құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Ол құстарды жыл құстары деп атайды. Жыл құстарын атайтын болсақ: аққу, қарлығаш, үйрек, шағала сияқты көптеген құстарды білеміз.
Құстардың суреттерін көрсетіп, сипаттама береді.

Отырықшы құстар туралы айтады.
Құстардың бір бөлігі күзде ұшып кетпей, сол жерде қыстап қалады. Оларды қыстап қалатын немесе отырықшы құстар деп атайды. Олар жыл бойы біздің жақта тіршілік етеді. Бұл құстар суыққа төзімді келеді. Қандай аяз болса да өз қоректерін тауып жейді екен Қыстап қалатын құстар: ұзақ қарға, тоқылдақ, сауысқан, сары шымшық, көгершін
Құстардың суреттерін көрсетіп, сипаттама береді.

1 - оқушы: 1927 жылдың көктемінде жас натуралистердің
Климент Аркадьевич Тимирязев атындағы орталық биостанциясында бүлдіршіндердің құстарға арналған тұңғыш мерекесі - құстар күні өткізілді. Бұл мерекеге алдын - ала әзірленіп, құстарға ұя жасалды, плакат, ұрандар жазылды, қабырға газеттері шығарылды, құстардың маскалары дайындалды. Табиғатта да, адам өмірінде де құстардың мәні өте зор. Құстар әуезді әсем сайрағыштығымен, сымбатты да сұлу, алуан түрлі сыртқы көрінісімен ормандарды, саябақтарды, шалғындарды және табиғаттың сәнін келтіру арқылы адамдарды эстетикалық ләззатқа бөлейді.

2 - оқушы: Адам құстарды спортқа және әр түрлі мақсатта қолға үйретіп, баптайды. Құстар атаулының бәрі пайдалы. Құстардың – қайсысын болса да қорғау керек. Құстардың саябаққа, бау бақшаға, егістіктер мен бақтарға үйірілуіне мүмкіндік жасап, ұсақ құстарға қыста жем шашар, жазда ұялағыш үйшіктер дайындау арқылы қамқорлық жасау - табиғатты көркейтіп, құстарды аялай білудің негізгі шарты, Құстардың ұясын бұзып жұмыртқасын жарудан аулақ болыңдар.
Сипаттама беріп болған соң бүктемелерді тапсырады..
Мұғалім: Қазақта құстар туралы аңыз - ертегілер, мысалдар көп, құстардың ұшып - қонуына қарап халқымыз ауа райын да болжай білген. Қане, білгенімізбен бөлісейік:
• Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, төмен ұшса суық болады.
• Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады.
• Жаңбыр жауарда қарғалар у да шу болады.
• Құстар көңілдене сайраса, күн ашық болады.
• Тауық жауыннан тығылса, жаңбыр ұзақ жауады.
• Тырналар биіктеп ұшса, ауа райы өзгереді.
• Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.
• Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.
• Сары шымшық ысқырса - шынымен күз болғаны.
• Жыл құсы қаптап кетсе - көктем ерте келеді.
• Көкек қатты әрі жиі шақырса – күн жылиды.
• Сауысқан шақылдаса, қонақ келеді.
• Ерте көктемде қарға суға шомылса, күн жылиды.
• Қарға қарқылдаса - қар жауады.

Жұмбақтар шешу

Су бетін сызып,
Аққұман барады жүзіп.
(Аққу)
Имек тұмсық алғр құс.
(Бүркіт)
Сақталар терген олжасы,
Алқымында дорбасы.
(Бір қазан )
Қарама - қара түріне,
Құлақ түр тек үніне.
(Қарға)
Тұмсығы қашау,
Кәсібі тек ұя жасау.
Ағашты қорғап,
Зиянкесті асау. (Тоқылдақ)
Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышқан ұстайды.
Көзі шамға ұқсайды.
(Жарқанат)
Сайрайды бір талмайды,
Әнші құс бұл таңдайлы.
(Бұлбұл)
Қараңғыда ұшады, құбылады.
Жарық көрсе қашады, тығылады.
(Жарқанат)
Шарлап келіп даланы,
Үйіне үй салады.
(Қарлығаш)

Бір шумақ өлең құрастыру.

Аспанға қараймыз,
Қайтқан құсты санаймыз.
Көк жүзінде самғаған,
Құстар қамын ойлаймыз.

Айдын көлде аққу қандай әдемі
Сұңқар құстың самғағаны әдемі
Бұлбұл құстың сайрағаны әдемі
Айнамда ән салатын құстар қандай әдемі

VІ. Сергіту сәті: «Құс үйшігі» ойыны.
Слайдта көрсетілген құстардан әр топ өз тобының құсын танып, үйшігіне жинайды, соңынан бәрі орындарынан тұрып ұшып - ұшып екеу ара жасалған үйшіктерге қонады.
Мұғалім құстар әлемінің қыр - сырымен, әсем құстарымен таныстырады. Ата - бабаларымыз ою - өрнекке айрықша мән берген. Қазақтың ою - өрнегі — үй - жиһаздарын, сәндік, тұрмыстық бұйымдар мен киімдерді нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер. Олардың ішінде құстардың сыртқы пішініне қанатына, тырнағына, мойнына, табанына ұқсас ою - өрнектер халық арасына кең тараған. Атап айтсақ: «қазтабан», «қазмойын», «құсмойын», «құс тұмсық», «қарға тұяқ» т. б
Келесі сабаққа үйге тапсырма беріледі. Сабақтан алған әсерлері бойынша ой толғап, оны қағаз бетіне түсіру «Егер мен суретші болсам...», «Егер мен ақын болсам...».

VІІI. Сабақты қорытындылау.
Мұғалім:
Табиғат - Ана адам баласына бар қажетті нәрсенің барлығын да беріпті. Ол бізге дем алсын деп таза ауа берді, ішсін, бар қажетіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады, орман - тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен әдемі аңдарын берді, қысқасы біз өмірге қажеттінің бәрін Табиғат - Анадан алады екенбіз. Ол қандай мейірімді, өзі қандай дархан, кең болса да, жүрегі де дәл сондай қайырымдылыққа, мейірімділікке толып тұр. Олай болса «Мейірімділікті табиғаттан үйрен» деп бекер айтылмаған.
«Мейірімді жүрек»ойыны. Сағат тілі бағытымен әркім қасындағы көршісіне оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді жазып, тілегін ұсынады. Қымбатты балалар көктемнің жаршысы, адамзаттың досы жыл құсын жақсы қарсы алайық. Оларға қамқор болайық. Келесі аптада мына үйшіктерді мектеп ауласындағы ағаштарға ілуді естен шығармайық.
Әрқашан аспанымыз ашық болып, көгімізде әсем құстарымыз сайрай берсін.
Оянып бар табиғат ұйқысынан,
Жадырап құтылғандай құс қамынан.
Көктемді шуға бөлеп әнге ораған,
Тыңдаймыз алуан сыр жыл құсынан,
деп сабағымызды аяқтаймыз.

Қосымша ақпарат
ҚҰСТАР ӘЛЕМІ
● КАЗУАР. Казуарлардың аяқтары үш саусақты. Қара түсті қауырсындары (мойнында болмайды) шаш тәрізді. Басындағы үлкен мүйізді айдарының көмегімен бұтаның арасында еркін жүре алады. Салмағы 50 — 80 кг. Казуардың үш түрі (айдар тұмсықты, алтын түсті, мурук) жаңа Гвинея және онымен көршілес Солтүстік - Шығыс Австралия аралдарының қалың ормандарында кездеседі. Олар сағатына 40 км жылдамдықпен жүгіре алады.
● ЭМУ. Эмулардың биіктігі 1, 5 — 1, 8 м, салм. 45 — 54 кг. Оның бір ғана түрі Австралия құрлығы, Тасмания, т. б. аралдардың құрғақ далалы аймағындағы бұталардың арасында топтанып тіршілік етеді.
● НАНДУ. Нандудың алға қарай бағытталған үш саусағы болады. Ол Бразилияның және Аргентинаның далалы аймақтарында мекендейді. Өте сирек кездесетіндіктен, нанду ХТҚО Қызыл кітабына енгізілген.
● ТҮЙЕҚҰС. Африканың ормансыз құрғақ даласында мекендейтін қыртөссіз, ұша алмайтын алып құс түйеқұс деп аталады. Оның биіктігі 2, 5 метрден астам, салмағы 136 кг дейін тартады. Түйеқұстар өте жақсы жүгіреді.
● ҚОҚИҚАЗ. Қазақстанда теңіз көлінде мекендейтін ерекше құрылысты құс. Салмағы 3 – 4 кг. тартады. Ол суы тұзды көл мен теңіз жағасына тақау, лайсаң, таяз суды мекендейді. Қоқиқаздың мойны аққудың мойнындай ұзын, сирағы ұзын, тұмсығы дәл ортасынан әдейі опырғандай бүкіш болып келеді.
● АҚБАС ТЫРНА - тырналар тұқымдасының бір түрі. Қазақстанның батыс және орталық аймақтарын көктемгі (сәуір — мамыр) және күзгі (тамыз — қазан) ұшу кезінде қоныстайды. Бұл кезде Наурызым қорығында, Ырғыз және Торғай өзендері мен Арал теңізі жағалауында жиі кездеседі.
● ҚУТҰМСЫҚ ҚАЗ. Жалпы түсі сұр қоңыр, бауыры, канатының кейбір жері және құйрық қауырсыны ақ: тұмсығы қара, аяғы қызғылт сары келген. Салмағы 3 — 3, 5 кг. Негізгі қыстайтын жері — Шығыс Қытай мен Корея. Қазақстанда ұя салып, жұмыртқалайды.
● ПИНГВИН. Казіргі кезде 15 түрі ғана кездесетін, ұша алмайтын және мұхит суында тіршілік ететін құстардың ерекше тобы. Пингвиндер Антарктидада, Оңтүстік Американың оңтүстік жағалауында, Австралияда және Африкада шоғырлас тіршілік етеді. Ең үлкен пингвин – император пингвині, оның биіктігі 120 см, салмағы 42 кг, ол 200 м тереңдікке дейін сүңги алады.
● ТАУЫС. Кәдімгі тауыс та – орман құсы, ол Үндістанда және Цейлонда ағаштары биік орманда мекендейді.
● МЕҢІРЕУ ҰҮРЛАР - құр тұқымдас ірі құстар туысы. Еркектері құсойнақ кезінде бірнеше секундтай естімей қалады. Ұзындығы 56 - 85 см, салмағы 4 - 5, 5 кг, кейде 6, 5 кг - ға дейін жетеді. Еуразияның орманды аймағында 2 түрі бар. Дарвин және Березкин қорығында саңырау құрларды өсіреді. ХТҚО Қызыл кітабында 1 түршесі бар.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: қамқорлық, Құстарға
Просмотров: 493 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar