Құстар - біздің досымыз - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Құстар - біздің досымыз
24.09.2015, 11:25
Тақырыбы: Құстар - біздің досымыз
Мақсаты: 1. Құстар тіршілігі туралы түсінік беру;
2. Адамгершілік, еңбексүйгіштік қасиеттерге тәрбиелей отырып, ынтымақты болуға, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
3. Оқушылардың ой өрісін дамыту. Өздігінен қорытынды шығаруға, ізденуге машықтандыру.
Көрнекілігі: Құстардың суреті, плакаттар, үнтаспа слайд, қанатты сөздер.

Сабақтың барысы:
Кіріспе сөз:
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!
«Құстар біздің досымыз» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Мен баршаңызды көктем мерекесімен құттықтаймын! Бұл мереке табиғаттың қысқы ұйқыдан оятуын танытатын кішкентай ғана табиғаттың бір бөлігі, көктем жаршысы құс мерекесі.
1 - сәуір – Халықаралық құстар күні. Бұл күн сонау1906 жылдан, құстарды қорғау туралы Халықаралық конвенцияда жариялағаннан бері аталып келеді.

Біздің еліміз құстарға бай. Сондықтанда біз оларды қорғап пайдалана білуіміз керек. Құстардың еті тамақ болса, мамық қауырсыны киім, көрпе жастық болады. Енді біраз құстар орман, жер зиянкестерімен қоректеніп ауылшаруашылығына пайдасын тигізеді. Ал құстардың эстетикалық мәні өзалдына бір төбе. Талай сазгер құстардың үнін әуенге қосса, талай ақындар құстар туралы тамаша жырлар жазған. Құстардың ұшу заңдылығын алғаш рет Леонардо да Винчи зерттеген екен. Содан бері көптеген авиаконструкторлар құстарды негізге алып, талай ұшақтар жаса шығарды емес пе?!
Еліміздің көк байрағында да қыран құс қалықтайды. Астана төріндегі «Бәйтерек» самұрық құс пен алып жұмыртқа да құспен байланысты.
Құстар туралы айтар әңгіме көп. Дәл қазір құстар туған жеріне жылы жақтан ұшып келуде. Қанатты достарымызды құрметпен қарсы алайық. Ән: Құстар қайтып барады»
1 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, достар! Сіздерді бүгінгі «Құстар - біздің досымыз» атты тәрбие сабағымызды тамашалауға шақырамыз.

2 - жүргізуші: Табиғатты құрайтын бөліктердің бірі - құстар. Халық ежелден – ақ құстарға әуес оларға сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп, ең жақсы көретін адамды құсқа теңеу арқылы ол ықыласын көпке аян етеді. Халық өз ортасынан саңлақ ұлдарын сұңқарға теңесе, төгілте ән шырқайтын әншісін бұлбұлға, ел үшін, Отан үшін жанын қиятын батырларын - қыранға, елден асқан сұлуды - аққуға теңейді.

1 - жүргізуші: Құс табиғат байлығы. Байлықтың көзі – құстарды әркез қорғай білу керек. Олар табиғат байлығын ағаштарды, өсімдіктерді зиянды жәндіктерден тазартады. Сонда ағаштар жайқалып өседі. Жер бетінде 8600 - ге жуық құстардың түрі бар. Біздің Республикамызда 474 құстың түрі бар екен.
«Көктем вальсі» әуенімен билеп «Көктем» келеді.
Сәлем достар, аман ба?
Мынау бейбіт заманда.
«Құс - көктем жыршысы»
Ән саламын құс үнімен,
Сәнденемін нұр гүлімен.
Қуантайын бәріңді. Құс мереке күнімен.
2 - жүргізуші: «Көктем жыры» оқитын 4 - сынып оқушысы ----------
1 - жүргізуші: «Көктем вальсі» әні орындайтын 2 - сынып оқушысы----------------

Көктем: Ал құрметті, халайық
Мерекені бастайық.
Жұмбақ шешімін тапсаңдар,
Құстарды қарсы алайық.
Жұмбақ:
Ұшса оқтай зулайды.
Көктем жұлдыз аққандай. (Қарлығаш)

Қарлығаш ұшып келіп:
Мен адамның досымын,
Мекенінде тұрамын.
Шыбын келсе кәсібім,
Ұстап жеймін қырамын.

Тазалаймын үй ішін,
Шыбын деген кеселден
Ел аузында мақтаулы
Санитармын төселген.

2 - жүргізуші: Қарлығаш құсымыз ------------------------- орындауында
Ән: « Қос қарлығаш»
Көктем: Менің жасырған жұмбағымды тыңдаңыздар!
Орманда жоғары
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балға ғып
Тоқ - тоқ соғады. (Тоқылдақ)

Тоқылдақ: - Балалар, мен орман құсымын, өзімнің балға тұмсығыммен ағаш қабығының арасынан зиянкестерді тауып құртамын.
Орман іші соқылдап,
Ұрды ағашта тоқылдақ
Жаңғырықты түнімен.
Тұмсығының түбімен.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ҚҰСТАР, досымыз, біздің
Просмотров: 194 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar