Құстар, құстар сызылтып ән салады... - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Құстар, құстар сызылтып ән салады...
24.09.2015, 09:17
Құстар, құстар сызылтып ән салады...
(Сынып сағаты іздену - зерттеу)

Мақсаты: Табиғатпен біте қайнасқан халықтың жеріміздегі құстар тіршілігіне, олардың түрлі қасиет, ерекшеліктеріне, құстардың ең басты қасиетіне назар аударғандығын ұғындыру.
Сахнаның безендірілуі: Табиғат, бау – бақша, айдын көлдің суреті, көл жағасындағы жайқалған құрақ, гүлдер, сайраған бұлбұл құстың дауысы. Қорғауға алынған құстардың суреттері.

Көрініс: «Айдын шалқар көл»
Қатысушылар: Аққу
Тырна
Қаз
Шағала
Мұғалім: - Балалар, құстардың біздің өміріміздегі алатын орны қандай?
– Біздің жанымызды рақатқа несімен бөлейді?
- Қазақ атамыз адам бойындағы ең сұлу ерекшеліктерді құстарға қалай теңеген?
- Қандай құстардың атын балаларына қойған?
Міне, біз, 1 сәуір «Құстар күніне» байланысты жыл сайын құстар әлеміне зерттеулер мен саяхат жасаймыз. Тапсырмалар алдын - ала берілген сондықтан қазір, қандай жетістіктерге қол жеткіздік, назар аударамыз. Құстар жайлы не білдік, жұптасып білгенімізді ортаға саламыз.

Іздену нәтижесі:
1 жұп - «Қарлығаш»
Қара торғай күні бойы ұясынан бау – бақшаға және кері қарай ұясына ұшып келіп жүреді. Есеп бойынша күніне 200 рет барып келеді екен. Қарлығаш жаз айларында миллионға жуық шыбын – шіркей ұстайды. Бір жаздағы сұр қарлығаштың ұстаған жәндіктерін бір сызықтың бойымен қоятын болсақ, ұзындығы 1 километрге дейін жетеді. Құстар жәндіктер сияқты сансыз көп емес, бірақ аз да емес, шамамен 9 мыңға жуық түрі бар. Кейбір құстардың үлкендігі екі метрге жетсе, кейбіреулері көбелек пен инеліктің денесіндей ғана. Салмағы бірнеше грамға жететіні болады.(1 слайд)
2 жұп - «Бозторғай»

Құстардың арасында балықпен және жәндіктермен қоректенетіндері бар. Ал құстардың өзімен немесе жануарлармен қоректенетін жыртқыштары да кездеседі. Сонымен бірге тек қана өсімдіктердің жемістерін азық қылатындары да жеткілікті. Құс атаулары біреуінің дауысына екіншісі түсіне, үшіншісінің тыныс тіршілігіне байланысты қойылған.
Құс денесі қауырсынды, алдынғы аяқтары қанатқа айналған жануардың жалғыз түрі. Құстардың тек кейбіреулері болмаса барлық түрі ұшады деуге болады.
Түйеқұс, пингвиндердің де қанаттары бар, бірақ толық жетілмеген немесе өзгерген. Сондықтан да ұшуға қанаттарының шамасы жетпейді.

Ән «Құстар - біздің досымыз»
3 жұп - «Ақсұңқар» (2 слайд)
Құстар жұмыртқа салып, одан балапан шыққанша жұмыртқаны денесімен қыздырып басып отырады. Көптеген құстардың балапандары жұмыртқадан әлсіз, жалаңаш, соқыр болып туады. Олар қанаттанып жетілгенше ұяда ата – анасының қамқорлығында болады. Тауық, құр, үйрек, қаздардың балапандары жұмыртқадан шыққанда үлпілдеген жүнді және көзі ашық болады.
ІІ жүргізуші: Ағаштарға қарасам дем аламын,
Ағаштардан тазалық таба аламын.
Алыстағы теңіздің демін сезіп,
Самғағанын көремін шағаланың.

Көрініс: «Қарлығаш әулие»
Қатысушылар: Төле би
Жоңғар сарбазы
Халық өкілдері
4 жұп - «Бүркіт»

Құстардың көбісі таң атысымен оянады да, кейбіреулері сайрай бастайды. Әр құстың өзіне тән әндері бар. Солардың ішінде ең әнші құс – бұлбұл. Бұлбұл кешқұрым және таң бозара бастағанда әдемі әнімен айналаны әсем әуенге бөлейді.(3 слайд) Табиғаттың және адамның өмірдегі құстың маңызы өте үлкен. Құстар көптеген тұқымдарды таратушы, зиянкес жәндіктер мен кемірушілерді қорек ететін, кейбіреулері өсімдіктерді тозаңдандырады.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ән, салады..., ҚҰСТАР, сызылтып
Просмотров: 191 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar