Ұстазға тағзым - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ұстазға тағзым
24.09.2015, 12:37
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, С. Сейфуллин атындағы
№165 мектептің тарих пәнінің мұғалімі
Жәдиева Ләззат Шынтасқызы

Тақырыбы: Ұстазға тағзым
Мақсаты: Ұстаз еңбегінің жемісі, білім өмір шырағы инемен құдық қазар деген ұғымдардың мағынасын оқушыларға түсіндіру «Ұстаз ұлы тұлға» екендігін кең көлемде дәріптеу және ұстаздарды құрметтеуге, сыйлау білуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, шарлар


1-жүргізуші: Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамыз да
Бүгінгі ел басқарған азаматтар
Білім алған сіздердің арқаңызда

2-жүргізуші: Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын
Деңдеріңнің саулығы мықты болсын
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын.
1-жүргізуші: Хош келдіңіздер құрметті ұстаздар, Мерекелеріңіз құтты болсын!

2-жүргізуші: Бүгінгі «Ұстазға тағзым» атты ұстаздармен кездесу кешіне жиналып отырмыз. Кешімізді ашу үшін тәрбие ісінің меңгерушісі С. Бәлкенбай ағайға сөз кезегін береміз.
- Лебізіңізге көп-көп рахмет!

1-жүргізуші: «Ұстаз ұлағатты есім» Шәкірттерін білім нәрімен сусындап, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді, бойына дарытып, адамгершілік рухта бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сомдықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

2-жүргізуші: Олай болса қадірлі ұстаздар сіздерді Төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз!
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін, дей отырып,
өздеріңізге арналған жыр-шашуымызды қабыл алыңыздар.
1- жүргізуші: Ән - жырмен шашу шашайық,
Сіздерді әнге қосайық
Ақ тілек сұрап баршадан,
Шымылдығын сахнаның ашайық
Хор: «Ұстазым»

2- жүргізуші: Ендігі кезекте оқушыларға берсек, шәкірттердің ұстаздарға деген жылы лебіздерін тыңдалық.
1-оқушы: «ҰСТАЗ» Осы бір ауыз сөзде қаншама жылылық, мейірім тұнып тұр. Осы дүниедегі ең қадірлі адамдардың бірі – ұстаздар болса керек.
«Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға», - демекші кәсіп қиындығына мойымай, балаларға өз білгенін аямай үйреткен көңілдеріне кірбің түсірсек, кешіре білетін, сезімтал да мейірімді жандарға, біздер шәкірттері
қарыздармыз.
2- оқушы: Халқымыздың көрнекті ағартушылардың бірі Ы. Алтынсарин атамыз «Маған жақсы мұғалім қымбат, өйткені, мұғалім – мектептің жүрегі» деген екен.
Өнеге тұтар осы сөзді барлық шәкірттер жадынан шығармауы тиіс. Адамзат өмір сүргелі бері ұстаздың қадір-қасиеті аласарған емес. Қайта ғылым ілгерілеген сайын олардың мәртебесі биіктей түсуде. Бүгінгі мұғалімдердің мұраты мен жауапкершілігі тіпті бөлек. Ғарыш дәуірінің балаларын біліммен сусындатып, олардың бойларына ізгілік нұрын себу. Бұл бағытта орасан зор жұмыстар істеп жатқан ұстаздар қауымы мектептерінің мақтаныштары бола береріне кәміл сенеміз.
3- оқушы: Білімнің шертіп сырларын
Ғылымның небір қырларын
Шәкірттерім сырт қалмай
Ұқса екен деп тынбауын.

4- оқушы: Көздерің толы мейірім,
Кең дариядай пейілің
Берілсе деймін маған да
Парасат толы зейінің.

5- оқушы: Келген білім күнімен
Қоңыраудың үнімен
Құттықтаймыз, ұстаздар
Жаңа оқу жылымен.

6- оқушы: Келген бақыт нұрымен,
Балғын бөбек үнімен
Құттықтаймыз ұстаздар
Жаңа оқу жылымен.

7- оқушы: Келген биік туымен
Шұғылалы шыңымен
Құттықтаймыз ұстаздар
Жаңа оқу жылымен.
«Ұстазым әні»

Мектеп өмірінен көрініс
Ұстаздармен сұхбат, пікірлесу
Қорытындылау
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: тағзым, Ұстазға
Просмотров: 198 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar