Ұстаз ана – асыл жандар болаттай - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ұстаз ана – асыл жандар болаттай
24.09.2015, 14:06
Смадиярова Мадина Нұржігітқызы

Сабақтың тақырыбы: «Ұстаз ана – асыл жандар болаттай»
Сабақтың мақсаты: мектепте бірнеше жыл жемісті қызмет еткен зейнеткер апайларымыздың ерен еңбегін айту, насихаттау. Ұстаздық жолдың қиындығы мен қызығын ұғындыру.
Сабақтың эпиграфы: «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар!»
Сабақтың барысы:
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірең денең.
Өмірдегі қызығыңның бәрі өлеңмен,
Ойлансаңшы, бос қақпай елең - селең
- деп, Абай атамыз жырлағандай, адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап, өлеңнен алшақ кете алмайтындығын жеткізіп беріп тұрған бір шумақ өлеңнің құдіретін қайтіп жеткізерсің?!
Адам баласының өміріне байланысты атап өтілетін халқымыздың ұмыт бола бастаған кейбір тамаша салт - дәстүрін мектеп табалдырығында, отбасында тойлады деп ойлаймыз. Осындай мақсатта үйірме мүшелерімен «Мерейтой» сабағын өткелі отырмыз.
8 - наурыз халықаралық әйелдер мейрамына арнап «Ұстаз ана – асыл жандар болаттай» атты мерейтой сабағын өткелі отырмыз. Мерейтойдың негізгі кейіпкері бірнеше жыл Ж. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебінде жемісті қызмет еткен ұлағатты да, аяулы ұстаздарымыз Орманова Гүлдер Құрманбайқызы мен Әбдіразақова Бибіайша апайымыз және бүгінгі таңда мектебімізде жемісті қызмет етіп келе жатқан ұлағатты да аяулы ұстазымыз Түйебаева Бибісара Тұрдыбайқызына арналады.

1 - жүргізуші: Құрметті де аяулы ұстаздар! Сіздерді көктемнің алғашқы
мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ өмір, қажымас – қайрат, отбасыларыңызға береке, бірлік тілейміз.
2 - жүргізуші: Тағдырына талайдың алаңдайсың
Сәуле болып әлемге таралғайсың
Білім нәрін аямаған асыл ұстаз
Сен менің ең аяулы - анамдайсың.
1 - жүргізуші: Сырлассам сәл, қаламын көңіл жасып,
Нәр білімін жүрем мен етіп азық
Аяулы Ұстаз – сан сүрлеу соқпақ жолда
Жөн сілтер – темірқазық.

2 - жүргізуші: Ұстаз мерейі - ең алдымен шәкірт жетістігімен өлшенеді. Бойдағы
бар күш жігерін аямай, зерделі де зейінді шәкірт тәрбиелеу үшін бар білімі мен ілімін аямаған, аяулы ұстаздар сіздерге айтар алғысымыз шексіз. Біз сіздерге мәңгі борыштармыз.
1 - жүргізуші: Бүгінгі асыл тілектер, мен жан жүрегіңізді жылытар жақсы
лебіздер тек сіздерге арналады.
Әдеби монтаж.
2 - жүргізуші: Әсем ән әрбір елдің рәсімі екен
Өнерпаз ортамызда басым екен.
Өнерін қуаныштан кім аяған,
Жаңа әнді сіздерге шашу етем.
1 - жүргізуші: Аяулы Ана!
Күнім де Ана, ай да ана
Жетеді саған қай дана?!
Асылым өзің,
Ғашығым өзің,
Бас иіп өтер әулием менің сен ғана.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: болаттай, ана, Ұстаз, Асыл, жандар
Просмотров: 178 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar