Ұстаз болу - жүректің батырлығы - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ұстаз болу - жүректің батырлығы
24.09.2015, 11:01
Ұстаз болу - жүректің батырлығы

1. Армысыздар, құрметті ардагер ұстаздар, мектеп мұғалімдері, қонақтар және оқушылар!
Бүгінгі «Ұстаз болу – жүректің батырлығы» тақырыбында өткізгелі отырған кездесу кешіне қош келдіңіздер!

Бәріңе ұстаз күні құтты болсын,
Апайлар, денсаулығың мықты болсын.
Отбасың бала – шағаң аман болып,
Жастарға мызғымастай бақыт қонсын.

2. Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға
Сіздермен тола берсін ортамыз да
Бүгінгі ел басқарған азаматтар
Білім алған сіздердің арқаңызда
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңіздің саулығы мықты болсын
Білімменен суарған шәкірттерің,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын.

1. Ардагер ұстаздар мерекелеріңіз құтты болсын. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, отбастарыңызға береке, бірлік, қуаныш тілейміз, балаларыңызды жақынан көріп, немерелеріңіздің маңдайынан сипап жүре беріңіздер!
2. Күлімдеген,
Күнім деген,
Қамқор болған ұстазым.
Жаны жайсаң,
Жайдары жан,
Ұғындырған сөз сазын. – дей отырып осы кешті ашу үшін сөзді..................................... береміз.
Құрметті Кулзағира апай, Жұмакүл апай бұл ән сіздерге арналады.

1. Ардақтысың, ардагерім ұстазым,
Саған айтар жыр - алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын
Ұстазыма арналады бұл әнім.
Ән:...........................................
Орындайтын:......................................................

2 Шәкірттер сізді айтып мақтанады,
Бейнеңіз жүректерде сақталады
Біз әлі биіктерден көрінеміз
Үмітпен сеніміңіз ақталады.
Мың бұрала билейтін қыздарымыздың биін қабыл алыңыздар. Би:

. 1. Иә, ұстаздарымызға қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше оқушылардың ұстаздарға арнаған тақпақтарын тыңдасақ.

2 Тарқалмасын қызықтың шағы қызған,
Арта берсін бақ артып бағыңыздан
Құрметпен ұсындық сізге сөзді,
Ақтарылып көріңіз ағыңыздан – дей келе сөз ардагер ұстаз Фатима апайға беріледі.
Көп - көп рахмет.
Апай мына ән сізге арналады.
Ән:....................................
Орындайтын:.....................................................

1 Ұстаз күні ұмытылмас ешқашан
Қадірлі де құрметті ғой әрқашан
Жүрсін адам ұстаздарын аялап,
Жүрсін адам ұстаздарын мадақтап.
Ән:..........................................
Орындайтын:...........................................................

2 Шәкірттердің тыңдап жауап сұрағын
Жас санаға төгіп білім шуағын
Хат танытып жол сілтеген өмірге
Барша жанға құрметті жан мұғалім.
Құрметті апай енді оқушыларға ақыл кеңесіңізді айтсаңыз, сауалдарын тыңдасаңыз.

1. Ұстаз болу - жүректің батылдығы,
Ұстаз болу - Сезімнің ақындығы
Ұстаз болу мінездің күншуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
Би:.........................................

2 Көрмедік артық күліп, артық жүріп,
Шәкірттерді баулуға тәртіпті ғып.
Құттықтайық біз бүгін ұстаздарға
Ұстаз әнін жаңғыртып айтып тұрып
Хор: Ұстазыма

Хан бол, мейлі қара бол,
Дарын бол, мейлің дара бол
Өтетін бәрі алдыңнан
Ұстаздар – бейне сара жол
Ұстаздар – ұлттың тірегі
Ұстаздар – мектеп жүрегі
Ұрпаққа жетер ұстазбен
Халықтың ұлы тірегі

Хормен Ұстаздарға мың алғыс.
Апай сізден бата сұраймыз
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: батырлығы, Ұстаз, болу, Жүректің
Просмотров: 175 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar