Ұстаз - мектептің жүрегі - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ұстаз - мектептің жүрегі
24.09.2015, 12:11
1- жүрг.
Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз - ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!
II жүргізуші: Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!
БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ән. «Шәкірт тілегі»Орындайтын: Нағыметова Қаракөз
1-жүргіуші: Сен қалай ойлайсың, Бақнұр? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
2-Жүргізуші: Сымбат , мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

1-Жүргізуші:
Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар! (видеоролик)
Алдарыңызда «Ұстазым менің» әнімен Жалғасбек Оралбек

2-жүрг. Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс - жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
1- жүрг. Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

1-Жүргізуші: Бақнұр, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.
1-оқушы:
Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.
2-оқушы
Жалын атып, от боп, бірге жанасың,
Білім беріп, содан бақыт табасың
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.

3-оқушы: Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.
Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,
Үлгі етемін өнегелі сөзін бал
Мұғалімнің мұғалімін танимын,
Көкіректе көретұғын көзім бар.

4-оқушы: Ұстаздарға мың алғыс
Алғыстарым көп менің,
Асыл анам, мектебім!
Үйреткені адалдық,
Ұсынғаны адамдық,
Текті мінез, даналық
Бар ұстазға тілейміз:
Бақыт, табыс, амандық!

5-оқушы:
Мұғалім-ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың
Өмірде сенің алар орыныңды
Бәрі де жеткізе алмас бағалардың
6-оқушы
Өткізіп өз алдыңнан талай бала,
Бойына құйдың ақыл , ой мен сана
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,
Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға

7-оқушы
Атағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,
Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.
8-оқушы
Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға
Тарап демде кетеді шаршауың да
Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер
Тұрғанында солардың қоршауында

9-оқушы
Қиындықта кезіксең көп асу да
Қанша терің төгіліп жол ашуға
Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,
Сен өмірдің ұстазы боласың да!
1 жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
2 жүргізуші: Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр. (қонақтарды таныстырады)

1 жүргізуші: Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара жол-ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.
1 қонаққа сұрақ: Ұстаздық өміріңіз сізге ұнай ма?
2 қонаққа сұрақ: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?
3 қонаққа сұрақ: Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз?
4-қонаққа сұрақ: «Ұстаз - мектептің жүрегі» деген сөзді қалай түсінесіз?
Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаздар. Өздеріңізге арналған шағын сыйымызды қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Ұстаз - шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау - адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық, , білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.
1-жүргізуші: Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға мектебіміздің басшысын шақырамыз.

2-жүргізуші:
Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз, -дей келе алдарыңызда мектебіміздің мың бұралған бишілерін ортаға шақырамыз.
ӨЗБЕК БИІ орындайтын 3-сынып оқушысы Жұмабек Бақытжамал
Жүргізуші: Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек.

ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК
Каникул – жылдың ең қысқа күндері.
Күнделік – үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиям.
Математика – мен түгіл әкемнің де тісі бата бермейтін “жаңғақ”.
Дос – бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын я қыз, я ұл.
Сабақ – үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут.
Спорт секциясы – әжеме айтатын басты сылтауым.
“Апайға айтам” – қыздардың негізгі қаруы.

1- Жүргізуші: Бақнұр , Мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?
1-Сымбат, сен сонда ұстаздарымызбен орнымызды ауыстырып көрсек қайтеді дегің кеп тұр ма?
2- Жүргізуші: Иә, иә, тура солай, бүгін ұстаздар оқушы болсын, біз мұғалім болып емтихан алып көрейік.

1-Жүргізуші: -ендеше тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз. /Мұғалімдерге сыйлық салынған қорапшалар үлестіріледі. Әр қорапшаның ішінде сұрақтар бар. Мұғалімдер қорапшаны ашып, сұрақтарға жауап беруі керек/.
Сұрақтар:
1-Жүргізуші: Енді, ұстаздар, кезек-кезек билет алыңыздар. Сол билеттегі сұрақтарға дұрыс жауап берулеріңізді сұраймыз.
№1 билет. Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болу керек пе?
№2 билет. Сабағыңызда оқушыңыз ұйықтап қалған кезі болды ма?
№3 билет. Сабаққа оқушыларыңыз жиі кешігіп келе ме?
№4 билет. Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?
№5 билет. Сабаққа кешігіп келген кезіңіз болды ма?
Көп рахмет сіздерге, ұстаздар! Барлығыңыз да емтиханнан сүрінбей өттіңіздер.

2-жүргізуші: Жақсы жандар жанымызда әрқашан
Ұлағатты сөзін биік ұстаған
Ардақты ұстаз асыл анаң секілді
Тәрбиелейді балапандай жасыңнан
1-жүргізуші: Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,
Тұла бойға қуат болып таралар
Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,
Айналайын білім берген ұстаздар.

2-жүрг. Ұстаз мектепте ұстаз болса, отбасында ол -аяулы ана. Ана туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаз-аналар!
Ана туралы ән. Орындайтын: Нұрберді Айжан «Анаға арнау»әні.
1-Жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын
Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Сарқылса мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда
Арнайды саған бұл әнін.
Ән «Ұстазыма» орындайтын: Жалғасбек Оралбек

2-ЖҮРГІЗУШІ: Мерекемізді жалғастырайық. Ендігі кезекті қазақтың мақал-мәтеліне берсек. Бұл біздің мектебіміздің оқушыларына арналады. Сенің сүйікті мақалың қандай?
1- Жүргізуші: Қадіріңді кезінде
Білмепті ғой ұланың.
Қазір әрбір сөзіңе,
Елеңдейді құлағым.
Бірдей етіп ұстадың.
Демей бізге бөтенсің.
Кейде акылын ұстаздың,
Сағынады екенсің.
Сол ұстазға жаны нұр,
Демек үлкен адаммын.
Есейсек де бәрі бір,
Баяғы шәкірт, балаңмын-деп қанша есейіп кетсек біз сіздерді ешқашан ұмытпаймыз.

1-Жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: жүрегі, Ұстаз, мектептің
Просмотров: 222 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar