Ұстазым – ұлағатым, үлгі - өнегем - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ұстазым – ұлағатым, үлгі - өнегем
24.09.2015, 15:32
Ұстазым – ұлағатым, үлгі - өнегем
1. Фон. Музыка (слайд қосу)
Бірінші бөлім:
2. Фанфары. Оқушылар сахнаға шығып, арнау өлеңдер оқиды

Бастауыш
Мен алғаш мектеп есігін ашқанымда,
Күнім болып көріндің аспанымда.
Білім болып егілдің жас жаныма,
Гүлің болып төгілдің асқарыма.
Біз дегенде ұмытып бала қамын,
Қас қағымға қасыңнан тастадың ба?
Бастауыш апайларым жас жадымда!

География
Сізбенен біз бар әлемді қиялменен шарлаймыз
Тест орындап, зерттеу жасап, сабақтардан қалмаймыз.
Сіз кіргенде дәу картаны қолға алып есіктен,
География, алма апай келді деп біз жайнаймыз.

Ағылшын3 тіл білген орасан зор талабы,
Әрқашанда ашық - жарқын қабағы.
Бақыт апайдың әрбір берген сабағы
Мәңгі, мәңгі, мәңгі есімде қалады.

Күнделіктен сабақ кестесін қараймын,
Ағылшын көрсем, нешінші деп санаймын.
Тіл үйретер Гүлнар дейтін апайды,
Көрейін деп мектепті тез қалаймын!

«Good morning, teacher» деп бастаймыз оның әрбір сабағын,
Бақылаймыз кейде біраз түйіп келген қабағын.
Нұрзила апай сізге де алғыс айтып әрқашан,
Түскі ауысым арасынан өзіңізді табамын!

Химия
Бар ғұмырын химияға арнаған,
Ол білмейтін ешбір элемент қалмаған.
Гүлмира апай сізге де үлкен алғыс,
Химияны ойға тоқып, үйретуден талмаған!

Биология
Ген, рнқ, днқ деп тіл қатқан,
Дүние деген тұрады екен шешілмеген жұмбақтан.
- сен әкеңе ұқсағансың, балам – ау, - деп біздерге
Ырысбүбі апайымыз биологиядан үн қатқан!

Химия
Баян апай – мектепте орны бөлек,
Сүйеді шәкірттеріңіз сізді ерек.
Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,
Әр қашан аман болып жүрсін дер ек.

Физика
Дүниемен танысуға берген талай көмегін,
Физиканы ең маңызды пәннің бірі дер едім.
Оны үйреткен Эльмира мен Құралайдай апайлар,
Сіздер барда физикамен сусындап мен келемін.

Математика
Қосып, алып, бөліп тағы көбейткен,
Шаршы ауданын тауып, санды теңейткен.
Гүлбаршын апай, Асия апайға мың алғыс,
Есептеуді бізге талмай үйреткен!

Орыс тілі
Жас ұрпаққа жалынды
Сөз маржанын дарытқан.
Алдындағы баламен,
Тіл арқылы табысқан
Орыс тілін меңгерген
Үйретуді жөн көрген
Балқиядай, Гүлнардай,
Салтанат пен Ғанидай
Ұстаздарымыз әрқашан,
Ұрпаққа жаңа өн берген!

Қазақ тілі
Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім,
Мұхтар, Абай сөйлеген дана тілім.
Осы тілдің ұқтырған терең сырын,
Шайза апай, Гүлсара апай, Мақсат ағай,
Әрқашан да біздерге берген білім.

Сынып жетекші
Ұстазым екінші анам аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған.
Жетекші апай сізге ерекше көп алғыс,
Таңертең күнде құшақ жаяр алдан

Әр адамға құрметпенен қараған,
Өз бойынан мол ізгілік тараған.
Талап пенен тәртіпті тек ту етіп
Гүлсінай апай сіздей қайда бар адам?!

3. Домбырамен арнау айтылады.
Негізгі бөлім:
4. Жүргізушілер сахнаға шығады:
1 - жүргізуші
Армысыздар бұл кештің қонақтары,
Халқымның әрқашан да қонақ – бағы!

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: үлгі, ұлағатым, Ұстазым, өнегем
Просмотров: 310 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar