Сыр сұхбат - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Сыр сұхбат
24.09.2015, 08:41
Тақырыбы: «Сыр сұхбат»
Мақсаты: Кездесуге шақырған адамның жаңа қырларын білу, оқушыларға үлкенді силауға, тапсырманы орындауға, басқалардың балалық шағымен өз өмірін салыстырып, өмірге, адамдар арасында болатын түрлі жағдайларға баса назар аударып, олар игерген мамандық түрлерін біліп, түсініп, өз бетінше ой қалыптастырып, жаңа өмірге, мамандыққа, бейімділікке тәрбиелеуге үйрету.

Кештің қонағы: мектебіміздің директоры - Убаев Лепес ағай.
Кештің алғашқы беташар сөзі.
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!
Біздің бүгінгі кешіміз ұстаздар мерекесіне орай ұйымдастырылған. Мерекенің барлығы жақсы, бірақ бұл ұстаздар мерекесінің орны басқалардан ерекше. Ортамызға ұстаздардың ұстазы, мектебімізді көп жылдардан бері басқарып, біздің балаларымыздың азамат болып, өз орындарын табуға үлесін қосып келе жатқан ағайымызды шақырып қонақ еткелі отырмыз. Кешіміз сұхбат ретінде өтеді, арнайы сұрақтар дайындадық, тапсырмаларымыз орындалады деп ойлаймыз, ағай ортаға келіңіз, төрге жайғасыңыз.
Қонақ арнайы дайындалған орынға отырады.

Ұстаздың оттай ыстық алақаны,
Әрқашан ойлайтыны бала қамы.
Баладан ұстазына мың - сан алғыс,
Өйткені ұстазының ақ арманы.
Есенжанова Сымбаттың орындауында «Әкеме» әні орындалады.
Ұстазды алып десе, сияды шын,
Басқаға қалай ғана қияды ішің.
Шәкірті бәйгелерден озып келсе,
Жар салар жасыра алмай қуанышын.

Сөк мейлі, сен оларды, сөкпе мейлі,
Лайық менің балам ерге дейді.
Ұстазың бір сабақтан «мұның не» деп,
Баладай бір - біріне өкпелейді.

Ол менің «ұлым менен, қызым» дейді,
Естісе олар жайлы елеңдейді.
Отырар тілекшің боп, есейсең де,
Қайырылып қалмасыншы «кемең» дейді.

Оқушылар кеш қонағына мынандай сұрақтар қойды.
Сұрақтар:
1. Балалық шақтан есіңізде не бар?
2. Туған жер сізге несімен ыстық?
3. Жас кезіңізде бұзық болдыңыз ба?
4. Үйдегі жеңешемізбен бірге оқыпсыз, ол кісінің қандай қаси еті ұнады?
5. Балаларыңыздың ішінде ерекшелейтініңіз бар ма?
6. Соғысқа қатысқан әкеңіз жайлы айтыңызшы?
7. Алдағы армандарыңыз жайында айтыңызшы?
8. Әдебиетші, қазақ тілінің маманы екенсіз өз жаныңыздан шыққан шығарма бар ма?
9. Сыйласатын достарыңыз кімдер?
10. Алғашқы ұстазыңыз кім еді?
11. Төбелесіп көрдіңіз бе?
12. Алғашқы ұстазыңыз кім еді, біз танимыз ба?
13. Естуімізше қолыңыздан домбыра тарту, ұсталық, әсемдеп жазу келеді екен, тағы қандай қырыңыз бар?
14. Ән салып беріңізші?
15. Тамақ істеп кір жууға қалайсыз?
Кеш қонағы осы сұрақтардың барлығына балалық шақтан бері қарай өмірі жайлы, басынан өткен оқиғалар жайлы, өмірден түйгендері жайлы әңгімеледі.
Қосымша тапсырмалар берілді.
Ою ойды, домбыра тартты, әсемдеп жазып қолтаңбасын қалдырған уақыттағы жазуларын көрсетті.
«Әкеме» әнін арнап, оқушылар қосыла ән айтты.
Смайликтер арқылы кештен алған әсерін, көңіл - күйін көрсетті.
Ұстазымен оқушылар болып ескерткіш суретке түсті.

Соңында мұғалімнің қорытынды сөзі.
Сонымен бүгінгі кештің қонақтары, ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Біздің ортамызда жүрген ағайымыздың көп қырын, өнерін үлкендер білгенмен оқушыларымыз біле бермейтін еді. Бүгін ағамыздың да есіне көп нәрселер түсіп, бізге жақсы - жақсы әңгімелерін айтты. Біле бермейтін жақтарымыз көп екен, жақсы бір сұхбаттың куәсі болдық, ағай сізге рахмет.
Өнеріңізді көрдік, балаларымызға әңгімеңізді айттыңыз, бізден ескерткіш болсын деп, сыйлығымызды бердік.
Кеш осылай мәресіне жетті.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: сыр, сұхбат
Просмотров: 223 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar