Тәні саудың, жаны сау (тәрбие сағаты) - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Тәні саудың, жаны сау (тәрбие сағаты)
24.09.2015, 13:21
Ақтөбе облысы,
Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі
Курмалова Асель Агисовна

Сабақтың тақырыбы: Тәні саудың, жаны сау.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тазалық,саулық туралы ұғымдарын кеңейту, тазалықтың пайдасын ұқтыру. Салауатты өмір салтына сай оқушыларды болашақтың тірегі болатын, дені сау азамат етіп тәрбиелеу. Жинақылыққа, ұқыптылыққа баулу.
Көрнекілігі: Мақал – мәтелдер, «Тазалық – денсаулық кепілі», «Шынықсаң, шымыр боларсың».

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру. Кіріспе.
Бүгінгі сабағымыз тазалық тақырыбына арналады. «Тазалық» сөзін топтастыру.
Бүгін біз «Кірқоймас» кітапшасымен танысамыз. (Осы кезде есік қағып, бір оқушы сынып оқушыларының атына хат келгенін хабарлайды)
- Балалар, Кірқоймас бізге не жазыпты, танысайық.... (хатпен таныстыру). Есік қайтадан қағылып, Кірқоймас көмекшілерімен кіреді.
Кірқоймас: Тазаланып тұру керек
Ерте мен кеш жас бала.
Кір-кір болу елден ерек,
Мүлдем ұят масқара!
Мынау менің көмекшілерім. Аттарын атаңдаршы. (сабын, тарақ, орамал) Осы заттар сендерде бар ма? Менің тағы қандай көмекшілерім бар екенін білесіңдер?

Көмекшілерім дайындаған жұмбақтарым бар екен, соны шешейік.
Бұдан кір қорқады,
Судан бұл қорқады. (Сабын)
Жуынып болғанында,
Жүреді қолдарында. (Орамал)
Дәмі де жоқ, түсі жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ. (Су)
Қалтамда жатыр тісі бар,
Тістемей-ақ істері бар. (Тарақ)

Осы тұста сыныпқа ұқыпсыз, салақ, үсті-басы кір бала кірді. Ха-ха-ха! Мынау келген кімдер? Сендер неге тап-таза болып отырсыңдар? Мен сендерге суға түспей кір болып жүруге, парта сызуға, құстарды атуға үйретемін. Қайсысың менімен дос боласыңдар?
Оқушылар сөзі. - Жарайды, күштеріңді сынайын,кім менімен күш сынасып көреді.
Кірқоймас: Ой, оңбаған, кір-кір неме
Көрінбе, әрі, көзіме,
Тап қазанның күйесі,
Қарашы өзің-өзіңе:
Мойның мынау, толған батпақ,
Бұл не деген масқара!
Мұрның асты сатпақ-сатпақ,
Қолың көсеу, қап-қара!

Мұғалім: - Бұл бала туралы не айтамыз? - Салақ, сатпақ, кір-қожалақ т.б.
- Таза жүруді білмейтін бала туралы өлеңді кім айтады?
1.Анау бала, бетін қара, кір-қожалақ, қап-қара.
2.Тырнағы өскен,шашы көптен алынбапты – ау масқара!
3.Оның аты – Сабалақ,
Әдеті бар жаман – ақ,
Киімі кір-қожалақ,
Көрген емес тазалап.

Мұғалім: Кітапты күтіп ұстау туралы көріністі тамашалайық.
Оқушыға қашып,жалба-жұлбасы шыққан екі оқулық кездеседі.
Оқушы: Оқулықтар, неге осыншама түрлерің жаман. Өздерің қашып келе жатқанға ұқсайсыңдар ғой?
Оқулық: (жыламсырап) Иә, ауырып тұрмыз, жараланбаған жеріміз жоқ. Әрең қашып құтылдық.
Оқушы: Иә, жағдайларың белгілі боп тұр. Сендер салақ, ұқыпсыз оқушыға тап болғансыңдар-ау шамасы, содан ол қалай болса солай ұстаған.
Оқулық: Иә, сол оқушыдан қашып келе жатырмыз. Енді бізді отқа салғаны ғана қалды.
Оқушы: Жүріңдер, мен сендерді «Кітап емханасына апарайын. «Кітап дәрігеріне келеді). Мен сізге оқушыдан қашып келе жатқан оқулықтарды алып келдім. Екеуі де қатты ауырып тұр.

Дәрігер: Кел, «Ана тілі», тыңдап көрейін. Сенің бірінші диагнозың: су тиген, содан кітаптың беттері тез сынғыш болып келеді. Екінші диагнозын: кір қолмен ұстаған, кір майдың іздері түскен, беттеріңді бүктеген.
«Математика» оқулығы кел, сені де көрейін. Сенің бірінші диагнозын: сенімен қатты заттарды ұрған, содан кітаптың түбі түсіп, беттері шашылып қалған. Екінші диагноз: беттерді шимайлаған, белгі соққан. Енді мен сендерді иелеріңе жібермеймін, емханада жатып емделесіңдер.
Оқулықты құрметте,
Күтіп ұста, кірлетпе
Кішілерге табыс ет,
Дақ түсірмей бір бетке.

Мұғалім: Бұл оқулықтарды қандай оқушылар ұстаған? Оқушылар жауабы.
Салақ бала: (ұялып, төмен қарап)
- Жусам бәрін түк қалдырмай,
Салақтарын бетімнің,
Ұқыпты әрі таза болып,
Шықсам деймін Кірқоймастың көңілінен (шығып кетеді)

Мұғалім: (Кірқоймасқа) - Балалардың тазалығы туралы не айтасыздар?
Кірқоймас: Міне, балалар, біз сендермен жете таныстық, барлығың да бізге ұнадыңдар. Көпшілігің таза, ұқыпты жүреді екенсіңдер. Сондықтан да мен сендерді біздің тазалық қоғамына мүшелікке аламын. Бірақ мен әрдайым келіп, тазалықтарыңды бақылап жүрем. Егер араларыңнан кір, салақ жүретін оқушы шыға қалса, маған бірден хабарлайтын боласыңдар. Мен ондай баламен сөйлесемін, егер ол себепсіз кір, қожалақ жүрген болса, онда оны тазалық қоғамының мүшелігінен шығарамыз. Осыған келісеміз бе, балалар!
- Келісеміз. - Ал сау болыңдар балалар. (көмекшілерімен кетеді)
Мұғалім: Балалар,Кірқоймас сендердің тазалықтарыңа өте риза болып, тазалық қоғамына мүшелікке алды. Олай болса, біз сендермен күнделікті жуынып, киім-кешегімізді әрдайым таза ұстасақ, онда біздің сынып үнемі тазалық қоғамының мүшесі бола береді. Таза жүріп, денелеріңді шынықтырып, болашаққа денсаулықпен бірге барайық.

Бәрі: Тазалықты сүйеміз,
Таза болып жүреміз.
Біз баламыз шыныққан,
Денсаулығы мықты жан.

Қорытындылау.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: (тәрбие, жаны, Тәні, сағаты), САУ, саудың
Просмотров: 310 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar