Тұран өркениетінің ұлы перзенті-Жалаңтөс бахадүр - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Тұран өркениетінің ұлы перзенті-Жалаңтөс бахадүр
24.09.2015, 15:38
Тақырыбы: Тұран өркениетінің ұлы перзенті –Жалаңтөс Баһадүр

Мақсаты: Оқушыларға Жалаңтөс баһадүр бабамыз туралы мәлімет беру. Оның ерліктерімен таныстыру, ерлігін үлгі ету Оқушылардың патриоттық сезімін ояту, ұлтжандылыққа , елін жерін қорғауға Отанға адал болуына тәрбиелеу. Жалаңтөс баһадүр бабамыздың өз еліміздің төл перзенті екенін насихаттау.
Келешек ұрпақты өз тарихын терең білуге шақыру.
Сабақтың әдісі: танымдық шоу, әңгімелеу,

Сабақтың барысы.
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Гимн орындалады. Сыныпты сабаққа әзірлеу.

II. Негізгі бөлім.
Тақырыппен таныстырып, мақсатын баяндау.
Тұран өркениетінің ұлы перзенті.
Қазақ батыры, әскербасы.
Жалаңтөс батыр қазақ қолын басқаруы

Жалаңтөс би Сейітқұлұлы (1576-1656) - қазақ батыры, (ертедегі шығыс елдері баһадүр деп атаған) қолбасшы. Сырдарияның саға - жағалауын мекен еткен Төртқара елінде туған. Жалаңтөс бидің ата-тегі қазақ шежіресінде былай таратылады: Жанарыстан Алшын одан Әлім, Байұлы, Жетіру. Әлімнен Түмен, Шөмекей, Төртқара одан Ораз, Оразгелді, Жаншұқыр, Қараш. Орадан Ақпан, Тоқпан. Тоқпаннан Сейітқұл туған. Сейітқұл бабаның сегіз ұлы болған. Оның бәйбішесі - Сары кемпірден Сейітмәмбет, Төлеш, Ақша. Акшадан Бәйбек одан атақты Әйтеке би туған. Екінші әйелі - Қара кемпірден — Жалаңтөс, Дүйсенбай, Матай, Түрікмен, Қоян туған. Бұларды "Сегіз Сейітқұл" дейді екен ел. Сонда Әйтеке би мен Жалаңтөс бір әке Сейітқұлдан болып шығады.

Қазақ батыры, әскербасы, Самарқан өмірі. Жалаңтөс Сейітқұлы ХVII-ХVIII ғасырларда өмір сүрген Әйтеке бидің атасы болып келеді. 1581 жылғы аштықтан аман қалу қамымен Шығай хан мен Жалаңтөс батырдың әкесі Айтқұл туыстарымен бірге Бұхараға жақын Бұраты тауына қоныс аударды. Жалаңтөс батыр 12 жасынан Тамды және Қызылқұм қазақтарының ханы Дінмұхамедке қызмет ете бастады. Жас кезінен-ақ зерделілігі және төзімділігімен көзге түсті. Оның аты халық арасына кеңінен танылды. Оған сол дәуірдің жоғары дәрежесі — "Аталық" атағы берілді. 1640 жылы Жалаңтөс батыр қазақ және өзбек жерлеріне шабуыл жасаған қалмақ ханы Батурға қарсы қол бастап, оны жеңіліске ұшыратты. 1643 жылы Жетісу жеріне баса-көктеп кірген жоңғар қалмақтарымен соғысып жатқан Жәңгір ханға 20 мың әскерді көмек ретінде жіберді, мұның өзі басқыншыларды талқандауға зор үлес қосты.

III. Оқушылардың ізденістері.

1.Айжан:
1649 жылы Жалаңтөс батыр қазақ қолын басқарып, Бұхар ханы Абдул Азиз бен Иран патшалығының Хорасан, Балх үшін жүргізген соғысында жеңіске жетті. Бұл соғыста Бұхар және қазақ хандықтары ортақ жауға қарсы күрес жүргізу үшін одақтық келісімге келді. Хотажқұли бек Балхидың "Тарихи қыпшақтар" анықтамалығы мәліметтерінде қазақ ханы Жәңгір бұл соғысқа 100 мың адамдық әскермен қатысқаны айтылады. Жалаңтөс батыр Ташкент пен Түркістанға үш жорық жасап, Қабыл мен Мешхедті бағындырды. Әскери өнерді жетік білетін, керемет батырлығымен даңқы жайылған дарабоз қолбасшыға қырғыз, қалмақ, қазақ хандары, Үндістаннан, Хорезмнен және Тибеттен қымбат сыйлықтар ағыл-тегіл келіп жатты. Академик М.Е.Массонның айтуы бойынша, бұл сыйлықтар өзінің саны мен құны жағынан мемлекет қазынасына түсіп жатқан барлық байлықтан асып түседі екен. Бұл байлықтарды Жалаңтөс батыр әскерді қамтамасыз етуге ғана емес, оларға арнап Самарқанда үлкен құрылыстар, зәулім сарайлар мен медреселер салуға жұмсады. Жалаңтөс батыр Самарқанның орталығы Регистанда 1619-1633/36 жылдары "Ширдор" (Арыстан медресесі) медресесі мен 1647-1660 жылдары "Тилла-Кори" (Алтынмен апталған) медресесін салдырды, кейінірек олар бүкіл елге әйгілі болды. Бұл архитектуралық ғимараттар өзінің әсемдігімен, әдемілігімен дүйім жұртты таңдандырып, Шығыстың сәулетшілік өнерінде ерекше орын алады. Жалаңтөс батырдың сүйегі Самарқаннан 12 шақырым жерде орналасқан Дагбит қыстауындағы зиратқа қойылған. Жалаңтөс батырдың ұрпақтары бұл күнде Қызылорда облысының Қазалы ауданында ғұмыр кешуде

Самарқанд өмірі Жалаңтөсті 20 мың жасақ күтіп тұрған еді.

2. Гүлжамал:Жалаңтөс бес жасқа келгенде Төртқара елі қуаңшылыққа, жоқшылыққа, ашаршылыққа тап болады. Әкесі Сейітқұл сол елдің басшысы Шығай ханмен бірге Бұхар шаһарына жақын Нұрата таулы алқабына көшіп барып мекен етеді. Бұл кезде Қызылқұм, Нұрата, Тамды төңірегін жайлаған елді Дінмұхаммед хан билеп тұрған. Сол ханға Жалаңтөс бала 12 жасынан шәкірт болып қызмет етеді. Осы кезден бастап-ақ оның ақылдылығы, батырлығы қалыптаса бастайды. Ол хан сарайындағы шәкірт балаларға, жастарға бас болып, оларға түрлі әскер ойындарын үйретеді. Хандар, билер, қасында жүріп, ел басқару ісіне қатысады. Имам, қажылардан имандылық, қайырымдылық және білім, ғылымға зейін қояды. Олардың кейбірімен шариат қағидалары жөнінде ілім сайысына түсіп, өзінің білгірлігін ұғымпаздығын танытады. Әсіресе, Ферғананың Қосан деген қыстағында туып, өскен Мақтым-Ағзам деген өте беделді, әулие білімдар софының немересі Хашим қожамен замандас, пікірлес болады. Содан ислам қағидаларын мол игереді. Әкелі балалы Сейітқұл мен Жалаңтөс Нұрата атырабын билеп тұрған жылдары оған жан-жақтан Қызылқұмда бытырап көшіп жүрген Әлім, Алшын, Шөмекей, тағы басқа руларынан ауыл-аймақтары өздері барып қосылып жатқан. Бұл кезде Сейіткұл мен Жалаңтөс хандығының саны 40- 50 мың түтінге жеткен. Сол қазақтардың бір хандық төңірегіне шоғырлануы біріншіден, сыртқы шапқыншылардан сақтану болса, екіншіден, ағайын-туысқанды сағалау еді. Үшіншіден, Сейітқұл би мен Жалаңтөс батырдың ел қорғаудағы, халыққа қамқор болудағы жан-жаққа таралып жатқан атақ-даңқы себеп болады

Жалаңтөс баһадүр.
3. Меруерт:
Бір жолы мынадай оқиға болыпты: Көктемнің аласапыран қауырт тіршілік кезінде Жалаңтөс баһадүрді іздеп бір топ аттылы оның ордасына барып түсіпті. Сұрастыра келсе, Шөмекей биі Айтқұл бастаған адамдар екен. Ағайын туыстар өзара шұрқырасып табысып жатады. Қазірде "Бұхара облысының Тамды ауданында түбі Шөмекейге жататын Кедей деген ру бар. Кедей - тарихи адам. XVIII ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген Әбілқайыр ханның басты билерінің бірі. Әбілқайыр өлген соң орнына Нұралыны хан сайлауға қатысып, оны бекіту туралы орыс өкіметіне өтініш жасайтын білікті адамдар арасында оның да аты аталады. Кедей және оның баласы Қосқұлақтың аттары "ХУН-ХУШ ғасырлардағы орыс-қазақ қатынастары" жинағында жиі кездеседі. Осы Кедейдің әкесі - Жәнібек, оның әкесі - Айтқұл би. Ұрпақтарының айтуы бойынша, Айтқұл би Бұхар, Нұрата тауларында көшіп жүріпті. Соңғы уақытқа дейін Нұратаға жақын Қызылқұмда оның атымен аталған қыстау орны бар. Қазақ шежіресі бойынша Әлім мен Шөмен (Шөмекей деп те айтылады)
- бір туысқан. Жалаңтөс батыр Әлімге алты атадан (Әлім - Төртқара - Ораз
- Тоқпан - Сейітқұл - Жалаңтөс), сол сияқты Айтқұл би де Шөменге алты атадан) - Шөмен - Шөмекей –

Аспан – Есімбет -Төбет - Айтқұл) қосылады. Демек, Жалаңтөс батыр - Шөмекей руының атақты Айтқұл, биімен тұстас және қоныстас. Ендеше, Жалаңтөс батырға қараған қазақ қауымының бір тобы Шөмекей руынан болғаны. Мұны толықтыра түсетін тары бір дәлел: Бұхара облысының Ғиждуған ауданында бірнеше қышлақ болып отырған, өзінің түбі қазақтың Шөмекей руының Балқы тайпасы, Темір аталығынанбыз дейтін өзбектер бар. Олар Қазан төңкерісіне дейін казіргі Тамды ауданында тұратын Балқы тайпасына жататын қазақтармен ағайыншылық қарым-қатынас жасап келген. Негізгі ұрпағы өзбек арасында қалған осы Темір Балқы да Шөменге бес ата (Шөмен
- Шөмекей - Бозғыл - Салқы - Темір). Яғни Жалаңтөс дәуірінің ізі жөне осы дәуірде өзбек пен қазақтың бірсыпыра уақыт қоныстас болуының нәтижесі".

Жалаңтөс батырдың немере інісі Әйтеке бидің ақ батасын алуы
4. Жолдас:
Жалаңтөс батыр талай-талай соғыс, шайқастарды басынан өткереді. Соның бәрінде ол асқан батыр, қолбасшы екенін танытады. Сол дәуірдегі ең жоғарғы лауазым - Аталық баһадүр қолбасшы деп ел жұрт атап кетеді. 1640 жылы қазақ пен өзбек жеріне шабуыл жасаған қалмақ ханы Батырға қарсы соғыста Жалаңтөс баһадүр әскерге қолбасшылық етіп, жауды күйрете жеңген. 1643 жылы Жетісу өлкесіне басып кірген қалмақ-жоңғар феодалдарына қарсы шайқасып жатқан Жәңгір ханның әскеріне Жалаңтөс батыр бастаған Самарханнан 20 мың қол көмекке келген. Басқыншыларды ойсырата жеңуге жәрдемдескен. 1649 жылы Бұхар ханы Абдуләзиз бен Иран патшалығы арасында Хорасан мен Балх үшін болған соғыста Жалаңтөс батыр әскерге шебер басшылық етіп, жауды жеңіп шыққан. Бұл соғыста Бұхар мен Қазақ хандықтары ортақ жауға қарсы одақ құрған.

Жалаңтөс батыр

5. Ержан:
Хорасан Балх шаһарларындагы сол соғыста Жалаңтөс ерлікпен коса әртүрлі айла-тәсілдер де қолданады. "Кімде-кім оқ атпай, қылыш, найза кезенбей өз еркімен қолға түссе, оған жаза қолданбаймын. Жер беремін, үйлі-жайлы болуына жағдай жасаймын. Сарбаз бола ма, сарайда жұмыс істей ме, егіс еге ме өздерінің калағанын беремін" деп барлаушыларды үстін-үстін жібереді. Осындай қантөгіссіз әрекеттердің арқасында Иран, Хорасан жағының жоқ-жұқана, кедей-кембағал сарбаздары лек-легімен Жалаңтөс колына қосылып жатады. ..."Тарихи Қыпшақи" атты еңбектің авторы Хожамкүли-бек Балхидің жазуына қарағанда, қазақ ханы Жәңгір осы шайқасқа жүз мың әскерімен қатысқан. Жалаңтөс батыр Ташкент пен Түркістанға үш рет жорық жасаған. Кабул мен Мешхедті бағындырған. Ерлігімен соғыс өнерін жақсы білетіндігімен данқы жайылған талантты қолбасшыға Үндістаннан» Хорезмнен, қырғыз, қалмақ, казак, қашқар хандарынан, тіпті Тибеттең де кымбат тартулар келіп түрған" Жалаңтөс батыр мен Бұхар ханы Абдуләзиз қасында өзбек, қазақ жігіттері бар Алшынбек бимен Жайкүн өзенінен өтіп Гератқа жетеді. Ертеңіне олар Шығанақ көлі жанындағы шағын қалаға тоқтап тыныс алады. Көп кешікпей-ақ ол елдің патшалығының әскерімен Фатхабадта кездеседі. Бұл қыстақ шаһарға жеті шақырымдай жерде болатын.
________________________________________

Келесі күні түнделетіп барлаушылар шығады. Ертеңіне таң атқаннан күн батқанша соғысады. Соғыс екі айға созылады. Талай қақтығыс, шайқастар болады. Талай жігіттер батырларша шайқасады. Шейіт болғандар да аз болған. Осы соғыста Жалаңтөс батыр ерекше ерлік жасап, әскерін шебер басқарады. Академик М. Е. Массонның айтуынша, жеңімпаз Жалаңтөс батырға сырттан келген сый-сияпаттардың мөлшері мемлекетке түскен қазына байлығынан асып түскен. Ол осы қаражат байлыққа әскер ұстаумен катар, сөулетті сарайлар, медреселер тұрғызған. Регистан орталығына атақты "Шіфдор", ("Арыстанды"), "Тіллә-кари" ("Алтынмен апталған") медреселерін салдырған. Сөйтіп, Жалаңтөс қолбасшы Самарқан шаһарын оның атырабын кырық жыл билеген. Өзбек, қазақтар "өзіміздің қамқор баһадүрымыз" деп құрмет көрсеткен. Ресей тарихшысы П.Иванов өзінің "Орта Азия тарихының очерктері" деген кітабында: "Абдулазиз ханның аталығы Ялантуш би XVII ғасырда Ұлы Моғолдарға (Индия) қарасты болған Кабул каласының төңірегіне және Иранның Хорасан аймағына жойқын шабуылдар жасады. Көптеген тұтқындар алып қайтты. Оның өзінің иелігінде 3000-дай құл болды. Сол құлдардың күшімен Самарқандта медреселер тұрғызды", - деп жазды. Оған Жалаңтөстің сол жорықтары негізінен әлгіде аталған Хожамқүлибек Балхидың 1722-1725 жылдар арасында жазған "Тарихи Кыпшақи" деп аталатын еңбегінде де баяндалған. Надримүхаммед ханға наразы болған өзбек феодалдары оны хандықтан түсіріп, оның орнына 1645 жылы оның үлкен ұлы Абдулазизді хан кояды.

6. Айдана:
Ұлы моғолдарға қарсы күресуге өз күші жетпейтінін түсінген Абдуләзиз хан және басқа да өзбек шонжарлары Ташкент, Самарқанд айналасындағы қазақ сұлтандарынан көмек сұрайды. Ақырында бір лек (100 мың) қазақ жасағымен толықтырылған үлкен қолмен Абдуләзиз хан мен Жалаңтөс батыр жорыққа шығып, ұлы Моғолдар әскерін қырғынға ұшыратып қуады. Көп тұтқын және олжа қолға түседі. Міне, осы жорықта Жалаңтөс батырдың қолбасшылық қабілеті, ерлігі айрықша көзге түседі."Жалаңтөс Қоқанға барып ханын тақтан түсіріп, Ақша деген ағасын хан қойыпты" деген де сөз бар. Өзбек тарихшысы Абдураимов өзінің 1966 жылы баспадан шыққан "Бұқара хандығындағы аграрлық қатынастар тарихы" деген кітабының 117 бетінде Надримұхаммед ханға наразы болған өзбек феодалдары бір қазақ сұлтанын Ходжентте хан деп жариялады деген мәлімет келтірген. Бұл адам сол кезде Бұхара хандығына белгілі, беделді әскербасы Самарқанд аймағының билеушісі Жалаңтөс батырдың туған атасы Ақша болуы да ғажап емес.

Қорытынды.
Жалаңтөс баһадур 1656 жылы 80 жасында дүниеден қайтқан. Денесі Самарқанға жақын Дағбид қыстағына өзі пір тұтқан Мақтым Ағзам әулие бейітінің қасына жерленген. Жалаңтөс баһадүрдің әскери қолбасшылық қызметі, ұзақ жылдар Самарқанды билеген кездегі ақыл, нақыл, билік сөздері қазақ арасында көп тарала қоймаған. Ал, Өзбекстан тарихы мен әдебиетінде жиі кездесіп отырады. Өзбек Кеңес энциклопедиясы мен Өзбекстан тарихында оның әскери қолбасшылық қызметі мен билік жүргізген кездегі ғұмырнамасы жан-жақты жазылған. Бұл жағынан өзбек ағайындарға мың да бір рахмет. Енді біз Жалаңтөс би жөнінде зерттеулер жүргізіп, өзбек, орыс тілінде жарық көрген сол еңбектерді ана тілімізге тәржімалап халық көдесіне асыруымыз керек.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: бахадүр, өркениетінің, перзенті-Жалаңтөс, Тұран, Ұлы
Просмотров: 278 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 4.0/1
Всего комментариев: 0
avatar