«Тәрбие басы – толерантты орта құру» - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

«Тәрбие басы – толерантты орта құру»
24.09.2015, 15:35
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,
Т. Жармағамбетов атындағы орта мектебінің логопеді
Уркинбаева Гулнур

Тәрбие басы – толерантты орта құру

Адам әлемі таусылмас ақпараттар алмасуы, адамдардың бір - бірімен қарым – қатынасы мен тілтабысуы. 19 ғасырдың неміс философы Артур Шопенгауердің тұжырымдауынша, білімнің ең биік көрсеткіші – тәрбие боп табылады. Педагог қандай ұрпақты тәрбиелеу керек? Толық интеллигентті тұлғаны ма, әлде бітіспес сарбазды ма? Бұл сұрақтар көбіне публицистикалық мақалаларда, ғылыми зерттеулерде, ең бастысы күнбе - күнгі өмірде және білім беру тәжірибелерінде туындап отырады. Қазіргі жаһандану жағдайында өзінің ерекшеліктерін сезіне отырып, басқалармен тең дәрежеде, сыйластықта өмір сүре алатын тұлға тәрбиелеу өзекті мәселелердің бірі. Бұл істе жетістікке жету үшін ең алдымен педагогикалық процестің жетекші субъектісі – педагог - тәрбиеші даярлауға жаңа көзқараспен қарау, оның толеранттылығын қалыптастыру қажет. Толеранттылықтың негізі - өзінің «басқаға, бөтенге» қатынасын бақылау болып табылады. Бұл күнделікті кездесетін, тұрмыстық деңгейден бастап кәсіби қарым - қатынас жасауға дейінгі аралықты қамтитын мәселе болып саналады. «Толеранттылық» терминін саралау барысында ғалымдар арасында елеулі қайшылықтар туындайды. Жалпы толеранттылықтың мәні неде? Оның шекаралары қандай және шегі бар ма? Міне, осы сұрақтарға философия, педагогика, психология, әлеуметтану, т. б. гуманитарлық ғылымдар өкілдері жауап іздеп келеді. «Толеранттылық» терминіне шет тілдері сөздігінде екі мағынада түсініктеме беріледі: 1) бір нәрсеге, біреуге төзімділік, төзу, шыдау; 2) биологиялық, медициналық тұрғыда – иммундық реакцияның жартылай немесе толықтай болмауы, яғни ағзаның ауруға қарсы тұратын антиденелер шығару қабілетінің төмендеуі.

Нейропсихологияда бала бойындағы иммундық реакцияның төмендеуінің себебін жағымды жылы сөздердің жетіспеушілігінен болатындығын тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Ал педагогикалық сөздіктерде бұл ұғымға «қайсыбір жағымсыз факторға жауап әрекеттің болмауы не бәсеңсуі; оның әсеріне сезгіштіктің төмендеуінің нәтижесі» деген анықтама беріледі.

Біраз жағдайда оны тікелей «төзімділік» сөзімен байланыстырады. Қазақ тілінде «төзім» сөзі «шыдам», «сабыр», «тағат» мағынасында да қолданылады. Яғни, «төзімді болу» - басқаға, оның ісіне, құбылыстарға шексіз төзу, шыдауды білдіреді.

Толеранттылық ұғымына педагогика ғылымы тұрғысынан түсініктеме беруге әсіресе соңғы онжылдықта Г. Д. Дмитриев, А. В. Логинов, А. С. Меньшиков, В. В. Самсонов, М. Б. Хомяков, Дж. Грей, Б. Берри, М. Мараверс, М. Уолцер, т. б. тарапынан үлкен қадамдар жасалды. Дегенмен, философиялық, психологиялық жағынан бұл құбылысты зерттеудің ертеректе басталғанын атап өтпей болмайды. Оның үстіне бұл термин қазіргі мағынасында батыста ертерек қолданыла бастады, оның себебін демократиялық үрдістердің онда бұрын жүргенінен көруге болады. Мәселен, толеранттылықтың шығу тегі жөнінде қалыптасқан дәстүрлі теория оның алғаш пайдаланылуын Дж. Локктың «Діни төзімділік туралы жолдау», Дж. Ст. Миллдің «Бостандық туралы» трактаттары арқылы Дж. Ролстың «Әділдік теориясы», «Саяси либерализм» еңбектеріне телінеді

Толеранттылық ұғымы латын тілінен аударғанда – шыдамдылық. Яғни өзгелердің дүниетанымы мен өмір сүру салттарына, тәртіпке төзімділікпен қарау. Әлеуметтік толеранттылық өзгелердің көзқарасына түсінушілікпен қарап, өзгелерді, олардың мәдениетін сыйлауды білдіреді. Толеранттық қатынас адамның құқықтарын, еркіндікті және қауіпсіздікті қамсыздандыратын әлеуметтік құндылық боп табылады. Педагогикалық лексионға толеранттылық ұғымы бертін келе ене бастады. Өйткені қазіргі таңда отбасы аралық, ұлтаралық, халықаралық келісім осы ұғымға тікелей қатысты боп отыр. Ал толеранттылықты ұрпақ бойына сіңіру – тәрбиенің еншісінде.

Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақталған ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым – қатынасын, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру. Отбасы – бала өміріндегі ең басты тәрбие көзі. Ата – ананың ең сындарлы қоғамдық қызметі – перзенттерін қалай тәрбиелеп жетілдірумен өлшенбек. Ал баланың жас ерекшелігі, әр жасқа тән болатын дағдарыстың себептері туралы түсіндіріп, олардан баланы қиындықсыз алып шығуға көмек көрсетуде ата – анаға көмекке келетін – мұғалім. Сол себептен ата – ана мен мұғалімдер бала тәрбиелеуде бірлесіп жұмыс тар атқаруы тиіс. Әдептілік, имандылық, иейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыз осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл - парасатына азық ете білу үшін, әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын, сан ғасырларда қалыптасқан салт - дәстүрлерді, әдет - ғұрыптарды жан - жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт. Ол рухани адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алғаны жөн. Сонда ғана өзінің міндетін айқын сезіне білетін, мінез құлқы жетілген саналы адам қалыптасады. Бұл мақсатқа нағыз мұғалімдердің қатысуымен ғана қол жеткізуге болады. Балаларды сүйетін және өзінің ісіне берілген мұғалім ғана мейірбан адамның қалыптасуына баға жетпес көмек көрсетуге қабілетті. 16 ғасырдағы чех педагогі Ян Амос Коменский балаларға тәлім – тәрбие беріп ұстаздық көрсететін мұғалімді өте жоғары бағалады: «Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Оларға тамаша қызмет тапсырылған, күн астында олардан жоғары ешнәрсе болмақ емес». Алайда соңғы кезде үлкен мен баланың қарым - қатынасы, мұғалімнің оқушыға деген қарым - қатынасы үнемі байланыспай келгені ешкімге де құпия емес. Балалардың өзінің мұғаліміне деген жақсы көрушіліктен барынша шалғай жатқан қорқыныш, жек - көру, сыйламау сияқты сезімдерді бастан кешіретіні жиі кездеседі. Мұның себебі, мұғалім мен оқушылардың жеке бастарының сапасы мен оқу әдістерінің сапасына байланысты болуы мүмкін. Көптеген ата – ана соңғы кезде оқушыларды кеңес дәуіріндегі оқушылармен салыстыратын болды. «Бұрын қазіргідей жағдайлар болмайтын еді. Оқушылар үлкендерге қарсы келмейтін, бір – бірлерін кемсітпейтін. Қазіргі мектептегі тәртіп бұзушылық қорқытады»,- дегендей пікірлер көп айтылатын болды. Рас, әлеуметтік ортадағы жағдайлар мектепке елеулі әсерін тигізуде. Бірақ, мектеп қоғамдағы келеңсіз жағдайлардың алдын - алуда орасан зор рөл атқарады.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: құру», басы, орта, толерантты, «Тәрбие
Просмотров: 337 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar