Тәрбие әлеміне саяхат - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Тәрбие әлеміне саяхат
24.09.2015, 10:06
Тақырыбы: Тәрбие әлеміне саяхат
Мақсаты: Оқушыларды кез - келген ортада өзін тәртіпті, мәдениетті, әдепті, үлгілі болуға үйрету.
Дамытушылығы: Оқушының ізденген, үйренген ұғымын әрі қарай жалғастырып, өз бетінше жұмыс жасай білуге үйрету.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, дискеттер, суреттер, өнегелі сөздер жазылған плакаттар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Жаңа сабақ.
1. Балалар бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз сіздерді мәдениетті, үлгілі болып, кез - келген ортада өзін ұстай алатын азамат етіп шығаруға тәрбиелейді деп сенемін. Тілімізде орыс тіліне енген, «этикет» деген сөз бар. Ол адамның мінез - құлық ерекшелігі, өзін - өзі ұстай білуі деп білеміз. Ал, «этика» сөзіне келсек ол, әдептілік, мәдениеттілік, үлкенмен, кішімен дұрыс сөйлесе білу, кез - келген ортада өзіңнің адамгершілік қасиетіңді көрсету.
Осы кезге дейін сіздер жақсы мен жаманды, сөйлесуді біліп, ұғып келе жатыр деп ойлаймын.
Біз бүгінгі сабағымызда әдептіліктің қыр - сырын білу үшін «ТАБАЛДЫРЫҚ», «ӘУДЕМ ЖЕР», «ӘДЕП ӘЛЕМІ», « ТӘРБИЕ ТАУЫ» атты белестерден өтуіміз керек, ол үшін мына сұрақтарға жауап берейік.

Сұрақтар: 1. Әдептілікке жатпайтын нәрселер деп нені айтамыз.
2. Сіз біреумен сөзге келдіңіз, ол сізге әдепсіз, көргенсіз, оңбаған деген сияқты сөздер айтты, оған қандай жауап қайтарар едіңіз?
3. Өзіңізден кішілер сізден кеткен қателікті есіңізге салып отыр, сіз қандай ойда қалар едің?
4. Сіз ойламаған жерден тәрбиесі аздау ортаға түстің? Саған күлді, ренжітті, ақшаңа, заттарыңа қол сала бастады. Сен не істер едің, өзіңнің ықпалыңа қалай тәрбиелейсің?
Оқушылар өз беттерінше тапсырмаларға жауап берді.

Мұғалім: Рахмет балалар, енді әдептілік жайында не біледі екенбіз, тапсырмалармен жұмыс.
2. Мағынаны тану. Әсемхан, Айгүл, Асан, Дәуренбек, Сымбат тақырыпқа байланысты ойларын ортаға салды.
3. Ән. «Анашым» орындайтын Кеңесова Гүлзат.
4. Әдептілікке байланысты мақал - мәтелдер жинап, оның мағынасын түсіндіруге ортаға Жазира мен Гүлзираны шақырайық.
5. Тақырыпты түсініп, оны игеруге берген « Антыңа адал бол» көрінісі.
Көріністі талдау
6. «Ұстазым» әні орындайтын Есенжанова Сымбат.

Мұғалім: Ал балалар, Біздің бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз аяқталуға жақын қалды. Бүгінгі айтылған нәрселерден өздеріңізге керектіні алып, өмірде пайдаланыңыздар. Алдағы уақытта жақсылармен де, жамандармен де, үлкенмен де, кішімен де кездесесіздер, өздеріңізді үлгілі ұсай алады деп сенемін. «Айналайын» деген қазақта сөз бар. Жүрген жерлеріңізде сол сөзді естіп, сол сөзді дос етіңіздер. Бұл сөзді естіген адам ешқашан жаман болмайды. Сондықтан сол сөз бүгіннен бастап сіздерге жолдас болсын « Айналайын» әнін тыңдаңыздар.

7. Сонымен бүгінгі « Тәрбие әлеміне саяхат» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.

8. Үйге тапсырма: Тақырып бойынша алған білімдеріңді жинақтап, шығарма жазып келесіздер, Әдептілік, сыйластыққа байланысты материалдар жинайсыздар.
Келесі тақырып: « Қызым, саған айтам»! Сау болыңыздар, сабағымыз аяқталды.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: саяхат, әлеміне, тәрбие
Просмотров: 132 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar