Төрт түлік мал – ел байлығы - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Төрт түлік мал – ел байлығы
24.09.2015, 10:01
Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік мал – ел байлығы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға төрт түлік малдың пайдасы, адамзат
өміріндегі маңызы туралы айтып ұғындыру. Олардан алынатын өнімдерге тоқталып ұғындыру. Оқушыларды қазақтың ұлттық салт - дәстүрін сақтауға, ана тілін сүюге, құрметтеуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Сөздік қорын молайтып, тілін ширату, ойлау белсенділігін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Төрт түлік мал бейнеленген суреттер, буклеттер, төрт
түлікке арналған мақал - мәтелдер мен тыйым сөздер

Сабақтың жүрісі: Ұйымдастыру.
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар. «Төрт түлік мал – ел байлығы» тақырыбындағы тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Кіріспе сөз: «Елдің көркі - мал» деген сөзден - ақ қазақ халқы өмірде малдың алатын орны ерекше екендігін ұғынып білуге болады. Қазақ халқы ежелден - ақ мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бойынша олар малдың өрісін, тіршілік ету сырын, қадір қасиетін әбден зерттеп білген. Оның өнімдерін тіршілік құралы етіп пайдаланып, малдың еті, сүті, терісі, тіпті мүйізі мен сүйегіне дейін өз қажетіне жаратып отырған. Мал шаруашылығы біздің еліміз үшін қазіргі таңда да маңызды сала болып қала бермек. Еліміздің түпкір - түпкірінде мал шаруашылығымен айналысатын көптеген шаруа қожалықтары бар. Сондықтан біз ұлтымыздың қасиетті төрт түлікке қатысты ұғымдары мен бай тәжірибесін ұмытпай, күнделікті тіршілігімізде пайдалана ала білуіміз керек.

Ендеше, біз бүгінгі сабағымызды осы төрт түлік малға қатысты өткізгелі отырмыз. Олай болса сабағымызды сайыс түрінде бастаймыз. Оқушыларды алдын - ала төрт топқа бөлгенбіз. Осы төрт топ өз топтары үшін өнер додасына түседі. Ендеше, топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың жоспарымен танысып өтейік. Сайыс жеті бөлімнен тұрады:

Жоспар: І. «Сөз атасы - сәлем» (әр топ өзін таныстырады)
ІІ. «Білгенге маржан» (топ жетекшілері сайысы)
ІІІ. «Өнер алды - бірлік» (әр топ өз өнерлерін ортаға салады)
IV. «Кім жылдам?» (Сурет құрастыру)
V. «Ойнайық та ойлайық» (Жұмбақ шешу)
VI. «Мақал – сөздің мәйегі» (Мақал - мәтел айту сайысы)
VII. «Әділ қазылар мүшелерінің қорытынды сөзі»
Әділ қазылар алқасын сайлау:
--------------------------------------
Әр бір дұрыс жауап 5 балдық жүйемен бағаланады.

Сонымен, сайысымыздың алғашқы бөліміне кезек берсек.
І. «Сөз атасы - сәлем» Әр топ өзін таныстырып, ұранын айтады.
І - топ: «Мә - мә» деген әні бар,
Жібек тоны – сәні бар.
Қошақаным момақан
Сүйкімді бір жануар.
Біз «Қошақандар» тобымыз
Ұранымыз: «Қошақанбыз момақан,
Жарысқа бүгін жол ашқан».

ІІ - топ: «Мө - мө» деген әні бар,
Үй маңынан табылар.
Мөңіреген бұзауым
Маған үйір жануар.
Біз «Торпақтар» тобымыз
Ұранымыз: «Торпақтармыз томпиған,
Жарысқа түссе қомпиған».

ІІІ - топ: «Мөө - мөө» деген әні бар,
Енесін тез сағынар.
Жібек жүнді ботақан
Мөлдір көзді жануар.
Біз «Ботақандар» тобымыз
Ұранымыз: «Ботақанбыз маң басқан,
Жүлдеге бүгін таласқан».

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ел, төрт, байлығы, мал, түлік
Просмотров: 242 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar