Тәртіп - тәрбие бастауы, Тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Тәртіп - тәрбие бастауы, Тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы
24.09.2015, 12:24
Мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, әдептілікке, сыпайылыққа баулу, көпшілік орындарда өзін - өзі ұстай білуге дағдыландыру.
Міндеттері: - өзара сыйластық қарым - қатынастарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;
- жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- жақсылыққа, имандылыққа, адамгершілікке, шыншылдыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап, ізденушілік жұмыс, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Түрі: Саяхат сабақ
Көрнекілігі: медиапроектор, слайдтар, қанатты сөздер, үнтаспа

Семинар сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
І. Ауылдарға саяхат.«Әдептілер»«Тәртіптілер» «Мәдениеттілер»
ІІ. Ескірмейтін есті сөз (ұлылардың сөздері)
ІІІ. Жалғасын тап ( Мақалдардың жалғасын табу)
IV. Шығармашылық жұмыс.(Әдепті бала – арлы бала)
V. Хаттар сырына үңілейік.

Сабақтың эпиграфы:
«Адамның бойындағының бәрі: келбеті де, киімі де, жан - дүниесі де, ойы да әдемі болуға тиіс... Мен көркі мен киіміне қарасам, көз сүйсіндіріп, бас айналдыратын адамдарды жиі көремін, ал жан - дүниесіне үңілсек – құдай сақтасын! Әп - әдемі сыртқы қабықтың ішіндегі жанның қап - қара
болатыны сонша, оны ештеңемен жуып кетіре алмайсың». (Чехов А. П.)

Мұғалім:
- Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, оқушылар

Кіріспе сөз. Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс - әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген.
Әдептілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. Адамгершілік қасиеттер өз бойындағы жақсы мінез - құлық, жақсы әдет, жақсы әдептен құралады. Ол ананың ақ сүтімен, әкенің үлгі - өнегесімен, ата - әжеңнің берер үлкендік, ақсақалдық тәрбиелерімен бойыңа сіңеді. Мектепте ұстаздар өмірдегі жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдықтың айырмасын танып білуге көмектеседі, өмірде дұрыс бағыт таңдай білуге үйретеді.

Оны саралап, таңдап, бағалап, байыптап, өзіңе керегін ала білу, жақсылыққа үйреніп, жамандықтан жирену өзіңе байланысты. Жақсы адам боламын, өмірде мақсатыма жетемін десең бойыңдағы қасиеттерді ізгілендіріп, адамгершілікке ұмтылған жөн.

Адамның бойынан әдептілік, сыпайылық, ізеттілік қасиеттер табылса, әрине, адам сымбатты, парасатты көрінеді.
Мұғалім: - Қане, балалар, ұлы данамыз Әл - Фараби тәрбие туралы қандай өсиет айтқан екен?
Шолпан: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»
Мұғалім: - Иә, балалар, адамға берілген тәрбиенің нәтижесі – тәртіп болса, бүгінгі тәрбие сағатымыздың да тақырыбы «Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы» деп аталады.
Біз тәрбие сағаттарымызды тәрбиенің 12 бағыты бойынша өтіп жатырмыз. Айтыңдаршы, қандай бағыттармен жұмыс жасап жатырмыз?
Оқушылар:
І. Азаматтық – патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
ІІ. Рухани – адамгершілік тәрбиесі
ІІІ. Отбасы тәрбиесі
IV. Өзін – өзі тану мен өзін – өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру
V. Әлеуметтік – мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру
VI. Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру

Мұғалім:
- Балалар, коммуникативті мәдениетті қалыптастыру бағытын қалай түсінеміз? Тәрбиенің қандай тұстарын анықтайды?
Назиғат: - Тәртіп қағидасын анықтайды.
Шолпан: - Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсетуді дәріптейді. Әдепті болуға, ізетті, кішіпейіл болуға негіздейді.
Еркебұлан: - Сабақтан тыс уақытта көпшілік орындарда өзін - өзі ұстай білуге дағдыландырады. Адамдармен қарым - қатынас жасауды үйретеді.
Мұғалім: - Сонымен, балалар, бұл бағыттың мақсаты қандай?
Мақсаты: Оқушылар мен жастардың бойында жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру арқылы жасампаздық әлеуметін ашу, рухани адамгершілікке тәрбиелеу.
Міне, балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың қай бағытта, нені үйрететінін де білдік. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың түрі - саяхат сабағы. Ендеше, мына тақтада көрсетілген карта бойынша ауылдарды аралап саяхатқа шығайық.

І кезең: Ауылдарға саяхат
Оқушы: - Құрметті оқушылар! Біздің отарба «Әдептілер» ауылына келіп тоқтады. Тұру уақыты: 5 минут. Кешігіп қалушы болмаңыздар!
- Ал, балалар, «Әдептілер» ауылында біз қандай қызықтарға тап болар екенбіз.
Шолпан: Әдептілік дегеніміз - адамдардың өзара жақсы қарым - қатынасының, жүріс - тұрысының ережесі.
Маржан: Адам болатын бала – барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысу керек. Иманды адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.
Қажымұқан: Әдептілік дегеніміз - әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір - бірімізге кешірімді болуымыз керек, ол да - әдептілік.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: тәртіпсіздік, өміріңнің, бастауы, тәртіп, жауы, тәрбие, қас
Просмотров: 261 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar