Тәуелсіз елдің ұланымыз - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Тәуелсіз елдің ұланымыз
[ · Скачать удаленно () ] 24.09.2015, 16:04
Мақсаты: «Отан», «Тәуелсіздік» туралы түсініктерін кеңейту; «Туған жер», «Рәміздердің» қасиетті екенін ұғындыру, оқушыларды ұлтжандылыққа, ата-мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, оларды қастерлеуге, Отанын сүюге, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Тәуелсіз елдің ұланымыз» презентациясы, «Көк тудың желбірегені», «Қазақстан бақытты» әндерінің видеосы, суретті плакаттар (рәміздер, елбасы суреттері),
мақал - мәтелдер, т.б.
Барысы: Әнұранмен тәрбие сағатымызды ашу.
«Көк тудың желбірегені» әнімен (видеосын тамашалау) ашу. Ол өлеңнің мазмұнын талдау. Әр оқушыға біздің туымыздың көкке көтеріліп желбіреуінің маңызын ұғындыру.
Айғаным:
Туған жерім, байтақ менің мекенім,
Сенен ұқтым кеңдіктің не екенін.
Қазақстан деген атты ардақтап,
Мәңгі бақи басымды иіп өтемін.
Әмина:
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Аружан:
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.

- Балалар, біз қай елде тұрып жатырмыз?

Айғаным:
*Менің туып - өскен жеріміз – Қазақстан Республикасы. Ол көне замандардан басталатын тарихы бар, аса бай ел. Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел – қазақ халқы. Қазақ халқы – ер жүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық.
Аружан:
*Қазір Қазақстанда ынтымағы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналады. Қазақстанда өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйеді, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтан тұтады.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр (ҚР - ның физикалық картасынан көрсету)

- Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.

- Талай ғасырлар бойы ата - бабаларымыз осындай еліміздегі еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Тәуелсіздік жолында талай жандар құрбан болып, елім деп еңіреп өткені белгілі. Талай кезең қиын - қыстау, қуғын - сүргінді басынан кешті. Олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт - бағдарын ұстанған, өркениетті елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев:
«Біз Қазақстанның тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін біліп оны қадірлеуіміз керек. Әрбір Қазақстанның азаматы Елтаңбаны, Әнұранды, Туды қастерлеуі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға міндетті»- деген. Сондықтан, балалар, осы үлкен жауапкершілікпен орындауларың керек

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Тәуелсіз, Ұланымыз, елдің
Просмотров: 744 | Загрузок: 122 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar