Тәуелсіз елдің татулығы жарсақан сыныбы - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Тәуелсіз елдің татулығы жарсақан сыныбы
24.09.2015, 13:01
Шығыс Қазақстан облысы
Зырян қаласы, "№ 9 орта мектеп" КММ
Матаева Аглиман Бултукановна

Тақырыбы: Тәуелсіз елдің татулығы жарасқан сыныбы...
Сабақ мақсаты:
1. Оқушылардың татулық туралы мағлұматтарын кеңейте түсу. Өз Отандарын көркейтуге, өз үлестерін қосуға баулу.
2. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымдарын кеңейту.
3. Адамгершілік, патриоттық тәрбиесі.
Құралдар: Қанатты сөздер, көркем әдебиеттер, интерактивті тақта, слайд
«Бар жетістігіміз Қазақстанның Тәуелсіздігі күні» мерекесі.

Сабақтың өтілу барысы:
1) Мұғалімнің кіріспе сөзі
- Балалар, біздің туып-өскен жеріміз – Қазақстан Республикасы.
- «Ата бабам тарихы - менің тарихым» демекші, ел басынан қандай ауыр кезеңдер өтті? Оқушылар білгендерін ортаға салады.
Көптеген ғасырлар бойы ел басқаруға дана басшыларымыз кең – байтақ жерімізді сырттан төнген қауіп – қатерден қорғап келеді. Жер бетінде азаттықтан асқан бақыт та , байлық та жоқ. Қазақ халқы – ер жүрек, достыққа адал, бауырмал , қонақжай халық. Қазақстанда ынтымағы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан бүгінде дүниежүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды.
Олай болса, мына сұрақтарға жауап беріңдерші.
- Тәуелсіздік деген ұғымды қалай түсінесіңдер? Күтілетін жауаптар:
*Азат
*Еркін
*Біреуге тәуелді емес
*Тәуелсіздік
*Өз жері бар
*Елбасы бар
*Мемлекеттік нышандары бар
*Жерінің байлығын өзі пайдаланады
Енді осы Тәуелсіздік қазақ халқына қандай қиындықпен келгеніне көз жеткізу үшін келесі мәліметтерге құлақ түрелік:

1- оқушы: - Тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған - 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасы» қазақ халқын дүние жүзіне танытты. Желтоқсан көтерілісіне қатысқан 99 адам сотталды. Оның ішінде Қазақ КСР Жоғарғы Соты - 11 адамды, Алматы Қалалық Соты - 59 адамды жазаға тартып, 2 адам ату жазасына кесілді. 83 адам 1 жарым жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылды. 1990- жылдың 1- қыркүйегіне дейін 46 адам ақталды.

2- оқушы: - Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан бұл көтерілістің алғашқы құрбандарының бірі- Қайрат Рысқұлбеков. Еврей де, орыс та, ұйғыр да, әйтеуір қолы жеткеннің бәрі бишігін ұшырып келіп, басынан құс ұшырмаған қазақ елінің 21- басшысының зобалаңына ұшырап, 21 жасқа қараған шағында тұтқындалып, 21 күн сот алдында нақақтан шырылдап, Семей түрмесінің 21-ші камерасында 21-ші мамыр күні қапылыста дүниеден өткен Қайрат өзінің ақтық сөзін айтып, жастарды қайсарлыққа шақырған:

3- оқушы: - Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
«Еркек тоқты - құрбандық»,
Атам десең, атыңдар!

4- оқушы: Желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың қайсар ұлы Қайрат Рысқұлбеков халқымыздың ұлттық батыры ретінде өз есімін ел жадында мәңгілік жазып кетті.

5- оқушы: Он екіде бір гүлі ашылмай кеткен Асанова Л, Сыпатайұлы Е, Мұхамеджанова Сәбираның, Ноғайбайұлы Қайраттың аңсаған армандары мен үміт – тілектері бұл күнде толығымен жүзеге асты. Қазақ елі өз Тәуелсіздігін алды! Қасиетті көк Туымыз асқақ желбіреп тұр.
Сұрақ:1. - Сендер өздеріңді бақыттымыз деп санайсыңдар ма?
Оқушылар үшін Бақыт дегеніміз не? Күтілетін жауаптар төмендегідей:
- Білім алатын мектебіміз бар.
- Мектебіміз жаңа заманға сай.
- Компьютер бар мектепте. Интернет желісімен байланыс орнатылған.
- Ата-анамыз қасымызда.
- Туған-туыстарымыз қасымызда.
- Елімізде бейбітшілік орнаған.
- Денсаулығымыз мықты.
Ән: «Бала тілегі».

2) Сендер осы бақытты заманның бақытты ұланысыңдар. Сендердің сыныптардың қандай болғанын қалайсыңдар?
Оқушылар өз ойларын кестеге түсіреді?
*Білімді
*Тату
*Әдепті
*Тәртіпті
*Өнерлі

Өлең: «Біздің сынып»(Аманжол Шамкенов)
Жұп жазбастан жүреміз,
Біздің сынып мақтаулы.
Өйткені біз сүйеміз
Дәйім тәртіп сақтауды.
Біздің сынып – мақтаулы.
Оқуда да алдамыз,
Біздің сынып – өнерлі.
Жақсы үйреніп алғанбыз
Талай би мен өлеңді.
Біздің сынып - өнерлі.
Еңбекке де қолы епті,
Ынтымаққа дос ыңғай.
Біздің сынып - әдепті
Біздің сынып осындай.
Біздің сынып осындай.

3) Талдау. «Не істеу керек?»
*Сынып әдепті болу үшін не істеу керек?
Әдептілік деген не?
Әдептілік қайдан басталады?

«Мақал - мәтелдер» сайысы. Әдептілік туралы.
1. Әдепті бала - арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.
2. Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені.
3. Сіз деген – әдеп,
Біз деген – көмек.
4. Жақсылыққа жақсылық - әр адамның ісі,
Жамандыққа жақсылық - ер адамның ісі.
5. Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды.

Сынып білімді болу үшін не істеу керек:
Оқушылар өз ойларын айтады.
С. Шаймерденовтың «Оқығанның көзі ашық»әңгімесі оқып талданады.

- Өнерліміз өрге жүзер өнерде
Білімдіміз ойда оқу біздерде.
Мақсатымыз өнерлі боп жақсы оқу,
Өнер, білім тең таразы біздерге.
Оқушылар өз өнерлерін көрсетеді.
Сынып тәртіпті болу үшін не істеу керек:
- Оқушы ережесі қайталанып еске түсіріледі.

4) Қорытынды бөлім.
Мұғалім:
- Сонымен балалар, сынып сабағында не туралы ой қозғадық?
Оқушылар білгендерін ортаға салады.
Оқушылар:
*Қайғы келсе жеңілмейтін,
*Бақыт келсе семірмейтін,
*Туған елін қадірлейтін.

Хормен:Біз боламыз ел ертеңі.
*Нағыз кәусар оқушы,
*Нағыз қайсар оқушы,
*Нағыз дүлдүл оқушы,
*Нағыз бұлбұл оқушы.
Хормен:Біз мектептің сенгені.
- Біздің сынып ерекше,
Тату – тәтті зерек те,
Аямайды бар күшін
Сізге көмек керек те.
Көп іскер де , шебер де,
Оқу, еңбек, өнер де,
Бағаланған еңбегі,
Біз – мектептің сенгені.

Мұғалім:- Сонымен, балалар, Тәуелсіз еліміз қуатты болу үшін қандай болуымыз керек?
- Білімді.
- Білімді болу үшін не қажет.
- Еңбек ету.
Еңбек сүйсең. ...(Нұрхан Жанаев)
Салақ болсаң жасыңнан,
Жалқау болсаң жасыңнан,
Шыбын кетпес қасыңнан.
Ұйқы қалмас қасыңнан.
Таза болсаң жасыңнан,
Сабын қалмас қасыңнан.
Еңбек сүйсең, табылар
Бар жақсылық басыңнан.
Мұғалім:- Балалар, біз бүгінгі тәрбие сабағымызды аяқтай отырып, аспанымыз ашық, заманымыз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды, сыныбымыз да мықты, айтулы, татулығымыз жарасқан болсын деп тілейміз. Алда келе жатқан Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!
Слайд көрсету.

Хор: «Елім менің»
Мерейім нұрлана бер, азат күнім,
Көрейін бақытымның азаттығын
Таңымды тамылжытқан бостандықтан
Танылды бар әлемге қазақ бүгін,
Құттысың, Тәуелсіздік, киелі күн!
Соңынан оқушылардың салған суреттерінен көрме ұйымдастырылады.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: сыныбы, Тәуелсіз, татулығы, елдің, жарсақан
Просмотров: 173 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar